Бейбіт Шүменовтен басқа тағы екі спортшымыз халықаралық іздеуде

Бейбіт Шүменовтен басқа тағы екі спортшымыз халықаралық іздеуде

Астанадағы сауда үйінде қолында баласы бар ер адамды ұрған боксшы Бейбіт Шүменовтен өзге тағы екі спортшыға халықаралық іздеу жарияланған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Qamqor.gov.kz сайтының дерегіне жүгінсек, Артур Ардавичиус есімді 52 жастағы белгілі қазақстандық автошабандозды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іздеп жатқанына 1 320 күн (2019 жылдың 14 желтоқсанынан бастап) болған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сптортшыны не үшін іздеп жатқандығын төмендегіше түсіндіріпті.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстанда автоспортты дамытуға бөлінген қаражатты "Astana Motorsports" командасының директоры және капитаны Артур Ардавичустың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізу өтініштерін асыра көрсетіп, 800 миллионнан астам теңгені ұрлап кеткені анықталды, - делінген дереккөзде келтірілген мәліметте.

 

Одан бөлек, Бахтияр Байсейітов есімді 70 жастағы футбол ардагеріне іздеу жарияланғанына 244 күн (2022 жылдың 24 қарашасынан бері) болған.

 

Тергеу барысында Бахтияр Байсейітов Қайрат Сатыбалдыұлымен туыс болуын қолданып, бақылауындағы компанияны Iri building ЖШС лоббилендіріп отырғаны анықталды. "Қаратау" ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы "Қаратау" кеніші бойынша 6,2 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстарына шарт жасасты. Қазіргі кезде мемлекетке келтірген залалы 320 млн теңгеден асқан, - делінген Антикор таратқан ақпаратта.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста