Ақтық айқастағы тепе-теңдіктер

Талдықорғанда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Фи­налдық жекпе-жектер өте шиеленісті өтіп, төрт кездесуде тең ұпай тіркеліп, же­ңім­паз төрешілердің ұйғарымы бойынша аяқталды. Ал үш жекпе-жекте жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен ғана басым түсті. Осыған қарап, «біздің елде ізбасарлар арасындағы бокс қайта жанданып келе жатыр ма» деп қуанып қалдық.
Алайда былтыр Астанада өткен әлем чемпионатында жалғыз алтын әперіп, көңілімізді жабырқатқан. Сондықтан өрендерімізге алдағы додаларда бұдан жоғары жетістіктерге қол жеткізу тап­сырылып отыр. Осы біріншіліктің қорытын­дысы бойынша жасөспірімдер арасындағы құрама жаңадан жасақталады. Былтырғы әлем чемпио­натында ел намысын қорғаған бірнеше былғары қолғап шебері Жетісудың бас қаласында бақ сынап, солардың екеуі ел чем­пионы болды.
Сонымен ең жеңіл салмақта қараған­дылық Абылайхан Тұрмаханбет пен шым­кенттік Иван Ковалев бас жүлдені сарапқа салған. Жекпе-жек 10:10 есебімен тең аяқталып, төрешілер жеңісті қараған­дылық былғары қолғап шеберіне берді. Сол секілді 46 келіде де Петропавлдан келген Диас Әлімбай мен кеншілер қала­сының тағы бір өкілі Максим Гончаров ара­сын­дағы айқас та 8:8 есебімен аяқ­талып, төреші солтүстіктің боксшысының қолын көтерді. 54 келі салмақта есеп 13:13 болып тіркелді. Әлем чемпионатында бақ сынаған шымкенттік Рауан Затулла мен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов кездесуінде төрешілердің бүйрегі Затуллаға бұрды. 75 келі салмақтағы алматылық Дәурен Өтепбай мен қостанайлық Темірлан Қабиев арасындағы айқаста қостанайлық боксшының мерейі үстем болды. Қалған салмақтарда Азамат Нұркенов (48 келі), Қуаныш Нұрмұханов (50 келі), Нұрзат Қамысбек (52 келі), Саят Мұратбеков (57 келі), Жалғасбай Қазыбай (60 келі), Аян Қалыбеков (63 келі), Бекболат Есен (66 келі), Рамазан Тәуекел (70 келі), Мадияр Нұрғалиев (80 келі) жеңімпаз атанды. Аса ауыр салмақтағы ақтық сында жергілікті бокс­шы Қуаныш Мырзаханов бірнеше мәрте жекпе-жек ережесін бұзғаны үшін шаршы алаңнан шеттетіліп, жеңіс мер­зімінен бұрын қостанайлық Евгений Сло­боденюкқа берілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста