Балқашта балғын балуандар белдеседі

Балқашта балғын балуандар белдеседі

Былтыр маусым айының басында еркін күрестен еңбек және спорт ардагері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Сағжан Аманжоловтың жүлдесі үшін боз кілем турнирі өткізілген болатын. Дәстүрге айнала бастаған бұл турнир биыл да Балқаш қаласында өткізілмек. Тек биылғы дода ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, оған айрықша көңіл бөлінуде. Маусым айының 3-5-і аралығында өтетін бұл турнирде 1995-1996 жылдары туған жасөспірім балуандар белдеседі.
Сағжан Аманжолов ақсақал жас ке­зінде еліміздегі өте талантты бағлан­дар­дың бірі болған. Спорттық карьерасына үңілсек, еркін күрестен Қазақстанның және Орта Азияның бірнеше дүркін чемпионы, қа­зақ күресінен 1957-1958 жылдардағы Қа­­зақстан чемпионы, 1959 жылғы Мәс­кеу­­­де өткен КСРО халықтарының II спар­та­киа­дасында қазақ күресін насихаттауда бас жүлдегер атанған. 1960 жылы Ук­раи­на­ның Харков қаласында өткен Бүкіл­одақ­тық студент жастар ойынының жүлдегері. Ке­зінде еркін күрестен Кеңестер Одағының чем­пионы, КСРО халықтары спар­та­киа­да­сы­­ның жеңімпазы, 60-жылдардағы ха­лық­­аралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО-ның халықаралық дә­ре­же­дегі спорт шебері Әбілсейіт Айханов аға­мызбен бірге жүріп жаттыққан екен. Әбіл­сейіт ағаға сенсек, Қажымұқанның із­ба­сары атанған даңқты балуанымыз жас ке­зінде осы Сағжан ағамен боз кілемде екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіліп қалыпты... Әбілсейіт аға күні бүгінге дейін Сағжан Аман­жоловты сыйлайды, мүмкіндігінше ара­ласып тұрады. Былтыр осы турнирдің ашы­лу салтанатына келіп, кеншілер қа­ла­сының көзайымына айналған.
Биылғы турнир қарсаңында Сағжан Аман­жолов ағамызбен жолығып тіл­дес­ке­ні­мізде, бірінші кезекте осы турнирді өт­кі­зу­ге атсалысып жүрген атпал азаматтарға алғыс жолдағысы келетіндігін білдірді:
– Былтырғы турнирдің жоғары дә­ре­же­де өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен қа­ла әкімі Қадыржан Тейляновтың, Қа­ра­ған­ды облыстық маслихатының хатшысы қыз­метін атқарған Қасымбек Медиевтің тур­нирдің ашылу салтанатына қатысуы оның мәртебесін өсірді. Олардың жас бал­уан­дарға игі тілек жолдауларын спортқа та­нытқан жанашырлықтары деп білемін. Сондай-ақ Балқаш туралы жазылған екі томдық «Мыс алыбы» кітабының авторы Сәтімжан Санбаевтай тамаша жазушының тур­нирдің қадірлі қонағы болуы жас жет­кін­шектерге қолдау болды. Балқаш қа­ла­сында да өткенді ұмытпай, спортшы зей­нет­керлердің ұлттық спортқа сіңірген ең­бек­терін елеп, аталмыш турнирдің өткізіле бас­тағаны қуантады. Қала әкімінің қол­да­уымен ұйымдастырылған турнирдің басы-қа­сында қалалық спорт бөлімінің бастығы Ізбасар Шайкенов, балалар мен жас­өс­пі­рім­дер спорт мектебінің директоры Әбіш Бал­жігітов, жекпе-жек спорт мектебінің ди­­ректоры Қасымхан Жұмабаев бастаған спорт­шы азаматтар жүр. Спорт салауат­ты­лық­тың, ұлт саулығының кепілі ғой. Қазіргі жастарға мол тәжірибемізді сіңіріп, оларға үлгі аларлықтай көмегіміз тиіп жатса, тамаша болар еді, – деп ағынан жа­рылды.
Содан соң «Адам өмірі уақытқа бағын­бай­ды ғой. Былтыр ғана жас спортшыларды тәжірибесімен күреске баулып жүрген, еркін күрестен Қазақстанның екі дүркін чем­пионы Танау Нығызбаевтай азаматтың жә­не КСРО спорт шебері, Қазақстанның 1958 жылғы абсолюттік чемпионы Жакен Татиев сынды қанды көйлек жол­дас­та­рым­ның өмірден өтіп кеткені өзегімді өр­теп, көзімді жасқа толтырады. Сондықтан адам­ның көзі тірісінде қадірлеп, ұрпаққа өне­ге тұтқан Балқаштың билігінің басы-қасында жүрген азаматтарының терең тү­сі­ніктеріне тәнті боламын» деп бір түйіп қойды.
Енді бір сөзінде Сағжан ақсақал:
–  Балуандық өнердің қайталанбас қас ше­бері, ұлтымыздың бағына біткен мақтанышы Әбілсейіт Айханов «Алаш ай­насы» газетіне берген «Мені еркелеткен де, өкпелеткен де – қазақ» деген көлемді сұх­батында «Талай мықтыны жеңсем де, жас кезімде Балқаштың Сағжан Аманжолов деген жігітімен екі рет күресіп, екеуінде де жеңіліп қалдым. Бірақ ол партия қызметіне ауы­сып, күресті ерте тоқтатты» депті. Алаштың Айхановы сынды азаматпен жас ке­зімізде күрестің ащы-тұщысын бірге тат­қан­мын. Халықаралық аренада қазақтың на­мысын абыроймен қорғап, еліміздің бе­делін өсірген боз кілемде табысқан досым­ның осы сөздері мәртебемді асқақтатты. «Бо­лар елдің баласы бірін-бірі батыр дей­ді» деген дана халқымның сөзі осындайда айтылса керек. Осының бәрі жастарға тәрбие болса, шіркін, – деп тебіренді.
Сағжан ағаның сөздерін тыңдап оты­рып ұққанымыз, күн санап қатары сиреп ба­ра жатқан зейнеткер спортшы ағалардың арманы – жас ұрпақты отансүйгіштікке, са­лауатты өмір салтына тәрбиелеу. Спорт де­ген үлкен ұғымның құдіреті туралы жас­тар­ға айта бергісі-ақ келеді екен. Жастар ұлы адамдардың өмір жолдарына тереңірек үңілсе, жол сілтер, ақыл берер талай дү­ние­ні аңғаруға болатындығына сенімді. Жас­тардың аңыз адамдармен бетпе-бет жүз­десуінің маңызы зор екендігін де тілге тиек ете отырып, олардың ауыздарынан шық­қан сөздердің жас ұрпақтың жадында мәң­гілікке сақталып қалатындығына тоқ­та­лып өтті. Осы орайда Әбілсейіт Айханов секілді атақты балуанымыздың Балқаш қаласына ат басын бұруының маңызы зор екендігіне де көңіл бөлді.
Ең соңында «алдағы өтер турнирді се­рік­тес жолдастарым, туған өлкем мен Қа­зақстанның намысын бірге қорғаған, жа­қын­да ғана өмірден өткен аяулы достарым, қа­зақтың көпшілікке танымал балуандары Жакен Татиевтің, Танау Нығызбаевтың, Қа­зақ­станның 1957 жылғы чемпионы Мәди Смағұловтың, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 1956 жылғы КСРО ауыл ша­руа­шылығы спартакиадасының чем­пио­ны Серік Де­месіновтің, 1958 жылғы Қа­зақстан чемпионы Сайлау Тұрған­бе­ковтің, Қазақстан чемпионы, елімізге ең­бек сіңірген бапкер Жұмажан Акеновтің рухтарына арнаймын» деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста