Лақап есім де лайықты адамға қойылады

Лақап есім де лайықты адамға қойылады

Батыстың қай елінде болсын жанкүйерлер спортшыларын өз есімімен емес, лақап атымен атағанды ұнатады. Мәселен, «Реалдың» капитаны Раульді «Балерина» немесе «Мистер 7», Криштиану Роналдуды «Ронни», Франческо Тоттиді «Түйе» деп атаса, «Реалдың» тағы бір жаңа жұлдызына «Кака» деген лақап есімнің жабысқаны соншалық, оның шын есімі Рикардо Изексон Дос Сантос Лейте екенін бірі білсе, бірі білмейді. Ал шынын айту керек, футболшыларға лақап есім қою жөнінен қазақстандық жанкүйерлер шетелдіктерден біршама артта қалған. Десек те, бұл тұрғыда соңғы кездері ілгерілеушілік байқалатыны жасырын емес.

Лақап есім қою бізде де бұрыннан болған. Оның бірден-бір айғағы ретінде кезінде «Қайраттың» сапында жасындай жарқылдаған Естафий Пехлеванидидің көпшілікке «Пьеха» болып танылғанын айтуға болады. Сондай-ақ Құралбек Ордабаевты «Кура» деп таныған болсақ, Вахид Масудовты «Ваха» деп атағанын білеміз. Дегенмен келісетін боларсыздар, Батысқа қарағанда, біз лақап есім қою кезінде көбінесе спортшының есімін қысқартумен шектеліп жүрміз. Мәселен, Самат Смақовтың атын қысқартып, «Сэм» деп атасақ, Нұрбол Жұмасқалиевтің тегін қысқартып, «Жума» дей салдық. Бұлардан басқа Жамбыл Көкеевті – «Кука», Фархатбек Ырысметовты – «Фара», Сергей Остапенконы – «Остап», Александр Кислицынді – «Киса», Андрей Карповичті  «Карп» деумен шектеліп жүрміз.
Дегенмен, жасыратыны жоқ, қазақ футболының да өз «Кьеза», «Тарзан» және «Десанттары» бар. Атап айтар болсақ, «Жетісу» футбол клубының шабуылшысы Ерзат Кенбаевты ең бірінші жаттықтырушысы «Кьеза» деп атағасын, кейін ол есім оған лақап болып жабысыпты. Ал «Тарзан» деген кім?» деп ойлап отырған боларсыздар. Өскемендік «Востоктың» қорғаушысы Олег Сабировтың келбетіне назар аударсаңыздар, оның мультфильм кейіпкеріне шынымен де ұқсастығы барын аңғарасыздар.
Егер «қазақ футболының «Десанты» кім?» деген сұраққа жауап іздесеңіз, Владимир Гуртуевтің спорттық ғұмырын ақтарып шыққан жөн. Өзінің айтуынша, Гуртуев үлкен футболға әскер арқылы келген екен. Отан алдындағы борышын қорғап жүрген ол футболды да жақсы ойнаса керек, жаттығуларын байқаған бапкерлер оған доп қууды ұсыныпты. Міне, содан бері шабуылшы ретінде талай қақпашыны сорлатқан Гуртуев ойламаған жерден футболшы болып шыға келген. Айта кетейік, егер сол кезде футболдан бас тартқанда кезінде десант болған ол бүгінде полковник болып отырар еді.
Басқа да футболшыларымыздың лақап есімдеріне тоқталсақ. Елордалық «Локомотивтің» шабуылшысы Данияр Хасеновты футболшы әріптестері «Воss» немесе «Қожайын» деп атайды. Оның себебін түсіндіріп жату артық болар. Егер бір команданың президенті болсаңыз, сізді де басқалары «қожайын» деп атайтыны анық. Ал осыдан бірер жыл бұрын «ордабасылық» Мұрат Сүймағамбетовты журналист әріптесіміздің бірі «Су-27» ұшағына теңеп, мақала жазған еді. Содан бері жанкүйерлердің барлығы оны «Су-27» деп атап кетті. Оған Мұраттың өзі де қарсы болмай, біршама уақыт қай клубта болсын 27-нөмірмен өнер көрсетіп жүрді.
Ел футболындағы тағы бір қызықты әрі ерекше лақап есім «ақтөбелік» шабуылшы Мұрат Тілешевке тиесілі. Салмағының ауырлығынан зардап шегіп жүрген оны соңғы кездері «Артық салмақ» деушілер көбейіп кетті. Сондай-ақ Мұрат Тілешевтің командаласы Сергей Остапенко да ерекше лақап есімімен танымал. Әрине, «Остап» деген есім бір қарағанда тегінен қысқартылғандай көрінуі мүмкін. Алайда кеңестік кезеңнің атақты кинолары «Он екі үстел» немесе «Алтын торпақ» фильмін көрген болсаңыз, басты кейіпкер Остап Бендердің келбеті мен Сергей Остапенконың арасында айырмашылықтың тым аз екенін аңғарасыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста