"Кеудемді өксік қысып тұр": Дос-әріптестері марқұм Амангелді Сейітханмен қоштасты

"Кеудемді өксік қысып тұр": Дос-әріптестері марқұм Амангелді Сейітханмен қоштасты

Белгілі спорт комментаторы, қазақ журналистикасында өзіндік орны бар қазақ журналисі Амангелді Сейітхан келмеске кетті. Дос-әріптестері, өнер өкілдері қазаға көңіл айтып, марқұммен қоштасты.

“Амангелді ағамды Алла рахымына бөлесін. Өте жақсы адам еді. Көзкөрген, сыйласқан, дәмдес болған талай жақсылардан айрылдық. Иманды болсын! Абайлап жүріңіздерші. Жалғанда бәріміз тату өмір сүрейікші”, – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

 “Қайран өмір....Мәңгілік мекеніне аттанды. Кім ойлаған?! Кеудемді өксік қысып тұр. Таза , адал , нағыз елін риясыз сүйетін ҚАЗАҚ ортамыздан кетті. Көпшілік екеумізді шатастыратын. Екеумізді таныстырған телевидение еді. Көрген жерде "жерлесім " деп арқамнан қағып қоюшы еді. Нұртілеу ағасы сияқты өзінің жеке бағыт-бағдары бар еді. Футбол жүргізіп коментатор болғаны бір төбе . Уефа додасын "қазақыландырып" жіберетін еді. Сонысына риза боп , сүйсінетінмін. Хош, ағатайым.. Алла алдыңнан жарылқасын...Мәңгі жүрегіміздесің”, – деп жазды Рахман Омар.

“Бұл вирус ешкімді аямайды. Кәріні де, жасты да... Белді журналист, спорт комментаторы, ақын Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. "Хабар" арнасында әріптес болдық, кей күндері бірге шай іштік... Шығыстық еді… Енді міне, суық хабар естіп жатырмын. Отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – деп жазды журналист Дәулет Мұқатаев. 

"Хабар" арнасында спорт жаңалықтарын жүргізгенде сөзін "жеңісті күндерде жолыққанша" деп аяқтаушы еді. Жаныңыз жәннатта болсын. Барымызды тірісінде бағалайық”,  Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова.

“Орны толмас қаза… Амангелді ағамыздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Жаны жәннәта болғай!”, – деді Мәдина Сәдуақасова.

Бағлан Әбдірайымов марқұммен соң рет аудио арқылы сөйлесіп, шақырған жеріне бара алмағанына өкініш білдірді.

“Жеңісті күндерде кездескенше“ деп жүр еді Амангелді ағамыз. Бірақ мына Covid деген пәлені жеңе алмадыңыз… Жаныңыз жәннатта шалқысын, аға. Қош болыңыз. Жарқын бейнеңізбен мәңгі есте қаласыз, аға!
“Әй, чемпион” - деген аудио жазбаңыз “соңғы даусыңыз” екенін білмедім. Шақыртуыңыздан, дастарханнан дәм бұйырмай қалғаны өкінішті.
“Аға, әлі талай қуанышыңыздың куәсі боламыз” - деп едік… Адамның емес Алланың дегеніне көнеміз, енді. Алла алдыңыздан жарылқасын! Жұмақ нәсіп етсін!”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Мұхамеджан Тазабек марқұмды ақпарат саласының үздігі деп атады. Ақынды бір төбе, спортты қатар алып жүрген, намазын тастамаған иманды азамат деп жоқтады. 

“Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі Құдай жаратпайды…

Футболдан әлем чемпионатын тұңғыш қазақша жүргізген белгілі спорт комментаторы, ақпарат саласының үздігі Амангелді Сейітхан өмірден озды. Қазақ десе бүйрегі бұрып тұратын, өз елімен, Отанымен мақтанатын ұлтжанды азамат еді. Талай бағдарламамызға қонаққа келіп, әңгімесін айтып, ағынан жарылғанда отансүйгіштігімен қоса баладай ақкөңіл, дархандығына қайран қалушы едік…


Алла асыл азаматты алдынан жарылқап, мейіріміне бөлесін! Өз панасына, рахымына алсын деп тілейміз. Аужекем-ай… Алла алдыңнан жарылқасын! Айтыс аламанында да айтарың болды, спорттың тілеуқоры боп та дүниені дүбірлеттің, иманды, ибалы тұлғаңмен де көбімізге үлгі, өнеге едің… Оқыған намазың мен жасаған жақсылықтарың алдыңнан Жаннат боп шықсын, жақсы аға!”, – деді Тазабек.

Амангелді Сейітханның қазасына байланысты Аида Балаева жазба жариялап, қаралы отбасына көңіл айтты. 

“Сұм ажал арамыздан тағы бір әріптесімізді, белгілі журналист, спорт комментаторы Амангельді Сейтхан ағамызды мезгілсіз алып кетті.
Талайды тәнті еткен талантымен де, кәсіби шеберлігімен де, аңқылдаған ақжарқын көңілімен де көрерменді баурап, әлемнің алты бұрышынан алашына жағымды жаңалықтың жаршысы болған жампоз жан, жалынды азамат еді.

Сөз жоқ, Амангельді Муатханұлы өзінің білімі мен егемендіктің алғашқы жылдарында спорт тележурналистикасында алған құнды тәжірибесін жастармен бөлісіп, ізін басқан мамандарға үйретіп кетті. Десе де, табиғатынан ақындығы мен адами асылдығы жарасқан тұлғаның өткен жолы да, халықтың жүрегінде алар орны да бөлек болып қалары анық. Ал оның есімі отандық тележурналистика тарихына ғана емес, тұтастай спорт шежіресіне алтын әріппен жазылады. Басқа түскен осынау қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтамын”, – деп жазды Балаева.

“Амангелді Сейітхан ағаны бала күнімнен жақсы білетін едім. Жақсы адам еді. Иманың жолдас болсын. Туыс туғанына көңіл айтамын”, деп жазды Тоқтар Серіков.

Айта кетейік, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан 16 тамыз күні өмірден озды. Журналист соңғы 2 апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды.

Амангелді Сейітхан 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста