"Оле Бразил" академиясының балалары қайда жүр?

"Оле Бразил" академиясының балалары қайда жүр?

Балалық шағымыз 90-жылдармен тұспа-тұс келгендіктен сапалы спорт алаңдарын сирек көріп өстік. Ол кезде қазіргідей футболмен толыққанды айналысуға мемлекеттің экономикалық жағдайы мұрша бермеді. Сондықтан ба, сол жылдары туған балалардың доп теуіп, футболшы болуға ынта білдіруінің өзі ерлікке парар секілді көрінетін. Бала күнінде допқа жарымаған жігіттердің Еуропаның сақа командаларына айбат көрсете алмай жүргені бекер емес шығар деп ойламай көр осыдан кейін.
Ал қазір ше... Мемлекетіміз аяқтан тұрып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында үлкен қадамдар жасауда. Экономикамыз да бұрынғыға қарағанда тұрақталып, дамуға бет алды. Футболшы болам деген балаға ешқандай кедергі жоқ. Тіпті, Елбасымыз 2007 жылы Бразилияға барған сапарында сол елдің президенті Луис Инасио Лула да Силвамен ортақ келісімге келді. Аталған меморондум бойынша қазақ жастары Пеленің отанында футболдың қыр-сырын үйренетін болды. Одан бері балғын футболшылардың бір шоғыры «Оле Бразил клабтан» білім алып келгенін жанкүйер қауым жақсы біледі. Ол футболшылар елге оралған соң, Қазақстан футбол федерациясы Астанада «Байтерек» клубын құрып, біразын сонда қабылдады. Кейбірі өзге командаларды жағалады. Осыдан екі жыл бұрын Бразилияға 1996-1997 жылдары туған тағы 25 футболшы аттанды. Бұл балалар Сан-Паулу қаласында доп тебудің қыр-сырын үйреніп жатыр. Сосын осыған байланысты біз бүгінде сол Бразилия «қазанында» қайнап қайтқан жас футболшылармен сырласып көрген едік» деп жалғастырып кету керек. Солардың бірі – екінші лекте кеткен 25 футболшының бірі Данияр Дәулетбаев мұндағы жағдай туралы былай дейді:
– Біз алдымен Ботафого» командасының футбол институтында жаттығып, Рибейран-Прету қаласында тұрып жатырмыз.Бразилиядағы жаттығу мен Қазақстандағы жаттығудың айырмасы жер мен көктей. Күн сайын өтетін екі сағаттық жаттығудың өзі елден барған балаларды біраз терлетіп тастайды. Қазір бұрынға қарағанда біраз үйренісіп қалдық.
Сабақты осы елдің мектеп бағдарламасы бойынша оқимыз. Алгебра, география, биология, физика, дүние жүзі тарихын португал тілінде оқытады.
Алғашқы топпен барып келген таланттың жастың бірі Берік Шайықовпен әлеуметтік желі арқылы сөйлескенімізде, қазіргі кезде «Жетісу» клубында өнер көрсетіп жүргенін айтты.
20 ақпанда 20 жасқа толған Берік Қазақстан біріншілігінің бірінші айналымында «Ордабасымен» өткен кездесуде ғана алаңға алғашқы минуттан шыққан. Қалған матчтарда тек соңғы минуттарда көрініп жүр.
Осы азаматтан үміт күтетіндер аз емес. Солардың бірі «Астана-1964» клубының президенті Ғалым Ибраев мырза Шайықовтың талантты жас екенін, алдағы уақытта еліміздің үздік ойыншыларының бірі болатына сенім білдірді. «Жетісуда» Беріктен басқа Рауан Сариев те жүр. Бразилияға барғандардың арасында аты көп айтылып, тіпті, сол жақтың клубтарында ойнап қайтқан осы Сариевты бүгінгі күні көпшілік ұмыта да бастады.
Рауан былтырғы маусымда «Атлетико Минейродан» Алматының «Қайраты» сапына ауысқан болатын. Бірақ жарытып ойнамаған соң, бас бапкер Владимир Вайсс оны қосалқы құрамға жіберді. Енді биылғы маусымды «Жетісу» командасымен бастап отыр. Әзірге алаңға 90 минут бойы доп теуіп жүрмесе де Қазақстан біріншілігінің 11-турында «Қайсар» қақпасына өзінің Премьер-лигадағы алғашқы голын соқты. Егер алаңға тұрақты түрде шығып жүрсе болашақта өз бабына келіп, бағын футболдан тауып кетуі бек мүмкін.
Биыл Ресейде өткен «Достастық» кубогында жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен қорғаушы Рафкат Аслан турнир аяқталған соң, Қостанайдың «Тобылына» ауысты. Команданы Сергей Масленов жаттықтырған тұста алғашқы 5 турда алаңға тұрақтышығып жүрді. Ал армениялық бапкер келгелі Рафкатты ойынға араластыруға асығар емес.
Біз айтқан футболшылардың жастары 21-ге толмағандықтан «лимитчик» ретінде ғана ойнап жүргені жасырын емес. Әйтпесе, көшбасшылық қырымен танылып, ғана өздерін мойындатып жүрген жұлдыздары жоқтың-қасы...
2011 жылы Бразилиядан келгендердің арасында 15 футболшы «Бәйтерекке» қабылданса, биылғы маусымда солардан тек алтауы қалыпты. Олар: Қуат Мырза, Алмат Тілеуқабылов, Серікболсын Кененов, Мұхтар Қалымбетов, Аслан Сүлейменов, Абылайхан Дүйсен.
Шымкент өңірінде дүниеге келіп, тоғыз жасынан бері ала допты серік еткен Қуат Мырза Бразилияға барған алғашқы 26 футболшының бірі. Ол қазір Астанадағы «Бәйтерек» клубында өнер көрсетеді.
– Мен 1994 жылы 27 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келгенмін. Отбасындғы бес ұлдың кенжесімін. Менен басқа спортпен айналысқан ешкім жоқ. Тоғыз жасымнан бастап, аладоптың қыр-сырын үйренумен жүрмін. Ата-анам спортқа құлшынысымды байқап, облыстық футбол мектебіне берді. Оңтүстік Америкаға аттанғанға дейін сол жерде шыңдалдым. Алғашқы бапкерлерім – Арсен Дүсүпов, Ғалым Дербісбаев. Бұл бапкерлерден үйренгенім көп. Олар футболдың мен түсіне бермейтін қырларына терең бойлауыма тигізген септігі мол. Тактикалық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да жәрдемдері аз болған жоқ.
Қуаттан алғашқы 26 футболшының қатарына қалай іліккелі жөнінде сұрағанымызда:
– Маған жолдама оңайлықпен келмеді. Бірінші Алматы қаласында өткен іріктеуден өте алмадым, сонда да жасымай, еңсемді түсірмей екінші іріктеу үшін Астанаға бардым. Өзімді бар қырымнан көсретуге тырысып бақтым, бағым жанып,сарапшылардың көзіне іліктім. Сөйтіп, біздің мектептен бірден үш бала болып осы елге табан тіредік дейді,- кейіпкеріміз.
Қуат «Бәйтерек» клубы құрылғаннан бері ойнап келеді. Бапкерлер оның бойының ұзындығына орай көбінесе, қорғанысқа қояды екен. «Жартылай қорғаушы ретінде ойнауға да икемім бар» дейді, –жас футболшының өзі.
Осыншама баланы Бразилияға жіберіп оқытқанға қыруар қаржы жұмсалып жатыр. Бірақ нәтиже көңіл көншітпейді. Мысалы, 25 баланың оқуына мемлекеттен тоғыз айға 85 миллион теңге бөлінген. Үш жылға 260 миллион теңге қарастырылып отыр. Яғни әр балаға ай сайын екі мың доллардан айналады. Футболдан мемлекеттік жаттықтырушы Болатбек Жуасбаев «біздің балалар қайта арзан бағамен оқып жатыр» дейді. Оның айтуынша, Бразилиядағы кейбір футбол академиялары әр балаға ай сайын алты-жеті мың доллар сұрайды екен.
Ал балалар бапкері Бауыржан Сәрсекенов шет елге жіберіп оқытқанша елдегі балалар футболын қолға алған дұрыс деп санайды.
– Жекелеген демеушілердің арқасында Алматы қаласының балалар футболы лигасын құрдым. Қазіргі кезде 50-ден астам команда өнер көрсетіп жүр. Бұл жерде де алаң жалдауға қыруар қаржы кетеді. Оның үстіне шетелдегі футбол турниріне қатысу да қалтаға көп салмақ түсеретін іс. Сондықтан бір жерге бара қалсақ, елдегі қалталы азаматтардың есігін қағып қайыр сұрауға мәжүрміз. Қазақстан футбол федерациясына УЕФА бір жылда 360 миллион, ФИФА 79 миллион теңге көлемінде жәрдем береді. Сол қаржыдан бізге бір тиынның да бұйырмайтыны өкінішті, – деп күйінді Сәрсекенов мырза.
Бәлкім балалар футболын ертерек қолға алғанда клубтарымызда отандық футболшылардың саны көбейер ме еді. Сан болмай, сапа да болмайтыны белгілі. Қазіргі кезде ҚФФ-ның бастамасымен әрбір қалада футбол орталықтары ашылып жатыр. Бірақ мұның өзі тым. Ахмет Байтұрсыновтың «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан шықсын» дегені бар. Біз бүгін жас футболшылардың жағдайын жасамасақ, ертең ұлттық құраманың намысын қорғайтын футболшының шығуы неғайбыл.
Ps. Біз бұл тақырыпқа тағы да ораламыз. Алдағы уақытта басқа да мамандардың пікірн білетін боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста