Біздің олимпиадашылар

Біздің олимпиадашылар

Нар тұлғалы Нұрмахан
«Қазақта алып батырлар қал­мады» дей­тін­дер Нұр­маханға қа­­ра­сын. Грек-рим күресіндегі аса ауыр салмақ­ты балуанымыз Лон­дон Олим­пиа­­дасында ал­­тын үшін та­­ла­­сып қана қой­­­май, ашылу сал­тана­тында елі­­міздің көк туын көтеріп шы­ға­тын болады.

Тінәлиев Нұрмахан Анарбекұлы
Туған жылы: 10.01.1988 ж.
Туған жері: Жамбыл облысы, Шу ауданы
Спорт түрі: Грек-рим күресі
Салмақ дәрежесі: 120 келі
Жеке бапкерлері: Марат Тұрлыханов, Георгий Цурцумия
Ең ірі жетістіктері: Әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Лондон Олимпиадасында Нұрмахан­ға артылар жауапкершілік жүгі екі есе ауыр болғалы тұр. Өйткені 1994 жылдан бергі қазақ олимпиадашыларының тарихына жүгінсек, төрт жылдықтың додасында ту ұстап шыққан саңлақтарымыздан тек Ер­махан Ибраимов қана алтын ала ал­ған. Де­генмен Ермахан ағасы секілді Нұрма­хан бауырымыз да Олимпиадада көк туымызды өзі көтеріп шығып қана қой­май, өз жеңісінің құрметіне тағы бір мәр­те желбіретеді деген үміттеміз.
Жалпы, ұлттық құраманың бас бапкері Мұратбек Қасымхановтың айтуынша, бүгінде Нұрмахан Тінәлиевтің таза сал­мағы 128 келінің ар жақ, бер жағында екен. Екі рет әлем чемпионатында қола жүл­дегер атанған. Өмірі жеңілместей көрін­ген Ресейдің аңыз балуаны Хасан Бароевтың жауырынын жерге тигізген. «Ал осыдан кейін «қазақта алып батырлар қалмады» дейтіндер маған келсін. Нұрмаханға жіберейін», – деді Мұратбек Құсайынұлы Алматыда журналистермен болған кездесуінде
– Несіне таңғаласыздар? – деді бас бап­кер Тінәлиевтің жаттығуын аузымыз­дан суымыз аға тамашалап тұрған бізге қарап. — Нұрмаханның алып батыр болып туылатындай жөні бар. Біріншіден, ол – әйгілі Балуан Шолақтың тікелей ұр­пағы. Екіншіден, әкесі марқұм Анарбек ағамыз да алып кісі болған. 160 келі тартатын. Шешесі де қарапайым адам емес. Жұмагүл әпкеміз – 110 келі. Әкесі кезінде өзі де талай додаларда белдесіп, тек грек-рим күресімен ғана емес, қазақ күре­сімен де айналысқан. Қалалық, об­лыс­тық деңгейлерде қарсылас шақ келтірмейтін қара күш иесі болған. Осындай тегі, осындай бабалары бар Нұрмахан қалай алып болмайды, – деп қосып өтті Мұратбек Құсайынұлы.
Күреске де Нұрмаханды әкесі алып келген. Бұл 2002 жыл болатын. Баласымен жолға дайындалып, Алматыға тартып кеткен Анарбек ағамыз баласын «Дәу­лет» күрес мектебіндегі жаттық­тыру­шыларға табыстайды.
– Ол кезде небәрі 14 жаста болатынмын. Салмағым 54 келі тартатын. Ауылдан басқа ешқайда шығып көрмеген маған басында Алматыда тұру ауыр тиді. Бірінші кездері Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық академиясында оқитын ағам Жомартпен сол оқу ордасының жатақханасында тұрдым. Ке­йін пәтер жалдадық. Шынын айтсам, ауы­лымды қатты сағынатынмын. Тек әке сені­мін ақтау үшін ғана күресті тастамадым, – деп еске алады сол кездерін алып Нұр­махан.
Еңбегі, маңдай тері зая кеткен жоқ. Бі­лікті қос маман Марат Тұрлыханов пен Георгий Цурцумияның қол астында жат­тыққан балуанымыз көп ұзамай-ақ жетіс­тік­терге жете бастады. Арада екі жыл өт­кенде 85 келі салмақ дәрежесінде қатар­лас­тары арасында ел чемпионы атанды. 2005 жылы алғаш рет шетелге шығып, Түр­кияда өткен халықаралық додада фи­налға дейін жетті. Сол жылы Жапонияда өткен жастар арасындағы Азия бірінші­лігінен қоламен оралды. Осылай жеңісті жекпе-жектер бірінен соң бірі жалғаса бер­ді. 2009 жылы Марат Тұрлыхановтың көме­гімен екі жылға жуық Мәскеуде тұрып, Ресей ұлттық құрамасының белді бал­уандарымен бірге белдесулер өткізді. Сол кезде-ақ жаттығу жиындарында Хасан Бароевпен бір кілемде белдесетін. Кейін әлем чемпионатында атақты қарсы­ласын қапы қалдырып, жауырынын жерге тигізді. Ал Олимпиада лицензиясына Тінәлиев өткен жылы Стамбулда өткен әлем біріншілігінде қол жеткізді. Рас, кү­рес түрлерінде Олимп жолдамасы жеке спортшыға емес, ұлттық федерацияға бе­рі­леді. Бірақ сол кездің өзінде-ақ, Лон­дон­ға Нұрмаханның баратынына ешкім­нің күмәні болмаған. Бүгінде дарабозымыз Олимпиадаға алаңсыз дайындалуда. Ел ішінде алып балуандар қат болған­дықтан, күрес федерациясы Тінәлиевке спар­ринг-серіктес ретінде Грузияның екін­ші нөмірлі балуаны Реваз Челидзе мен Қыр­ғызстанның үздік балуаны Мұрат Рамо­новты шақыртты. Енді Олимпиададан алып балуанымыздың абыроймен ора­ларына үміттенеміз.
Олимпиададағы мүмкіндіктері:
«Егер Алла сәтін салса, Лондонда Нұр­махан алтын алады. Бүгінде ол нағыз бабында», – деді Мұратбек Қасым­ханов.
Басты қарсыластары:
«Ауыр сал­мақта көшбасшылардың ауыспағаны­на біраз жылдың жүзі болды ғой. Өткен жыл­ғы әлем чемпионатында түрік Риза Каял­птан жеңілдім. Кубалық Карлос Лопес пен ресейлік Хасан Бароев та мықты», – деді Тінәлиев.
Артықшылықтары:
«Жаттығуда – еңбекқор, боз кілемде – жауынгер, – деп баға берді жаттық­ты­рушы ағасы Георгий Цурцумия.
Кемшіліктері:
«Оның кемшілігі жоқ. Бүгінде Нұр­ма­хан техникасына – техника, тактикасына – тактика, физикасына физика қосуда», – деп атап өтті Цурцумия бапкер.
Нұрмахан Тінәлиев:
– Лондон Олимпиадасында ел үмі­тін ақтауға тырысамын. Қазақ хал­қының маған үлкен үміт артып отыр­ғанын жақсы түсінемін. Маған бұл додада тек алтын ғана қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста