Лионель Мессиге аргентиналық есірткі картелі қоқан-лоқы көрсеткен

Лионель Мессиге аргентиналық есірткі картелі қоқан-лоқы көрсеткен

Аргентинадағы туған қаласында тұратын туыстарына тиесілі супермаркетке белгісіз адамдар шабуыл жасаған.

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің Аргентинадағы туған қаласында тұратын туыстарына тиесілі супермаркетке белгісіз адамдар шабуыл жасап, футболшыға қоқан-лоқы көрсетілген қағаз тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ESPN сілтеме жасап.

Бейсенбі күні таңертең мотоциклдегі екі адам Месси туып өскен Росарио қаласындағы азық-түлік дүкенінің терезесі мен есігіне он төрт рет оқ атқан. 
Футболшының жұбайының отбасына тиесілі дүкенге жасалған шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. 
Полиция шабуылдаған адамдар картон қағазға қоқан-лоқы көрсетіп жазба қалдырғанын хабарлады.

Онда былай делінген: «Месси, біз сені күтеміз. Явкин – есірткі сатушы. Оның саған қамқор болатын ойы жоқ». 
Тергеу жүріп жатыр. Пабло Явкин – Буэнос-Айрестен солтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Санта-Фе орталық провинциясындағы ірі қаланың бірі Росарио мэрі. 
Осы оқиғадан кейін бейсенбі күні Явкин журналистерге Росариода зорлық-зомбылықтың артқанын, полиция жетіспейтінін және қалада қорғаныс жоқ екенін айтты. 
2022 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина құрамасының капитаны атанғаннан кейін дүйсенбі күні ФИФА-ның үздік ойыншысы деп танылған Месси де, Росариода туып-өскен оның жұбайы да бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ. 

Ұлы футболшы деп мойындалған Месси қазіргі уақытта «Пари Сен-Жермен» клубында ойнайды және уақытының көп бөлігін шетелде өткізеді. Дегенмен туған қаласы Росариоға да жиі барып тұрады, онда қала сыртында үйі бар. 
Аргентинаның қауіпсіздік министрі Анибал Фернандес дүкенге шабуылды есірткі картельдерінің бірі қорқыту үшін жасаған дейді. 
35 жастағы Месси қазіргі уақытта биыл мерзімі аяқталатын «ПСЖ» клубымен келісімшартты қайта қарап жатыр. Футбол супержұлдызы мансабын аяқтап, Росариодағы жергілікті клубтардың бірінде ойнауы мүмкін деген қауесет бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста