Елена Рыбакина Римде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

Елена Рыбакина Римде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

И. Швентек пен Е. Рыбакина осыған дейін өзара үш рет кездескен.

Қазақстандық Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды. Бұл туралы Sn.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

И. Швентек төртінші айналымда әлемнің 24-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде поляк теннисшісі 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, "Үлкен дулыға" жарысының төрт дүркін чемпионы, Рим мастерс турнирінің өткен жылғы жеңімпазы И. Швентек жартылай финалға шығу үшін қазақстандық Елена Рыбакинамен таласады.

И. Швентек пен Е. Рыбакина осыған дейін өзара үш рет кездескен. Есеп – 2:1, Елена алда. 2021 жылы Остравада поляк спортшысы 7:6, 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне Е. Рыбакина 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында 6:4, 6:4, Индиан-Уэллс додасының жартылай финалында 6:2, 6:2 есебімен есе қайтарды. Бұл ойындардың бәрі хард төсенішінде өтті.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста