Байбатыров өз салмағының үздігі

Байбатыров өз салмағының үздігі

Мәскеуде самбодан әлем кубогының соңғы, финалдық бәсекелері өткен соң жыл қортындысы шығарылып, қазақстандық Ерболат Байбатыров 57 келі салмақ дәрежесіндегі әлемнің ең үздік самбошысы атанды.
ФИАС (Халықаралық әуесқой самбо федерациясы) төрт жылдан бері кубок жолындағы белдесулерді төрт кезеңге бөліп өткізуді ұйғарған болатын. Алғаш­қысы – Ресей астанасындағы самбоның негізін салушы В.Харлампиев атындағы халықаралық турнир. Одан кейін Белорус­сиядағы турнир, содан соң тамыз айында Оралда өткен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі жолындағы бел­десу­лер де, соңғысы – Мәскеудегі А.Асла­ха­нов атындағы халықаралық турнир. Самбошылар осы бедесулердің барлығына қатысуға тиісті. Олардың осы турнирлердегі нәтижелері қорытындыланып, әлем кубо­гының иегері анықталады. Соның негізінде самбошылардың әлемдік рейтингі шы­ғарылады. Әрі ФИАС тарапынан та­ғайын­далған қомақты сыйақы беріледі.
Осындай құрметті атаққа қазақ самбошысы, екі дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров қол жеткізді. Биылғы маусымнан бастап 57 келіде бақ сынауды ұйғарған Ерболат Байбатыров жарақатына байланысты Харлампиев турнирінде екінші орын алған болатын. Осы сәтсіздігін түзеу мақсатында Белоруссияда өткен халықаралық турнирде барын салып, бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ өз елімізде, өзінің туған жерінде де бар күш-жігерін жұмсады. Оралдағы Елбасы кубогы жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде де қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сондай-ақ жақында ғана Мәскеуде аяқ­тал­ған әлем кубогының соңғы, финалдық белдесулерінде жеңімпаз атанды. Мәс­кеуде ол ылғи ресейлік білекті балуан­дармен күресті. Алдымен Алексей Кузь­менконы жеңсе, одан соң Толубек Беке­товтан айласын асырды. Ал Елшан Агаев­пен болған белдесуінде біраз тер төгуіне тура келді. Әйтсе де, өзінің «жамбас» әдісін тамаша қолдана білген Ерболат Агаевты да сан соқтырып кетті. Финалда Ресейдің беткеұстар балуандарының бірі, әлем чемпионы Илья Фаткулинді айқын басымдықпен жеңді. Осылайша төрт кезеңде ең үздік нәтиже көрсетіп, биыл әлем кубогының иегері атанып, жыл қоры­тындысы бойынша 57 келі салмақ дәрежесі рейтингінде бірінші орынға орналасты.
 Оның жеке бапкері Мүсілім Оңдағанов: «Ендігі мақсатымыз қараша айында Ташкентте өтетін әлем чемпионатында топ жару», – дейді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста