Ешкімнің әлі келмеген 300 келі "Қажымұқан тасын" көтерген жас балуан жұлдыз болды

Қазақ күресінен Қазақсан құрамасының мүшесі Әмре Бақұстар Астана қаласындағы этноауылда өткен «Тас көтеру» сайысында барлық балуандардың ішінде бірінші орынға ие болды деп хабарлайды pavlodarnews.

Астана қаласындағы этноауылда тас котеруден жарыс өтті. Ауыр тасты бүкіл Қазақстаннан жиналған он шақты балуан көтермекші болды, алайда қолдарынан келмеді. Тасты 19 жастағы балуанның көтергенін көрген жұрт расымен таңғалыстарын жасыра алмады.

«Неге екенін білмеймін, мен қолымнан келетініне сенімді болдым. Ең бастысы тасты дұрыстап ұстап, көтеру техникасын ұмытпаған жөн» - деді жеңімпаз берген сұхбатында.

Алып тасты Астанаға Баянауылдан арнайы алып келген. Дәл осы жерде қазақтың атақты балуаны Қажымұқан алып тасты көтерген.

«Біз мұндай спорттық-мәдени іс-шараларды батырларымызға деген құрметімізді көрсету үшін өткіземіз, - деді Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев. – Мұндай жарысты біз осымен 3 жыл қатарынан өткізіп келеміз, алайда тек осы жылы алғаш рет тасты бір адам көтере алды.

Ақсулық алып балуанды Павлодар облысының әкімі Болат Бакаув арнайы өзі құттықтады, және батырға сыйлық ретінде жаңа теледидар берілді. 

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста