Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдік астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Отандық спортшы 7-турда бұрынғы әлем чемпионы, Швейцария өкілі Александра Костенюкпен ойнады. Тартысты ойында Бибісара Асаубаева басым түсті. Турнирдегі алғашқы жеңіс қазақстандық шахматшыға турнирлік кестеде сегізінші орынға көтерілуге мүмкіндік сыйлады. Бұған дейін Бибісара Асаубаева төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған болатын. Айта кетейік, 8-турда отандық шахматшы грузиялық Белла Хотинашвилиге қарсы кездесу өткізбек.