Бозкілемдегі жампоз балуандарымыз

Бозкілемдегі жампоз балуандарымыз

Күрес – өткен дәуірдегі ежелгі Олимпиада ойындары бағдарламасына жүгіруден кейін енген екінші спорт түрі. Әрі қазіргі заманғы, яғни сонау 1896 жылы өткен бірінші Олимпиада ойындары бағдарламасына енген тоғыз спорт түрінің бірі болған. Қысқаша айтқанда, күрес – бағзы заманнан келе жатқан һәм төрткүл дүниеге кең тараған спорт түрі.
Қазақ халқы да белдесу өнеріне ерте за­маннан ерекше көңіл бөлген. «Қазақ кү­ре­сі» деген ұлттық құндылығымыз, төл өне­ріміз де бар. Қазақ күресінің Орта Азия мен Кавказ халықтарының, сондай-ақ басқа де ел­дердің ұлттық белдесулерінің әдіс-тә­сіл­дерін, айла-амалдарын қамтуы – оның жан-жақтылығын, шежіресі терең екендігін көрсетеді. Мәселен, қазақ күресінде бал­уан­дар негізінен түрегеп тұрып белдеседі. Бұл оның жауынгерлік өнерге тән екендігін мең­зейді. Осы ұлттық өнерімізді мейлінше зерт­теген ғалымдарымыз бен ой­шыл­да­рымыз «қазақ күресін жетік меңгерген бал­уан ешбір елдің белдесу және жекпе-жек түр­лерінің хас шеберлеріне есе жібермейді, же­ңілмейді» деседі.
Әлгі сөздердің тектен-тек айтылмаған­дығын, күш атасы Қажымұқан атамыз дә­лелдеген. Грек-рим күресінен де, еркін кү­рестен де халықаралық турнирлерге қа­ты­сып, жеңімпаз атанған. Жүлдеге іліккен кез­дері де көп. Цирк өнерін де тез меңгеріп ке­тіп, талайларды тамсандырған. Атл­е­ти­ка­лық мектептен дәріс алған. Күншығыс елі өкіл­дерімен жапонша да күрескен. 1909 жы­лы Швецияда кәсіпқой балуандар ара­сында әлем чемпионы атанған.     
Қазақ даласында Қажымұқан Мұңайт­пас­ұлына дейін де білекті балуандарымыз көп болған. Бұл тұрғыда Балуан Шолақ ба­ба­мызды, ағайынды Сәрсекей және Сентай бал­уандарды, Қызылбас балуанды, Бо­ран­құл балуанды, Тәжі балуанды атап өтуге бо­лады. Одан кейінірек те Битабар балуан, Та­ңатқан балуан, Шеріпбай балуан, Бай­ға­был балуан сынды аталарымыз да жойқын қа­ра күштерімен ел есінде қалған. Ал Ва­силий Ярков Қажымұқан атамызбен де, Иван Поддубныймен де күрескен.
Кеңес үкіметі тұсында да бозкілемде елі­міздің абыройын асқақтатқан бозкілем ше­бер­лері аз болған жоқ. Әбілсейіт Айханов аға­мыз Олимпиада ойындары мен әлем бі­рін­шіліктерінің бірнеше дүркін чем­пион­дарын, есімдері төрткүл дүниеге мәшһүр даңқ­ты балуандарды жеңіп, қазақтың қай­сар халық екендігін шартарапқа паш етті. 1963 жылы Кеңес Одағының чемпионы бол­ды. Амангелді Ғапсаттаров және Аман­жол Бұғыбаев ағаларымыз да КСРО чем­пион­дары атанып, Кеңес Одағының спорт та­рихына өз есімдерін алтын әріппен жаза біл­ді. Өкінішке қарай, аты-жөндері аталған әй­гілі ағаларымыз бен басқа да жампоз балуандарымыз әртүрлі себептермен Олим­пиада ойындарына қатыса алмады. Әйт­песе төрт жылда бір өтетін дүбірлі до­дада топ жарып, жүлдеге іліккен қазақ бал­уандарының саны қазіргіден әлдеқайда көп болар да ма еді? Десек те, Кеңес Үкіметінің құрамында жүрген кезеңнің өзінде қазақ топырағынан шыққан таланттар тоқырау заманғы саясатқа бой бермей, халықаралық маңызды додаларда жеңіс тұғырына кө­те­рі­ле бастады. Анатолий Колесов пен Ана­то­лий Назаренко сынды жерлестеріміз бас­таған жеңісті жолдарды біздің елдің на­мы­сын жыртқан Анатолий Быков, Валерий Ре­занцев, Владимир Бакулин сынды білекті бал­уандар іліп әкетті.
Осыдан кейін қазақ жігіттері де Олимп шы­ңын бағындырды. 1980 жылы Мәскеу Олим­пиадасында грек-рим күресінен тұң­ғыш рет Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада чем­пионы атанып, қазақ халқын қуанышқа бө­лесе, іле-шала Шәміл Серіков те осы ерен жетістікті қайталады. Әрі екеуі де әлем чемпионы атанып, мерейімізді тасытқан.
Бұдан соң Дәулет Тұрлыхановтың дәуірі бас­талды. Дәулет Болатұлы 1988 жылы Сеул Олимпиадасында күміспен күптелсе, 1992 жылы Барселона Олимпиадасында қо­ла медаль жеңіп алды. Осылайша, Тә­уелсіз Қазақстан қоржынына алғаш бо­лып Олимпиада жүлдесін салған саңлақ­та­ры­мыз­дың бірі атанды. Екі мәрте әлем чем­пио­натында топ жарып, КСРО чемпионатын же­ті рет жеңіп алды. Сондай-ақ Еуропа мен Азияны да бағындырды.
Бақтияр Байсейітов 1995 жылы Прагада өт­кен әлем чемпионатында күміспен күп­те­ліп, үш жылдан кейін, яғни 1998 жылы Шве­цияда алтынмен апталып, күллі қазақты қуант­ты.
Кеңес Үкіметі тұсында қазақ балуан­да­ры­ның ерен жетістіктерге қол жеткізулеріне Қаб­ден Байдосов, Петр Матущак, Вадим Псарев, Владимир Угрениниов, Меркіжан Қошаев, Таңат Сағындықов сынды білікті бапкерлердің қосқан үлестері орасан зор болды.
1991 жылдан бастап күрес әлемінде де Тәуелсіз Қазақстан дәуірі басталып, бозкі­лемге балуандарымызды егеменді ел ретінде шығара бастадық.
1992 жылы Каталония жеріндегі жазғы Олим­пиада ойындарының ашылу сал­та­на­тында қазақтың көк байрағын ұстап шыққан Дәу­лет Тұрлыхановтың грек-рим күресінен бір қола еншілегенін жоғарыда жаздық. Одан кейін 1996 жылы Атлантада өткен Олим­пиада ойындарында Тәуелсіз қазақ елі­не екі медаль бұйырды. Юрий Мель­ни­чен­ко грек-рим күресінен саф алтынға қол жет­кізсе, Мәулен Мамыров еркін күрестен қола медаль жеңіп алды.
Негізі, Мәуленнің қола жүлдесінің ал­тын­ға бергісіздей маңызы зор болды. Се­бе­бі сол жылдары еркін күресімізде Ре­сей­ден келген балуандар көп еді. Солардың ара­сынан маңдайы жарқырап, жеңіс тұғы­ры­на көтерілген – жалғыз Мәулен бауы­ры­мыз. Әрі бұл Қазақстан балуандары үшін еркін күрестегі алғашқы Олимпиада жүлдесі болатын. Осылайша, Әбілсейіт, Амангелді, Аманжол сынды алдыңғы буын ағалары салған сара жолды Мәулен бауырымыз Олимп төрінде сабақтады.
Бір қызығы, күрестен алғаш рет Оли­м­пиа­да чемпионы атанған грек-рим күресі ше­бері Жақсылық Үшкемпіров ағамыз да, ер­кін күрестен алғаш рет Олимпиада жүл­де­гері атанған Мәулен Мамыров ба­уы­ры­мыз да – жеңіл салмақта бақ сынаған саң­лақ­тарымыз.   
2000 жылы «Жасыл құрлықта» өткен Олим­пиа­да ойындарында Ислам Бай­ра­муковтың бағы жанып, күміс медаль олжалады. Ал 2004 жылы Афиныда өткен Олим­пиада ойындарында үш балуанымыз үмі­тімізді ақтап шықты. Грек-рим күресінен Геор­гий Цурцумия, ал еркін күрестен Ген­на­дий Лалиев күміс медаль иеленсе, Мкхи­тар Манукян (грек-рим күресі) қола жүл­де­гер атанды. 2008 жылы Қытайда жалауы желбіреген жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан балуандары үшін аса сәтті дүбірлі дода болды. Нақтырақ айтар болсақ, Бей­жің бозкілемінен Тәуелсіз қазақ еліне бес медаль бұйырды. Нұрбақыт Теңізбаев пен Әсет Мәмбетов грек-рим күресінен қола ме­даль еншілеп, егеменді еліміздің ерле­рі­нің де жетіліп келе жатқандығын сомдай білді. Яғни бұлар – Тәуелсіз Қазақстанның өз қырандары мен төл тарландары. Жер­гі­лік­ті бапкерлердің тәрбиелеп шығарған же­ке шәкірттері, шүмектетіп төккен терінің тырнақалды жемістері. Сол жолы Бейжің Олимпиадасында еркін күрес шеберлері де жо­ғары нәтижеге қол жеткізіп, Таймураз Тигиев күміс жүлдені, ал Марид Муталимов қола жүлдені қанағат тұтты. Әйелдер ара­сын­дағы еркін күресте Елена Шалыгина қо­ла медаль иемденіп, қазақ спорты та­ри­хында тың жетістікке түрен тартты.
Бозкілемдегі тартысты белдесулерден алар жүлделеріміз бен қол жеткізер же­тіс­тік­теріміз әлі де алда деп білеміз. Бұйыртса, ке­лесі жылы Ұлыбритания төріндегі ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Нұрмахан Тынәлиев бастаған талантты балуандарымыз се­­нім үдесінен шығып, ел намысын абы­рой­мен қорғайды деген үміттеміз. Соған жет­кізсін...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста