Ақпан айындағы қазақ спортшыларының жетістіктері

Ақпан айындағы қазақ спортшыларының жетістіктері

Ақпан айында қазақстандық спортшылар халықалық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Пара дзюдодан әлемдік Гран-приде қазақ спортшылары үш медаль жеңіп алды

60 келі салмақта өнер көрсеткен Ануар Сариев пен 73 келіге дейінгі салмақта Олжас Оразалыұлы алтын медаль иеленсе, +90 келі салмақта Ерлан Конкиев қола жүлдені қанағат тұтты.

Жасөспірім конькишілеріміз әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Германияның Инцелл қаласында өткен әлем кубогында жас конькишілеріміз командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Құрамыс сапында - Алена Лифатова, Арина Ильященко, Алина Даурановалар бар.

Ел спортшылары нысана көздеуден әлем кубогында жалпытоптық есепте 1-орын иеленді

Нысана көздеуден құрамамыз Индонезияның Джакарта қаласында өткен Әлем кубогында жалпытоптық есепте бірінші орын жеңіп алды.

Спортшыларымыз 10 медаль (3-алтын, 5-күміс және 2-қола) жеңіп алып, жалпытоптық есепте І орын иеленді.

Қазақстан Астанада өткен жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатында 2-ші иеленді

Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль (6-алтын, 3-күміс және 3-қола) иеленіп, жалпытоптыұ есепте 2-ші орын иеленді.

Айта кетейік, құрлықтық доданың тарихында алғаш рет биіктікке секіру дисциплинасында барлық жүлдені бір елдің спортшылары, яғни қазақстандық атлеттер жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы дзюдодан өткен Гран-при турнирінде 3 медаль жеңді
Португалияда дзюдодан Гран-при жарысында үш спортшымыз топ жарды.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандастарымыз Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тыңбаева алтын жүлде үшін бақ сынасты. Абиба алтын медаль жеңіп алса, Ғалия күмісті місе тұтты. Ерлер арасындағы 73 келіге дейінгі салмақта Жансай Смағұлов күміс жүлдені місе тұтты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста