Бейбіт Шүменов ойын-сауық орталығында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Белгілі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған оқиғаға қатысты TengriSport сайтына сұхбат берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшының қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан видеосы желіде тарап, қолданушылардың наразылығын тудырған еді. Ал ол оқиға қалай басталғаны жайлы боксшының өзі басқаша баяндайды. Қазіргі таңда осы іске қатысты жәбірленуші арыз жазған. Астана Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жүргізіліп жатқан туралы хабарлады.

 

39 жастағы спортшы оқиға балалардың келіспей қалуынан және әкесінің дөрекі жауап қатуынан басталғанын баяндаған.

 

"Мен ұлым мен әйелімді Қазақстанға алып келгенмін, олар – АҚШ азаматы. Ұлым Отанына келіп, осында қыдырып қайтса деп келгенбіз. Біз Mega Silkway ойын-сауық орталығына бардық, ол Happylon-да ойнағанды ұнатады. Одан кейін екінші қабатына көтеріліп, тамақтанып алмақ болдық. Онда балалар ойнайтын жері болды.

Балам ойнауға кеткен, аздан соң оны біреу ұрғанын айтып шағымданып келді. Бір бала арқасынан ұрып, аяғынан сүйреген. Менің ұлым ештеңе түсінбеген, Америкада мұндайды мүлде көрмеген. Оның жасы 8-де, біз онымен досы секілді сөйлесеміз. Оған ешқашан дауыс көтермегенбіз, сондықтан да қатты қорыққан болар.

Аздан соң ол бала қайта келіп ұлымды басынан ұра бастаған, қашып үлгерген. Одан кейін ұлым оны әкесі алып кеткенін айтты. Ал оның жанында тағы бір кішкентай баласы болды", - дейді Бейбіт Шүменов.

 

Оның айтуынша, пышақ алып ұмтылғаннан кейін барып ашуға булыққан. Ал оған дейін дөрекі жауап қатқаны шамына тиген.

 

"Мен оған келіп, сенің балаң ба ұрған деп сұрадым. Ал ол "иә, не істей аласың?" деді. Мен мұндайды күтпедім. Оған жақындап "не айтып тұрғаныңды білесің бе?" дегенде, ол қолына ілінген затпен ұмтылды. Кейіннен қолындағы пышақ емес екенін ұғынып, ауыстырып қайта ұруға тырысты.

Маған "оның қолында пышақ бар" деп айқайлады. Ол кішкентай баланы тастамай, қорғану үшін пайдаланды. Мен оны артынан ұстап, кішкентайын қолынан босаттыруға тырыстым. Ол баланы жіберген жоқ, қайта оны қалқан ретінде пайдаланды. Қандай әке мұндай қадамға барады? Егер менің отбасымда сондай жағдай болса, оларды қорғаған болар едім. Видеода бәрі көрініп тұр. Пышақты көріп, оны қолынан алып тастауға тырыстым. Полиция келіп, біз сосын бөлімшеге бардық", - дейді боксшы.

 

39 жастағы спортшы жанжал болған ер адамның өзге елдің азаматы болып шыққанын айтады.

 

"Біз бөлімшеге барғаннан кейін оның Қазақстанда заңсыз жүргені мәлім болды. Ол Қырғызстан азаматы екен. Ал оның баланы қолынан неге тастамағанын сонда түсіндім. Бала өзінікі емес болып шықты. Ал оны қорғану үшін пайдаланған.

Видеоны дұрыстап қарасаңыз, қолына бір затты алып, кейіннен оның пышақ емесін біліп тастай салады. Баланы тастай салып пышақты қолға алып, маған ұмтылды. Дені сау адам осылай жасай ма?" – дейді боксшы.

 

Полиция бөлімшесінде Бейбіт балалардың анасымен сөйлескен.

 

"Екі баланың анасы таза ағылшын тілінде сөйлейді екен. Ол менен, әйелімнен және ұлымнан кешірім сұрады. Ұлының мінезін айтып, аутизммен ауыратынын да жеткізді. Есіл аудандық полиция бөліміндегі камерада бәрі жазылған.

Видеода бізді ажыратпақ болған тағы бір ер адам бар. Ақ жейдеде болды. Оның есімі – Ғани. Ол Болат Теміровтің (жеңіл салмақта КСРО, ТМД чемпионы) інісі. Бұл істі сол ушықтырып жатыр деп ойлаймын.

Басында ол маған арыз жазбақ болған. Қасындағылар тыныштандырған еді. Мен оған шабуылдаған жоқпын, қайта маған басқа елдің азаматы пышақпен ұмтылды. Ғанидың ниеті басқа, және соның адвокаты жұмыс істеп жатқан сияқты", - дейді Шүменов.

 

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Бейбіт Шүменовтың ер адамды ұрып-соққанын ІІМ растағанын жазған едік.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста