Назаров әлем чемпионы атанды

Назаров әлем чемпионы атанды

«Украинада – Кличколар, Ресейде – Емельяненколар болса, Қазақстанда – Назаровтар», – деп жар салды кеш біткесін турнирдің басты ұйымдастырушысы Ардақ Назаров. Иә, мақтанып айтты. Бірақ келісетін шығарсыздар, өзіне жарасты. Және де оның сөзіне қарсы шығу артықтау болар. Өйткені дәл қазіргі таңда ағайынды Назаровтар ережесіз жекпе-жектің төрінен орын алып отыр.

Оны олар осы жолы тағы бір рет дәлелдеді. Нақтырақ айтсақ, Алматыда өткен халықаралық ережесіз жекпе-жек турнирінде қазақстандық Бейбіт Назаров кәріс саңлағы Сео Сюнг Кионгты есінен тандырды. Бір қызығы, бұл айқастың алдында Кионг 18 рет жекпе-жекке шығып, бірде-бір рет жеңілістің кермек дәмін татып көрмепті. Корея, Жапония, сонымен қатар Оңтүстік-шығыс Азия өңірінде кеңінен танымал бұл саңлақ «Қазақстанға барып, ұтылам» деп ойлап па?! Турнирдің алдында болған баспасөз мәслихатында өз-өзіне сенімді отырды. Соған қарап, жекпе-жектің өте тартысты өтеріне біз де үміттенгенбіз. Алайда қазақ қабыланы оны бірінші раундта-ақ «тәтті ұйқы» құшағына жіберді.

Басында кәріс жігіті үшін барлығы сәтті басталған. Аяғымен жақсы қимылдайды екен, сермей тепкен тепкілері Бейбіттің санына дәл тиіп жатты. Үш рет сол әдісін қайталады, үшеуінде де Назаровтың кішісі демін ішіне тартып, үлкені шаршы алаңның сыртында тақымын қысып отырды. «Иә, хапкидодан төртінші данды бекер иеленген жоқ қой» деп ойлағанымызша болған жоқ, айқас тізгіні лезде Назаровтың қолына көшті. Қарсыласының сәл босаңсып қалғанын байқаған қазақ жігіті кенет қабыланша атылып, кәрісті жерге алып ұрды. Дегенмен басын бұғып алған Сео Сюнг Назаровтың соққыларын жөнді дарытпады. Бейбіттің келесі ұмтылысы да осылай аяқталды. Кионгтың беті қайтып қалғаны білініп тұрды. Тіпті бізге еркіне беріп қойса, рингті тастап қашуға даяр секілді көрінгені де жасырын емес. Қазақ жігіті тұра ұмтылғанда, абдырап қалған Сео Сюнг жағына қалайша жұдырық жіберіп алғанын байқамай да қалды. Сол күйі ринг бұрышына етпетінен отыра қалған оны Бейбіт екі мәрте тіземен тепті. Ес-түссіз құлаған кәрістің орнынан көтеріле алмай қалғаны соншалық, «жаны жаһаннамға аттанып кетті ме» деп те қорықтық. Ойлағанымызша болған жоқ, рингке Оңтүстік Кореяның өкілдері де тұра ұмтылды. Спортшысының мұрнынан тоқтамай қан кетіп жатқанын көріп, шошып кеткен олар дәрігер шақырып, байбалам салды. Дереу дәрігерлер де жетіп, әупірімдеп Кионгтың есін жиғызды.

Сонымен не керек, Алматы облысы, Райымбек ауданының Қақпақ атты қарапайым ғана ауылынан шыққан Бейбіт Назаров WAFS (абсолютті ережесіз жекпе-жектің дүниежүзілік кеңесі) тұжырымы бойынша 75 келі салмақ дәрежесіне дейінгі әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

Бұл Республика сарайының концерт залында өткен ережесіз жекпе-жек кешінің соңғы айқасы болатын. Мұның алдында шаршы алаңға алты жұп шығып, рейтингтік айқастарын өткізген болса, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Перуден келген Фрэнк Эрик Парадэспен қолғап түйістірді. Сөйтіп, төрт раундқа созылған жұдырықтасуда төрешілердің шешімімен қазақ саңлағы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ өз жекпе-жектерінде жерлестерімізден Нариман Мұсаев қарсыласын айқын басымдықпен жеңген болса, Қазыбек Әшімов те командаласының ерлігін қайталап, жанкүйерлерді желпіндіріп тастады. Ал 90+ келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Төлеген Ақылбеков пен қырғызстандық Кылыч Сарқарбаевтың арасындағы айқаста жеңіс айыр қалпақты бауырымызға бұйырды.

– Георгий Кобылянский мен Олег Тактаров болмағанда, сіздер маған жеңісті бермес те едіңіздер. Сәл болмағанда, төрешілер жекпе-жекті тең нәтижемен аяқтағалы тұрған, – деп Кылыч айқас біткесін ішіндегісін сыртқа шығарып тастады.

Расында да, бұл жекпе-жектің нәтижесін бес минуттай күтіп қалдық. Тіпті көрермендер де «жеңісті қырғызға беріңдер! Ұят болады» деп айқайлап жатты. Иә, егер жігіттерді тең есеппен қайтарғанда, шынымен де, ұят болар еді. Өйткені жекпе-жекке дайындалмай келген Төлеген Ақылбеков төбелесудің орнына қырғыз жігітінің алдына қайта-қайта құлаумен болды. Айқастың аяғына таман орнынан әзер көтерілгеніне зал толы көрерменнің барлығы куә болды. Десек те, бір жеңісті қонақтарға бергеніміздің еш әбестігі жоқ екенін де естен шығармайық.

untitled-123

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста