Боз кілемде – ұлттық құрама болашағы

Боз кілемде – ұлттық құрама болашағы

Өскеменде еркін, грек-рим және әйелдер күресі­нен жастар арасындағы Қа­зақ­стан чемпионаты бас­талды. Әуелі боз кілемге ер­кін күрес балуандары шықты.
Өскеменде күн қатты аяз болғанымен, боз кілемдегі белдесулер қызу өтуде. Марат Сүлейменов басқарып отырған облыс­тық Спорт басқармасының мамандары төл біріншілігіміздің жоғары дең­гейде өтуіне барлық жағдай жасауда. Жалпы, шығыстың бас қаласына еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық еркін күрес өрендері келіпті. Биыл жастарға үлкен сенім артылып отыр. Былтырғы Азия чемпионаты мен әлем чемпионатында алтын алған ешкім болмады. Әлемдік додадан қанағат қылғанымыз – жал­ғыз қола. Оның бер жағында дәл осы бал­уандардың алдағы уақытта ұлт­тық құра­ма сапында Бразилияда өтетін Олимпиа­да ойындарында белдесетін уақыты келеді. Мамандардың айтуынша, Лондон Олимпиадасынан кейін негізгі құрамның тең жартысы үлкен спорттан қол үзетін секілді. Сол себептен биылғы ел чемпиона­тының маңы­зы зор. Тіпті биыл мамыр айы­ның соңы мен мау­сымның басында Азия чемпионаты өте­ді. Нақтырақ айтқанда, 31 мамыр мен 3 мау­сым аралығында. Осы сында топ жарып, көз­ге түскендерден ұлт­тық құрама жасақ­та­ла­тындығы даусыз. Сол құрама сары­ құр­лық біріншілігінде ел намы­сын қорғайды.
Сонымен, алғашқы күнгі белдесулер қоры­тындысына тоқталатын болсақ, 50 келі салмақта Алматы қаласының өкілі Нұрлан Тұрған алтынмен апталды. Ол финалда был­тыр жасөспірімдер арасында әлем чемпио­ны атанып, ел мерейін үстем еткен Владимир Кудринмен белдескен болатын. Ақтық белдесуге дейін сүрінбей жет­кен Кудрин өзінің шын мәнінде әлем чемпионы екенін көрсетті. Шеберлігі шың­дал­ғаны байқалып тұрды. Бірақ әлі қабыр­ғасы қатпапты. Қар­сыласына күш жағынан шамасы жетпеді. Әлі толысуы керек екен. Өте байсалды, осы жолдан таймай, да­йындығын әрі қарай да кешенді түрде жал­ғастыра беретін болса, Кудриннің әлі талай асуларды бағынды­ра­тындығы даусыз.
Ұлттық құраманың аға бапкері Манарбек Қыстаубаев «Кім қалай күресті, шеберлігі қалай?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бәрін тізімге алып отыр. Азия чемпионатынан кейін әлемдік бәсеке күтіп тұр ғой. Сол себептен де екі құрама жасақтауы тиіс.
60 келі салмақта Тараздан келген Мейір­жан Әшіровтің мерейі үстем болды. Ол шешуші белдесуде қызылордалық Қанат Мұсабектен басым түсті. 74 келіде кілем иесі Әбубәкір Торғаев топ жарып, жергілікті жанкүйерлерді бір қуантып тас­та­ды. Ол финалдық белдесуде астана­лық Нұржан Сқақовтан басым түсті.
96 келіге дейінгі салмақта шымкенттік Іңкәр Ермұхамет бірінші орын алды. Ол финалда қостанайлық Бека Жваридзениді қапы қалдырды. Шымкенттік балуан бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында ел біріншілігін ұтқан болатын.
Айтпақшы, ел біріншілігінің ашылу салтанатында ҚР күрес федерациясының бас хатшысы Жаңаберген Қармандаев қа­зақ­стандық Айдын Сәрсекеевке FILA (Ха­лық­аралық күрес федерациясы) төре­ші­сі деген атақты табыс етті. Енді ол әлем және Азия чемпионаттары, басқа да ірі халық­ара­лық жарыстарға төрелік ете алатын болады. Сонымен қатар елі­мізде күрестің өркендеуіне қосқан өзіндік үлесі үшін ШҚО күрес федера­циясының президенті Марат Мұзапаров ҚР күрес федерациясы тара­пының алтын сағаты­мен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста