Боз кілемде – қазақ күресінің «барыстары»

Бүгін Астанадағы сәулетті «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі жолындағы республикалық «Қазақстан барысы» турни­рінің ақтық белдесулері өтеді.
Екінші рет ұйымдастырылып отырған жалпыұлттық турнирге 34 таңдаулы ба­луан қатысады. Олардың 32-сі – әр аймақтан үздік шыққан білекті балуандар. «Қазақстан барысы» жобасының жаңадан бекітілген ережесіне сәйкес, биыл іріктеу сындары үш кезеңде өткізілді. Яғни үш сатылы електік сындардың біріншісі ауыл­ды жерлерде, содан соң аудандық деңгей­де өткізіліп, аймақтық белдесулердің үз­діктері облыстық (қалалық) біріншіліктерге қатысты. Содан соң 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларындағы біріншілік­тер­дің финалында күрескен қос балуан республикалық ақтық сынға жолдама ал­ды.
«Қазақстан барысы» жобасының бас­па­сөз қызметі таратқан деректерге сенсек, биылғы жалпыреспубликалық турнирдің наурыз айынан басталған барлық іріктеу сындарына 749 мың балуан қатысып, бақ сынаған екен.  

Осы бүкіл республика аумағынан сұ­рыпталып шыққан 32 балуанға былтырғы, ең алғашқы «Қазақстан барысы» жоба­сы­ның жеңімпазы Ұлан Рысқұл мен дзюдодан Лондон Олимпиадасында ел намысын қорғаған Ержан Шынкеев қосылды.
Негізі, Лондон Олимпиадасына қатыс­қан балуандарға ешқандай іріктеусіз ақ­тық белдесулерге қатысуға мүмкіндік берілген. Бірақ осындай тамаша мүмкін­дікті тек бір ғана балуан пайдаланып отыр. Грек-рим күресі мен еркін күрес шеберлері мүлде қара көрсетпеді.
Енді осы 34 балуанның жекелей дерек­теріне қысқаша тоқталып өтсек. Осыған қарап отырып, өздеріңіз-ақ балуандардың арасындағы ең бойшаңы және аласасы, салмағының ауыры және ең жеңілі қайсы­сы, ең жасы мен егдесі кім екенін бағдар­лай жатарсыздар.
Іріктеу турнирінен тыс қатысатындар                            
Ұлан Рысқұл
Лақап аты: Сыр қыраны
Туған жылы: 1986
Бойы: 186 см
Салмағы: 123 келі
Туған жері: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: 2011 жылғы «Қа­­­зақстан барысы» турнирінің жеңімпа­зы.
Ержан Шынкеев
Лақап аты: Көк бөрі Керней
Туған жылы: 1985
Бойы: 181 см
Салмағы: 120 келі
Туған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Босаға ауылы
Спорттық атағы: Қазақ күресінен спорт шебері, самбо мен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Спорттағы жеткен жетістіктері: Дзюдо­дан Азия ойындарында – 2-орын және 3-орын. Әлем кубогы – 3-орын. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан.
Ақмола облысы                                                                              
Рустам Жұмаев
Лақап аты: Ақмола арыстаны
Туған жылы: 1992
Бойы: 198 см
Салмағы: 121 келі
Туған жері: СҚО, Тайынша ауданы, Ко­тов ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чем­пионатының қола жүлдегері.
Нұрлан Жамалов
Лақап аты: Көкше арланы
Туған жылы: 1986
Бойы: 188 см
Салмағы: 90 келі
Туған жері: Өзбекстан Республикасы, Шыршық қаласы
Спорттық атағы: Халықаралық дәреже­дегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чем­пионы.
Ақтөбе облысы                                                                                
Бақтыбай Қисықов
Лақап аты:  Шөмекей аюы
Туған жылы: 1987
Бойы: 180 см
Салмағы: 76 келі
Туған жері: Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданы, Комсомол ауылы
Спорттық атағы: Еңбек сіңірген спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы.
Нұрсұлтан Иманғазин
Лақап аты: Мұғалжар қыраны
Туған жылы: 1990
Бойы: 180 см
Салмағы:  92 келі
Туған жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Шығыс ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Қазақстан кубогының күміс жүлдегері.
Алматы облысы                                                                              
Руслан Сейілханов
Лақап аты: Жетісу арыстаны
Туған жылы: 1972
Бойы: 177 см
Салмағы: 99 келі
Туған жері: ШҚО, Өскемен қаласы
Спорттық атағы: Халықаралық дәреже­дегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан әлем чемпионы, дзюдодан екі Олимпиада ойын­дарына қатысқан.
Айдос Қаңлыбаев
Лақап аты: Көксу көкжалы
Туған жылы: 1989
Бойы: 189 см
Салмағы: 137 келі
Туған жері: Алматы облысы, Көксу  ау­даны, Амангелді ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы.
Атырау облысы                                                                                
Нұрбек Қожағалиев
Лақап аты: Бәйтерек
Туған жылы: 1989
Бойы: 173 см
Салмағы: 74 келі
Туған жері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы
Спорттық атағы: Спорт шеберіне үміткер
Спорттық жетістіктері: Греплингтен Қазақстан чемпионы.
Кенжебек Күзенбаев
Лақап аты: Шағырай
Туған жылы: 1991
Бойы: 176 см
Салмағы: 130 келі
Туған жері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелді ауылы.
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Дзюдодан жас­тар арасындағы Қазақстан чемпионаты­ның қола жүлдегері.
Батыс Қазақстан облысы                                                         
Арман Әбеуов
Лақап аты: Малайсары
Туған жылы: 1982
Бойы: 190 см
Салмағы: 125 келі
Туған жері: Қарағанды облысы, Қара­жол қаласы
Спорттық атағы: Халықаралық дәре­же­­дегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
Еділ Үсенов
Лақап аты: Орал бурасы
Туған жылы: 1981
Бойы: 184 см
Салмағы: 106 келі
Туған жері: БҚО, Орал қаласы, Сырым ауданы, Қособа ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан ҚР IV Халық ойындарының жеңімпазы.
Жамбыл облысы                                                                           
Бейбіт Ыстыбаев
Лақап аты: Тараз арланы
Туған жылы: 1985
Бойы: 193 см
Салмағы: 135 келі
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауылы
Спорттық атағы: Халықаралық дәре­же­де­гі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпио­ны, 2011 жылғы  «Қазақстан барысы» тур­нирінің күміс жүлдегері.   
Жасұлан Әбішев 
Лақап аты: Әулиеата барысы
Туған жылы: 1986
Бойы: 186 см
Салмағы: 110 келі
Туған жері: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, белбеулі күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Қарағанды облысы                                                                      
Асыл Барменов
Лақап аты: Жас сұңқар
Туған жылы: 1988
Бойы: 176 см
Салмағы: 95 келі
Туған жері: Қарағанды облысы, Жа­ңаар­қа ауданы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Азия чемпионы.
Александр  Касачев
Лақап аты: Тұлпар
Туған жылы: 1987
Бойы: 177 см
Салмағы: 90 келі
Туған жері: ШҚО, Семей қаласы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Дзюдодан әлем кубогының қола жүлдегері.
Қостанай облысы                                                                           
Мұрат Кеңтонов
Лақап аты: Смаил балуан
Туған жылы: 1971
Бойы: 182 см
Салмағы: 96 келі
Туған жері: Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Спорттық атағы: Халықаралық дәре­жедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Максим Гербер
Лақап аты: Қостанай аюы
Туған жылы: 1988
Бойы: 192  см
Салмағы: 120 келі
Туған жері: Қостанай облысы, Әулиекөл ауылы
Спорттық атағы: Халықаралық дәреже­дегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жүлдегері.
Қызылорда облысы                                                                    
Ерболат Юсупов
Лақап аты: Сыр барысы
Туған жылы: 1982
Бойы: 188 см
Салмағы: 125 келі
Туған жері: Қызылорда қаласы
Спорттық атағы: Спорт шебері.
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Руслан Әбдіразақов
Лақап аты: Сыр арланы
Туған жылы: 1988
Бойы: 196 см
Салмағы: 103 келі
Туған жері: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Кураштан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Шығыс жекпе-жектері түрлері бойын­ша өткізілген Азия ойындарының күміс жүлдегері (кураштан).
Маңғыстау облысы                                                                       
Бақдәулет Абызов
Лақап аты: Маңғыстаудың көк бөрісі
Туған жылы: 1988
Бойы: 184 см
Салмағы: 90 келі
Туған жері: ОҚО, Шардара ауданы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан Қазақстан кубогының иегері.
Күнәлем Ержанов
Лақап аты: Баубек
Туған жылы: 1986
Бойы: 185 см
Салмағы: 125 келі
Туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Еркін күрестен Қазақстан кубогының жеңімпазы.
Оңтүстік Қазақстан облысы                                                    
Сабыржан Әбілдаұлы
Лақап аты: Оңтүстік қыраны
Туған жылы: 1989
Бойы: 180 см
Салмағы: 100 келі
Туған жері: ОҚО, Отырар ауданы, Шәуіл­дір ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан Азия чемпионы.
Нұрзат Бекасылов 
Лақап аты: Дарабоз
Туған жылы: 1987
Бойы: 180 см
Салмағы: 90 келі
Туған жері: ОҚО, Бәйдібек ауданы, Майбұлақ ауылы
Спорттық атағы: Халықаралық дәреже­дегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен әлем, Еуропа және Азия чемпионы.
Павлодар облысы                                                                        
Дархан Жоламанов 
Лақап аты: Асау
Туған жылы: 1986
Бойы: 180 см
Салмағы: 92 келі
Туған жері: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Әуелбек ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Белбеулі күрес­тен әлем чемпионатының қола жүлдегері, белбеулі күрестен үш дүркін Азия чемпио­ны.
Мұрат Бәкір
Лақап аты: Ертіс бөрісі
Туған жылы: 1981
Бойы: 182 см
Салмағы: 92 келі
Туған жері: ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан Қа­зақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
Солтүстік Қазақстан облысы                                                 
Дәурен Есләмов
Лақап аты: Баян батыры
Туған жылы: 1986
Бойы: 177 см
Салмағы: 82 келі
Туған жері: СҚО, Жамбыл ауданы, Баян ауылы
Спорттық атағы: Спорт шеберіне үміткер
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Қазақстанның қола жүлдегері.  
Айбек Қырықбай
Лақап аты: Көк бөрі
Туған жылы: 1984
Бойы: 180 см
Салмағы: 87 келі
Туған жері: Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей аймағы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Азия чемпионатының күміс және қола жүл­дегері
Шығыс Қазақстан облысы                                                      
Айбек Нұғымаров
Лақап аты: Шығыс барысы
Туған жылы: 1987
Бойы: 188 см
Салмағы: 132 келі
Туған жері: ШҚО, Абай ауданы
Спорттық атағы: Халықаралық дәре­жедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы
Шалқар Жоламанов
Лақап аты: Қожақыл
Туған жылы: 1979
Бойы: 174 см
Салмағы: 100 келі
Туған жері: ШҚО, Үржар ауданы, Ма­қан­шы ауылы
Спорттық атағы: Халықаралық дәреже­дегі спорт шебері.
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің қола жүл­дегері.
Алматы қаласы                                                                                
Ердәулет Құрманов
Лақап аты: Алатау барысы
Туған жылы: 1991
Бойы: 188  см
Салмағы: 100 келі
Туған жері: Алматы қаласы
Спорттық атағы: спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан жас­өс­пірімдер арасындағы әлем чемпиона­ты­ның қола жүлдегері
Жайдар Сайлаубаев
Лақап аты: Балуан
Туған жылы: 1984
Бойы: 177 см
Салмағы: 82 келі
Туған жері: ШҚО, Ұлан ауданы, Торғын ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Самбодан әлем кубогының қола жүлдегері.
Астана қаласы                                                                                    
Ғани Сейділдаев
Лақап аты: Астана барысы
Туған жылы: 1981
Бойы: 182 см
Салмағы: 97 келі
Туған жері: Жамбыл облысы, Жуалы ау­даны, Көлтоған ауылы
Спорттық атағы: Еңбек сіңірген спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпа­зы, екі дүркін Азия чемпионы, әлем кубо­гының иегері.
Дархан Бижанов
Лақап аты: Қыпшақ
Туған жылы: 1984
Бойы: 183 см
Салмағы: 95 келі
Туған жері: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Аманкелді ауданы, Сарыторғай ауылы
Спорттық атағы: Спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүл­дегері.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста