Гүзел Манюрова – ұлттық құраманың бас бапкері

Гүзел Манюрова – ұлттық құраманың бас бапкері

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері ауыс­ты. Осыған дейін бұл қызметті атқарған Саржан Жақсыбековтің орнына Гүзел Манюрова тағайындалды.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне 2006 жылы тағайындал­ған Саржан Бектемірұлы бұл қызметті алты жылдан астам уақыт атқарыпты. Сол жылы еркін күрес бойынша Қазақстан Республи­ка­сының еңбек сіңірген жаттықтырушысы дәрежесіне қол жеткізіп, 2007 жылы елі­міздің «Үздік жыл жаттықтырушысы» номинациясын жеңіп алған. 2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапат­тал­ған. Саржан Жақсыбековтің жетекшілік етуі­мен Қазақстан әйелдер құрамасы Бей­жің және Лондон Олимпиадаларында бір-бір қола медальдан иеленген. Алайда еліміздің Спорт және денешынықтыру агент­тігі әйелдер күресіне өзгеріс қажет деп шешіпті. Жақсыбековтің орнына Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гүзел Манюрова тағайындалды.
– Күтпеген шешім болды. Бірақ қуана қабыл алдым, – деп сұхбат берді бұл туралы «Алаш айнасы» газетіне Гүзел Маню­рованың өзі. — Рас, мұның алдында Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төр­ағасы Талғат Ермегияев мырзаның өзі телефонмен хабарласып, мән-жаймен қанық­тырған. Сол кезде-ақ «Ұлттық құ­ра­маның тізгінін сенің қолыңа тапсыруды шештік. Қалай қарайсың?» деген еді. Министрдің өзі қолқа салғанда мен қа­лай қарсы болайын?! Қуана қабыл алдым. Содан Аста­наға шақыртты да, бас бап­кер­лікке таға­йын­далғаным туралы 3 қыркүйек күні бұй­рыққа ресми түрде қол қойды.
– Бұған дейінгі сұхбаттарыңызда «2016 жылғы Рио де-Жанейро олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын саламын», – деген едіңіз. Енді бұл арманыңыздан бас тартатын бол­ды­ңыз ғой...
– Жоға, о не дегеніңіз?! Бас бапкер болғаныммен боз кілемге шығуымды жал­ғастыра бермекпін. Яғни бапкер бал­уан болмақпын. Екеуін де қатар алып жү­ре­мін. Сөйтіп, қыздарды тәрбиелей келе, өзім де шың­далып, Бразилияда өтетін ке­зекті Олимпиадада Қазақстан үшін қа­лай­да алтын медаль алуға тырысамын.
– Ал бас бапкер ретінде алдыңызға қандай мақсаттар қойып отырсыз?
– Бірінші кезекте мен бұрынғы бапкер­дің қалдырып кеткен былықтарын ретке келтіріп алуым керек.
– Ол қандай былықтар?
– Мәселен, бұрынғы бапкер, өзі – бас жаттықтырушы, өзі – аға жаттықтырушы, өзі – жеке жаттықтырушы, өзі – команда бас­шысы, өзі – дәрігер, өзі – массажшы бо­латын. Яғни бір өзі бірнеше қызметті көтеріп жүрді. Негізі, бұл дұрыс емес. Бір адамға мұның барлығы ауыр. Енді маған ұлттық құраманың билет сатып алу, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру сынды шаруаларымен айналысатын команда бас­шысын, массажшыны, жеке шәкірті ұлт­тық құрама сапында жоқ аға жаттық­тыру­шыны іздеу керек. Және де бұл маман­дар­дың барлығы өз қызметіне адал, Отанның патриоты, ұлтжанды азаматтар болуы тиіс. Егер аға бапкердің жеке шәкір­ті ұлттық құрама сапында болса, онда ол сол сал­мақтағы басқа балуандарға аса көңіл бөл­меуі мүмкін. Сондықтан, осы жағына да қатты мән бермекпін.
– Жасырын емес, өзіңіз Ресейден келгенсіз. Келімсектердің жайын бір кісідей білесіз. Осы орайда, Қазақстан құрамасынан алдағы уақытта да легио­нерлер легін көптеп көретін боламыз ба?
– Жоқ, жалпы, мен соңғы кездері легионерлер шақырту мәселесіне қарсы адам­дардың біріне айналып шыға келдім. Өйт­кені оны өз басымнан өткердім. Негізі, жер­гілікті түлектерді тартқан жақсы. Рас, шет­тен дайын балуандар шақырып, ха­лық­аралық аренада жетістіктерге жету оңайы­рақ. Сөйтіп, «бұл – менің еңбегім» деп шалқайып жүруге де болар еді. Алайда көздері жәудіреп жергілікті спортшы­лар­дың жүргенін көргенде, мұның дұрыс қадам емес екенін түсінесің. Соңғы кездері «Манюрова Үкімет берген сыйақыны қал­та­сына басып, Алматыдан пәтер алып ал­ды. Бірақ ол Қазақстанда қалмайды. Ресейге кетіп қалады», деген сынды әңгіме­лер жиілеп кетті. Мен Қазақстаннан кетпейтініме, осы ел үшін барымды аямайтыныма сол өсекті шығарып жүргендердің көз­дерін жеткізгім келеді. Арманым – өзім ғана Олимпиада чемпионы атанып қой­май, Қазақстанның жергілікті спортшысын да Олимпиада ойындарының биігіне жеткізу. Осылайша, Қазақстан халқының ма­ған жасаған жақсылығын өздеріне еселеп қайтарғым келеді. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, ұлттық құрамаға легионерлерді тартпауды қарастырамыз. Бәрі де өз өрендеріміз болуы тиіс.
– Енді жақын арадағы жоспарыңыз­бен бөліссеңіз. Алда қыздарымызды қандай додалар күтіп тұр?
– Қыркүйек айының 27-сі мен 29-ы ара­лығында Канадада (Страфкона Каунти қаласы – авт) әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Сол додаға қатысамыз. Әзірге құрама жасақталу үстінде. Дүние­жү­зілік біріншілік алдында қыздарды жинап, оқу-жаттығу жиынын өткізіп, іріктеп аламыз. Татьяна Богатюк, Елена Шалыгина сынды ұлттық құрамада бұрыннан бар балуандардың қатарына жалынды жастар да көптеп қосылып келеді. Олардың арасынан да жұлдыздар шығып қалар. Жалпы әлем чемпионатына толық құрамда қаты­са­мыз. Яғни Канадаға жеті қыз барады. Әзірге қанша медаль алуды жоспарлап отырғанымыз жөнінде айта алмаймын. Бірақ әр жекпе-жекте тек жеңіс үшін күре­семіз. Бәлкім, боз кілемге өзім де шығып қалармын. Ол жағы алдағы уақытта белгілі болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста