Өзіңе сенімді болмасаң, спортта ұзақ жүре алмайсың

Өзіңе сенімді болмасаң, спортта ұзақ жүре алмайсың

Қазақстан спортшыла­рынан Лондон Олимпиада­сының лицензиясын қоржынымызға салып берген жерлесіміз – Вя­чес­лав Подлесный. 2010 жыл­дың тамыз айында Гер­манияның Мюнхен қала­сында қола жүлдеге қол жеткізіп, ел қоржыны­на жолдама салғанымен Подлесныйдың Олимпиа­даға бару-бармауы әлі белгісіз. Дегенмен «Алаш айнасына» берген сұхба­тында Вячеслав Лондонға бару үшін қолынан келген­нің барлығын жасайтынын айт­ты.
– Нысана көздеуде лицензия жеке спорт­шыға емес, командаға беріледі, – деп бас­тады сұхбатын Вячеслав Подлесный. — Сон­дықтан «Тұманды Альбионға» мен ба­ра­мын ба, жоқ өзге спортшыға сенім арты­ла ма, оны бапкерлер кеңесі шешеді. Ме­нің мақсатым – тыңғылықты дайын­далу.
– Демек, Лондон Олимпиадасына қатысарыңа еш кепіл бере алмайсың ғой?! Қалай ойлайсыз, сіздіңше жолда­маның жеке спортшыға емес, команда­ға берілуі әділетті ме?
– Қай бапкер болса да, ешқайсысы «Олим­пиадаға барасың» деп кепілдік бере алмайды. Бұл жерде тек өзіңе ғана сенуің керек. Әлбетте, Олимпиада жолдамасын ел қоржынына салып беріп тұрып, сол додадан өзің тыс қалып қойсаң, өкінішті болар еді. Бұған жол бермеуге тырысамын. Ал жолдаманың командаға берілуі бір жағынан әділетті де шығар деп ойлаймын. Өйткені өз арамызда тартыс күшейіп, үздік шығуға тырысасың.
– Ол осынау дүбірлі додаға қатыса­рыңа қаншалықты сенімдісің?
– Өзіңе-өзің сенімді болмасаң, спортта ұзақ жүре алмайсың. Спорттың қай түрінде болмасын, өзіңе-өзің бек сенімді болып, өз­гелерден мықты екеніңді сезіне білуің қажет. Егер өзіңді «мықтымын» деп сендір­сең, онда жеңіс, абырой, атақ-даңқ деген­дерің кезегімен келе береді. Ал егер өз күші­ңе сенімсіз болсаң, онда қанша жер­ден талантты бол, бәрібір биікке өрлемей­сің. Негізі, нысана көздеуде бізде екі ли­цен­зия бар. Сол екі жолдамаға жеті мерген үміткерміз. Атап айтсам, менен бөлек, Ольга Довгун, Рашид Юнусметов, Зәуреш Байбосынова, Юлия Дрышлюк, Владимир Исаченко және Александра Малиновская сынды мергендер, Олимпиададан үмітті. Жақында бапкерлер кеңесі Лондонға спортшыларды іріктеудің жаңа концеп­цияс­ын жасады. Сол бойынша, алдағы Әлем кубогының үш кезеңінде үздік нәтиже көр­сеткен екі мерген Олимпиадаға бара­ды. Ал егер ешкім де жөні түзу нәтиже көр­сетпесе, онда жолдаманы елге алып берген спортшылар ретінде Олимпиадаға Ольга екеуміз барамыз. Міне, сол турнирлерде тәуір нәтиже көрсету үшін барымды сала­мын.
– Ал сырт күштер жағаласып, сізді Олимпиадасыз қалдыруы мүмкін бе?
– Несін жасырам, бәрі де мүмкін. Дегенмен бапкерлер кеңесі ондайға жол бермейтін шығар деген үміттемін.
– Сонда басты бәсекелестеріңіз кім болуы мүмкін?
– Спорттық атуда бәсекелестік деген түсіністік жоқ. Меніңше, бәсеке деген сөз – тек жеңіл атлетикадағы жарыстарға ғана қолданылуы тиіс. Өйткені онда сен қарсы­ла­сыңның қалай жүгіріп бара жатқанын кө­ре аласың. Реті келсе, өзіңнің жылдам­ды­ғыңды арттыруыңа болады. Ал нысана көздеуде сен қарсыласыңның қалай атып жатқанын, қандай нәтиже көрсеткенін біле алмайсың. Тек өз-өзіңмен ғана арпалысып, жүйкеңмен күресумен боласың.
– Сонда біздің командада ешкім бір-бірімен бәсекелес, қарсылас емес пе? Сіздің орныңызға таласып жатқан басқа да мергендер бар емес пе?
– Жарайды, ұстадыңыз. Бұл да, негізі психологиялық тұрғыда әсер етеді. Екі орынға жеті адамның таласып отырғанын сезінсең, шынымен де, бәрі оңай емес екенін түсінесің. Дегенмен турнир кезінде өз орныңа жайғасып, қолыңа винтовканы ұстаған сәттен бастап, сенің қарсыласың бас­қа спортшы емес, тек нысана болып шы­ға келеді. Дұрыс түсініңіздер, біздің спорт­та мергендер техникалық тұрғыдан 100 пайызға дайын болады да, психоло­гия­лық тұрғыда әркімнің өз әлсіз тұсы шыға береді.
– Ал егер ұлттық құрамаға ілікпей қалсаңыз, сіздің орныңызды кім басуы мүмкін?
– «Ұлттық құрамаға ілікпей қалсаңыз» дегеніңіз қалай?! Мен міндетті түрде Олимпиадаға барам. Өзім туралы тым пессимистік көзқараспен ойлағым келмей­ді. Бәлкім, «Кім лайықты?» деп сұрағыңыз кел­ген шығар?! Меніңше, бәрі де Олим­пиадаға баруға лайықты. Бәрі де мықты мергендер.
– Айтпақшы, сіз Лондон Олимпиада­сына жолдама алып берген алғашқы қазақстандық спортшысыз. Дегенмен ақпарат көздерінде «сіздің 2010 жылғы лицензияңыз осы жылы Катарда өткен Азия біріншілігінде толық расталды» деп жазылып жүрді. Осы жағын бір анықтап өтсеңіз.
– Мен жолдаманы 2010 жылы алып бергенмін. Биыл қаңтар айында өткен Азия чемпионатында лицензиямды ешқандай да растаған жоқпын. Ол осыдан екі жыл бұрын-ақ бекітіліп қойылған нәрсе.
– Слава, енді ел ішіміздегі турнир­лердің ұйымдастырылуы жайлы айтып өтсек. Нысана көздеуден ел ішілік до­далар өте тө­мен дәрежеде өтіп жатады. Со­ның беде­лін көтеру үшін не істеу ке­рек?
– Әлбетте, бірінші ретте жүлде қорын арт­тыру керек. Бізде жеңімпазға небәрі 10-15 мың теңге ғана беріліп жатады. Оның өзінде, суперфиналдың жеңімпаз­да­рына ғана. Ал кез келген нәрседе бірінші рет­те қаржылық жағы аз болса, оның дә­ре­жесі де, беделі де төмен болады. Егер жүл­де қоры көп болса, спортшының стиму­лы да артады. Бізде бірінші ретте бәрі қар­жыға тіреліп тұр.
– Сонда нысана көздеу спортына неліктен аз ақша бөлініп жатады деп ойлайсыз?
– Өйткені нысана көздеу басқа спорт түрлеріне қарағанда аса қызық емес. Мәселен, футбол барша спортсүйер қауымға арналған. Кез келген адам доп алып, футбол ойнай береді. Ал нысана көз­деу тек белгілі бір топтарға ғана арнал­ғандай. Оның үстіне, мылтық сатып алу, басқа да жабдықтарды сатып алу машақат­тары өте көп. Рас, Қазақстан чемпионат­тарын қызықты ету үшін федерациямыз барлық қолдан келген шаралар атқарып жатыр. Тіпті сол үшін суперфинал бәсекесін де ойлап тапты. Дегенмен бұл да аз. Тек финалдық кезеңдер ғана көпшілікке қы­зық­ты болып жатады. Ал іріктеу кезеңдері ондай қызықты емес. Сондықтан спорт тү­рін қызықты ету үшін бірінші ретте оны бұ­қаралық деңгейге жеткізу керек.
– Слава, енді өзіңіз туралы әңгіме өр­бітсек. Спортқа қалай келдіңіз? Ең алғаш қай спорт түрімен айналысты­ңыз?
– Ең алғаш шайбалы хоккеймен айна­лыс­қанмын. Біздің Павлодарда хоккей ол кезде жақсы дамыған еді. Тіпті балабақ­ша­да тәрбиеленіп жүрген кезімде-ақ мені хок­кейге жазып қойған еді. Кейін өзім спорттың бұл түрін жанымдай жақсы көріп кеттім. Сегіз жылдай айналысқан шығар­мын. Сосын 12 жасымда бір достарым ны­сана көздеу спортымен айналысып жүрге­нін айтып, қызықтырып жіберді де, сол кез­де қолыма винтовканы алғаш рет ұста­ған­мын. Бірақ кейін нысана көздеуге елі­міз­де онша көңіл бөлінбей кетті де, басқа кәсіп­ке ауысуыма тура келді. Кейін әскер­ден орал­ған соң жаттықтырушым Сергей Дрешер мені қайта шақырды. Ол 2000 жыл бо­латын. Сөйтіп, міне, содан бері қо­лымнан вин­товкамды тастаған емеспін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста