Марғұлан Әсембеков екі жылдық үзілістен кейін ел чемпионы атанды

Марғұлан Әсембеков екі жылдық үзілістен кейін ел чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында кезек грек-рим күресінің шеберлеріне де жетті, деп жазады "Алаш айнасы".

Турнирдің төртінші күні бірінші болып алтын жүлдені Мейрамбек Айнағұлов алды. 59 келіде белдескен балуан ақтық сында Дәулет Әбсәлімовті (Жамбыл облысы) жеңді.

Былтыр финалда ұтылған Бағылан Жақанша биыл жартылай финалда Айнағұловтан тағы да жеңіліп, үшінші орын үшін болған белдесуде Нұрсұлтан Қалмұратовтан ұтылып, бесінші орынға түсіп қалды. Тағы бір қола жүлде үшін өткен белдесуде Руслан Істемгенов Айдын Нұғымановты айқын басымдылықпен жеңді.

Қазақстан чемпионатында 71 келі салмақта жаңа чемпион шықты. Алматы облысының балуаны Азамат Дүмбіров финалда Рамазан Мустафаевты жеңіп, чемпион атанды. Былтыр бұл салмақта жетісулық Демеу Жадыраев чемпион болған еді. Жадыраев финалда Мирас Баршылықовты жеңген. Үшінші орын үшін болған кездесулерде Мирас Баршылықов Елдос Қосбағаровтан, Вячеслав Фатеев Нұржан Надыровтан ұтылды.

80 келіде Жасұлан Қошанов чемпион болды. Ол былтыр қоламен шектелген. Қошанов финалдық белдесуде Рашид Кочиевті (ОҚО) айқын басымдылықпен ұтты. Үшінші орынды Дәулет Жақсылықов пен Дидар Керімбетов иеленді. Жақсылықов Мақсат Баярыстановты, Керімбетов Бейбіт Жайдәулетовті жеңді.

Ең қызықты белдесу 98 келі салмақтағы балуандар арасында өрбіді. Екі жыл спорттан алыстап кеткен Азия чемпионы Марғұлан Әсембеков (Алматы облысы) бұл салмақта үздік шықты. Әсембеков жартылай финалда екі жыл қатарынан ел чемпионы болған, Азия біріншілігін ұтқан Ерұлан Искаковты жеңді.

Азияны бағындырған Искаковқа биылғы чемпионатта тек үшінші орын бұйырды. Ол үшінші орын үшін болған кездесуде Михаил Изотовты жеңді. Әсембеков болса, финалда Жасұлан Сыдықовпен (Алматы) белдесіп, ұпай айырмасымен жеңіске жетті. Екінші қоланы Жанарбек Қабдолов Ерсайын Сейфуллинен «тартып» алды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста