Конькимен жүгіруден Ресей чемпионы Кристина Силаева Қазақстан сапында жаттығып жүргенін растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі sports.ru сайтына сілтеме жасап жазды.
Кристина Силаева 500 метрге конькимен жүгіруден Ресейдің қазіргі чемпионы.
Ал Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы ресейліктерде жарыстан шеттетіп тастады.
"Мен Қазақстанда жаттығып жатырмын. Көктемнің басында шешім қабылдадым. Спортшының ғұмыры қысқа, сондықтан күтуге дайын емеспін. Егер қалатын болсам, келесі халықаралық жарыстардың қашан өтетіні белгісіз. Нағыз бабыма енген шағымды жіберіп алуға болмайды", - дейді Силаева.
Спортшы Ресей азаматтығынан бас тартуға қатысты да өз ойын айтты.
"Ресей азаматтығынан бас тарту керектігін білдім. Аздап қобалжыдым. Бірақ бұл маған айтарлықтай қауіп төндірмейді. Тәуекел етуге болады, оның үстіне, азаматтықты қайтару айтарлықтай проблема емес", - деді Кристина Силаева.
"Олардың Қазақстан азаматтығын алуға, Қазақстан құрамасына қосылуға деген сұранысы – Қазақстанды ынта-шынтасымен сүйіп тұрғандықтан емес, Ресейдің әлі ұзақ уақыт оқшауда болатындығы себебінен ғана туып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, оларды Қазақстанға жетелеп келген – қарақан бастарының қамы, құлқын мен қалтаның жайы. Қандастар тентіреп, ала алмай жүрген азаматтықты осылар оп-оңай алатынына қаның қараяды", - деп жазды журналист Нұргелді Әбдіғани.
Қазақстандық желі қолданушылары ресейлік спортшының ел азаматтығын алғанына қарсы шығуда.