Бүкіләлемдік рейтинг

Бүкіләлемдік рейтинг

 

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) 11 салмақ дәрежесіндегі боксшылардың бүкіләлемдік рейтингін жариялады. Бұл рейтинг үлкен теннис пен футболдағыдай халықаралық додаларда кіл мықтылардың жолдары бірден түйісіп қалмау үшін қолданылатын болады.

Өздеріңізге белгілі, қыркүйектің бірін­ші жұлдызында Италияның Милан қала­сында әуесқой бокстан ХV әлем чемпионаты басталады. AIBA осы бүкіл­әлемдік біріншілікте рейтингтік жүйе­ні қолданып, боксшыларды жіктемек. AIBA бұл жүйені seeding деп атапты. Ағылшын тілінен қазақшаға аударар болсақ, бұл «іріктеу», «сұрыптау», «сүзгі» деген мағыналарды білдіреді. AIBA-ның жіктемесі немесе сұрыптамасы (посеві) бойынша әр салмақ дәрежесінде сегіз үздік боксшы іріктелініп алынып, қалғандары жеребеге тартылады. Осыған орай, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы боксшылардың бүкіләлемдік рейтингін есептеп шығарды.

untitled-214

Мұнда боксшылардың Олимпиада ойындарындағы, әлем чемпионаттарындағы, жастар арасындағы әлем чемпионаттарындағы, Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлеріндегі және құрлық чемпионаттарындағы ие болған орындары есепке алынып, қорытындыланды. AIBA-ның мәлімдеуінше, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарындағы орындарға берілетін ұпай өзгелерден біршама көп болған. Тағы бір ескерерлік жайт, егер боксшы басқа салмаққа ауысса, онда оның бұрынғы салмақтағы ұпайларының 75 пайызы ғана жаңа салмақтағы рейтингке қосылған. Мысалы, біздің Серік Сәпиев биыл 64 келі салмақ дәрежесінен 69 келіге ауысты. Яғни оның 64 келідегі ұпайларының 75 пайызы ғана 69 келідегі рейтингіне қосылды. Сәпиевтің 69 келідегі рейтингте екінші орында тұруы және көш басындағы Карлос Бантер Суареспен арадағы ұпай айырмашылығының алшақтығы осыдан, әрине.

Жалпы, боксшылардың бүкіләлемдік рейтингіндегі ұпайы ең көп боксшы – украин тарланы Василий Ломаченко. Ол – 57 келі салмақ дәрежесіндегі Бейжің Олимпиадасының чемпионы һәм Вэла Баркер кубогының иегері. Әзірше оның еншісінде 2900 ұпай бар. Одан басқа төрт боксшыда 2500 ұпайдан бар. Олар – Цзоу Шимин (Қытай, 48 келі), Карлос Бантер Суарес (Куба, 69 келі), Эмилио Коррея Байекс (Куба, 75 келі) және Роберто Каммарелле (Италия, + 91 келі).

Бүкіләлемдік рейтингте де Куба қабыландарының шоқтығы байқалады. Кубаның күрзі жұдырықты қырандарының бірде-біреуі былтыр Бейжің Олимпиадасының чемпионы болмаса да, 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионатына қатыспаса да 11 салмақтың жетеуінде осы елдің боксшылары көш бастап тұр. Өкінішке қарай, біздің бірде-бір боксшымыз бірінші орында емес. Бірақ алдағы уақытта кейбір салмақтарда біздің қайсар жігіттеріміз көш бастайды деп сенеміз.
AIBA шығарған осы рейтингті негізге алатын болсақ, Миланда біздің 1-2 боксшымыз ғана өз салмақтарындағы үздіктердің сапында іріктелініп алынатын сияқты. Сәпиевтің үздіктер қатарында екенінде сөз жоқ, әрине. Егер рейтингте өзінен жоғары орналасқан боксшылардың бірнешеуі әлем чемпионатына келмесе, Қанат Әбутәліпов те жеребеге тартылмай, сұрыптаулы сегіздің бірі болады. Сондай-ақ Василий Левит пен Иван Дычконың да Миланда іріктеулі сегіздіктің қатарына ілігіп қалуы ғажап емес. Ал соңғы деректерге сенсек, Біржан Жақыпов әлем чемпионатына қатыспайды. Әйтпесе оның рейтингтегі жағдайы жақсы еді. Сонымен қатар әртүрлі себептермен рейтингтегі жағдайлары тәп-тәуір Бақыт Сәрсекбаев, Бақтияр Артаев, Еркебұлан Шынәлиев және Руслан Мырсатаев сынды боксшыларымыз да Милан шаршы алаңына шықпайды.

Жалпы, 48-81 келі салмақ дәрежелеріндегі рейтингтік тізімде 80-103 боксшы бар. Ал 91 келі салмақ дәрежесінің рейтингінде 78 боксшы болса, ең ауыр салмақтың рейтингтік тізіміне 75 боксшы еніпті. Рейтингтік тізімдегі ең аз ұпай – 75 немесе 100. Ұпайлары бұдан төмендер рейтингке енгізілмеген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста