Еншімізде әзірге екі медаль

Еншімізде әзірге екі медаль

Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан XXVI қысқы Универсиада ойындары шарықтау шегіне жетіп қалды. Ертең дүбірлі доданың ресми түрде шымылдығы жабылады. Ал Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге екі медаль бар. Біреуі алтын болса, екіншісі – күміс. Әлбетте, аз немесе көп деп айта алмаймыз. Өйткені Универсиада ойындарынан қоржынымызды қомпайтып та, аузымызды қу шөппен сүртіп те қайтқан кездеріміз болған. Дегенмен ертеңге дейін әлі де еншімізге екі-үш медаль бұйырып қалуы әбден мүмкін.
Жалпы, Альпі тауы – біздің студент спортшылар үшін құтты жер. 2003 жылы қысқы Универсиада Италияның Тарвизио қаласында өтіп, жерлестеріміз медальдің әр түрінен елге екі жүлдеден әкелген. 2005 жылы Аустрияның Инсбрук қаласында өткен дүбірлі додада 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальды еншіледік. Ал 2007 жылы Торинода өткен Универсиададан 2 алтын, 1 күміс, 2 қола иеленіп қайттық. Өкінішке қарай, 2009 жылы студенттеріміздің жолдары болмады ма, әйтеуір, Қытайдың Харбин қаласынан дымсыз қайтқанбыз. 2011 жылы қысқы Универсиада елімізде өткен ақ Азиадамен тұспа-тұс келіп, Түр­кия­ның Эрзурум қаласынан бір алтынды қанағат қылып қайттық. Енді, міне, тағы да – Альпі тауы, тағы да – Италия. Жақсыға ниет қылатын халықпыз ғой, бәлкім, осы жолы да студент спортшыларымыз елге кем дегенде екі алтынмен оралар.
Негізі, биыл Универсиада ойындары Трентинода емес, Словенияның Марибор қаласында өтуі тиіс болатын. Бірақ қаржыдан қағажу көрген мариборлықтар соңғы сәтте дүбірлі додадан бас тартып, Универсиада ойындары шұғыл түрде Ап­пенин түбегіне алмастырылған. Ал трен­тинолықтар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатыр. Ресми өкілдері мен туристерді қоспағанда 50-ден астам елден 1740 спортшыны қабылдады. Жапо­ния, Канада, АҚШ, Ресей сияқты додаға жүзден астам спортшысын қосқан елдер де, Бразилия, Тайланд, Монако се­кіл­ді бір ғана саңлағына сенім артып отыр­ған мемлекеттер де бар. Спорттың 12 түрі­нен 78 медаль жиынтығы сарапқа салы­нуда.
Қазақстан құрамасы Трентиноға 57 спортшысын апарыпты. Әзірге жүлдеге іліккені – екеу ғана. Екеуі де бір күнде атой салған. Екеуі де – шаңғышы. 7,5 шақы­рым­ға созылған жарыста жерлесіміз Марк Старостин ресейлік Рауль Шакирзяновтан небәрі алты-ақ миллисекундқа қалып қойып, күміспен күптелді. Үшінші орынға Ресейдің тағы бір спортшысы Павел Султанов орналасты. Негізі, Старостиннен бөлек бұл сында Қазақстанның тағы бір­неше шаңғышысы сынға түскен. Евгений Величко үздік бестіктен, Сергей Малышев үздік жетіліктен көрінсе, Александр Малы­шев пен Ганндий Матвиенко сәйкесінше, 17-нші және 18-орындарды иеленіп, Александр Осипов 31-орынға тұрақтады.
Есесіне, қыздар арасында 5 шақырым­дық классикалық жарысқа түскен Татьяна Оссипова қарсыластарын қар қаптырып, мәре сызығын бірінші болып қиды. Әлгі қашықтықты жарты сағатқа жеткізбей жү­ріп өткен жерлесіміздің басты бәсекелес­тері украиналық Катерина Григоренко мен финляндиялық Маржаана Питканен болған. Алғашқысы бір секундқа қалып қойса, екіншісі 2,5 секундқа артта келді. Негізі, Питканеннің орнында тағы бір жер­лесіміз Марина Матросова болуы керек еді, өкінішке қарай, соңғы сәтте жылдам­дығын бәсеңдетіп алған Марина төртінші орынды қанағат қылды. Бесінші орын да біздікі. Нақты айтсақ, жеңімпаздан 4 се­кундқа қалып қойған Виктория Ланчакова үздік бестіктен көрінді.
Сонымен қатар хоккейшілерімізге де мол үміт артамыз. «С» тобында өнер көр­сеткен Қазақстан ұлттық құрамасы алдымен украиналықтарды жеңді. Есеп – 4:2. Одан кейін 3:1 есебімен жапондардан басым түсіп, топтық кезеңді 4:2 есебімен қорытындылады. Бұл жолы жерлестеріміз «Үйеңкі жапырағы» елінің студенттерін тізе бүктірді. Ал ширек финалда Латвияны 6:1 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алғашқы кезеңде қарсылас қақпасына жауапсыз үш шайба соғып үлгерген жерлестеріміз екінші кезеңде тағы бір голмен басымдықты арт­тыра түсті. Тіпті осы кезеңде латвия­лық­тардың соққан бір голы да қорытынды есепке әсер ете алған жоқ. Ал соңғы ке­зең­де біздің құрама тағы да екі шайба соғып, Латвия құрамасына еш айла қалдырмады. Енді бүгін жерлестеріміз АҚШ құрамасы­мен кездеседі. Өз кезегінде америкалықтар ширек финалда дода қожайындары Ита­лия студенттерімен кездесіп, 5:0 есе­бімен ойсырата жеңген. Екінші жартылай финал Канада мен Ресейдің арасында өтеді.
Жалпы, бүгін – 13, ертең 4 медаль жиынтығы өз иелерін таппақ. Арасында Қазақстан спортшылары да болады деп үміттенеміз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста