«Дзюдо тарланы» – Таутановқа тағзым

Дзюдодан Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 1996-97 жылдары туған жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Манарбек Таутановты еске түсіруге арналған бірін­ші республикалық коман­далық ашық турнир өтті.
Өкінішке қарай, отандық дзюдоның дамуына өзіндік үлес қосқан білікті бапкер Манарбек Таутанов былтыр дәл осы қара­ша айында небары 44 жасында дауасыз дерттен дүниеден озған болатын. Бірақ қа­зақта «Көп жасағаннан сұрама, көпті көр­геннен сұра» деген нақыл бар емес пе. Манарбек Бекенұлы көп жасамаса да, көп­ті көрді. Бар саналы ғұмырын қазақша күрес, самбо, дзюдо белдесулеріне арнап, көрген-білгенін, ойына түйгендерін шә­кірт­терінің бойына сіңіру жолында сарп етті. Тек жаттықтырушы ғана емес, оларға күн­делікті күйбің тірлікте ақылшы, кеңес­ші, тіпті турасын айтсақ, қамқоршы екінші әке бола білді. Бұл – Таутановтың адамгер­шілік, азаматтық тұрғыдағы дәреже-дең­гейінің, парасат-пайымының жоғарылы­ғын айғақтайды.
Аталмыш турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Таутановтың әріп­тес ағалары, үзеңгілес інілері, танымал шә­кірт­тері марқұмның ізгі істерін еске алы­сып, рухына тағзым етті. Артында қал­ған жан жары Гүлмираға, қызы Әйгерім мен ұлы Мадиярға қолдан келген көмекте­рін аямайтындықтарын білдірді. Осы тұста ҚР дзюдо федерациясының бас хатшысы Абай Қаймақов турнирге қатысушылар мен қонақтарға шетелдік жолсапарда жүр­ген федерация басшысы Бекет Махмұ­товтың құттықтауын жеткізді. Манарбек Тау­тановқа арнайы тағайындалған «Дзю­до тарланы» ордені марқұмның зайыбына табыс етілді.
Өз кезегінде арамыздан ерте кеткен бапкердің қызы Әйгерім әкесінің рухына бағышталған сағыныш пен мұңға толы пер­зенттік әнін көпшілікке тарту етті. Әке жолын қуған жасөспірім Мадияр Қызыл­орда облысы құрамасының сапында бел­десіп, командалық есепте қола жүлдеге ие болды.
Иә, шынында да, Манарбек Таутанов Қазақстан дзюдосының өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосты. Ол ұлттық құраманың тізгінін ұстап тұрған кезде Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Оның шәкірт­тері өзге де көптеген әлемдік, құрлықтық деңгейдегі ірі додаларда топ жарып, жүл­де­герлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, Базарбек Донбай 2000 жылғы Сидней Олим­пиадасында үздік бестікке ілінсе, 2002 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. 2004 жылы Алма­тыда Мұратбек Қып­шақбаевпен және Асхат Жіткеевпен бірге Азия чемпионы ата­нып, әлем кубогы ке­зеңдерінде топ жар­ды. Ерлан Слямбаев 1998 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзі­лік жастар ойындарында қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жең­іп алды. Елдос Ықсанғалиев пен Сала­мат Отарбаев та талай халықаралық бе­дел­ді додаларда жеңімпаз атанып, жүл­де­лі орындарға көтерілді. Өкінішке қарай, Әбіл Дөңбай, Самат Жылқыбаев сынды та­лантты шәкірттері жарақат салдарынан татами­ден тым ерте кетуге мәжбүр болып, өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмады. Есесіне басқару, ұйымдастыру тұрғысын­да едәуір жетістіктерге жетті. Самат бас бап­кер ретінде ұлттық құраманы 2008 жыл­ғы Бейжің Олимпиадасына дайын­даса, Әбіл биыл Шығыс Қазақстан облыс­тық дене тәрбиесі және спорт басқар­масы­ның басшысы қызметіне таға­йын­далды. Үлкен спортпен қош­тасқан өзге шәкірттері де еліміздің түк­пір-түкпірінде өз салала­рында табысты еңбек етуде.
Садық Мұстафаев, Қызылорда облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:
– Манарбек екеуміз денешынықтыру институтына бірге түстік. Мен – Қызыл­орда жақтан, ол – Семейден (киелі Абай топы­ра­ғынан). Алғаш сонда танысып, көп ұза­май-ақ бірге туған бауырлардай жақын араласып кеттік. Тіпті қалай ажы­рамас жан дос болып кеткенімізді де байқамай қал­дық. Ол кезде 20-ның ар жақ, бер жағын­дағы жанып тұрған жігіт­тер­міз. Басымыз­дан небір қызықты да шытырман оқиғалы жайттар өтті. Қайсы­бірін айтасың... Манарбектің бапкерлік, ұйымдастырушылық қа­бі­леті сол кез­ден-ақ айқындала бастаған. Қазақша кү­рес, самбо, дзюдо дегенде ішер асын жерге қоятын, өз ісінің нағыз фа­наты еді. Амал не, ұлын ұяға, қызын қия­ға қонды­руға үлгермей кетті. Манарбек қайтқан соң, ұлы Мадиярды өз қамқорлы­ғыма ал­дым. Бұл жан досымның аруағы ал­дын­дағы парызым деп білемін. Қазір ол әке жолын қуып, Қызылордадағы спорт мек­тебінің дзюдо бөлімінде білім алып, шеберлігін шыңдауда. Әзірге аяқ алысы жаман емес. Әкесінің еске түсіру турни­рінде командаластарымен бірге үшінші орынға қол жеткізіп отыр.

Еліміздің барлық облыстары мен көрші Қырғызстаннан келген жасөспірім балуан­дар арасындағы алғашқы ашық турнирде Шығыс Қазақстан облысының командасы бас жүлдені жеңіп алды. Тартысты өткен финалдық кездесуде олар оңтүстік­қазақ­стандықтардан 5:4 есебімен басым түсті. Қызылорда мен қырғызстандық қонақтар жүлделі үшінші орынды өзара бөлісті. Үш­ін­ші орын үшін өткен шешуші белдесулерде алғашқылары жамбылдықтарды қапы қал­дырса, соңғылары Алматы облысы дзю­дошыларынан басым түсті.
Осы турнирді ұйымдастырушылар бо­лашақта Қазақстанға еңбек сіңірген жат­тықтырушы Манарбек Таутановты еске түсіруге арналған ашық турнирдің ауқы­мын кеңейтіп, дәстүрлі түрде өткізіп тұру­ды жос­парлап, тарасты.
Бақтияр ӘСІРЕНКИЕВ, арнайы «Алаш айнасы» үшін

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста