Әлем чемпионатынан басқа ештеңені ойлап жүрген жоқпын

Әлем чемпионатынан басқа ештеңені ойлап жүрген жоқпын

Мерей АҚШАЛОВ, бокстан Азия чемпионы:
Ұлттық құрамада 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мерей Ақшалов әлеуеті жоғары, тегеурінді боксшы. Жиырмаға толар-толмасында ұлттық құрама сапына қабылданған оның Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында шаршы алаң иесіне қазылардың бұрмалаушылығымен есесі кеткенін қалың жанкүйер жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы әуесқой бокстан жырақ­тап, «Астана арландары­ның» құрамында өнер көрсеткен Мерей талай рет жеңіс туын желбіреткен еді. Өткен жылғы ел біріншілігінен кейін құрамаға қайта оралған сырал­ғы спортшы жақында ғана Азия чемпионатында алтынмен апталды.

– Мерей, жүлдең құтты болсын! Азия біріншілігі құрлықтық дода бол­ға­нымен, қарсыластарыңның осал бол­­мағанын білеміз. Олардың қата­рында қайсысымен болған жекпе-жек­ті ерекше атар едің?
– Рақмет! Финалда кездескен моңғол боксшысын жеңу оңай болған жоқ. Қан­ша дегенмен, Лондон олимпиадасы­ның қола жүлдегері. Қызық болғанда, моң­ғолиялық Уранчимэгийн Монх-Эрдэнэ екеуі­міз осыған дейін бір салмақта өнер көр­сетсек те, шаршы алаңда жолымыз түйіс­пепті. Азияда ең басты қарсыластарым сана­латын өзбек боксшысы Санжарбек Рахмонов (2009 жылғы Азия чемпионы – ред.) пен моңғолиялық былғары қолғап шебері Уранчимэгийн Монх-Эрдэнэ (2011 жылғы Азия чемпионы – ред.) оңай шағы­латын жаңғақ емес еді. Бұлардың қата­рында Қытай боксшысы мен қырғызстан­дық Ермек Секенов бар. Әсіресе жартылай финалда жолым түйіскен Ермектің әлеуетін жоғары бағалаймын.
– «Астана арландарының» сапында өнер көрсетіп, ұлттық құрамаға орал­ған соң үш раундтық кездесуге бейім­делу жеңіл тимеген болар?
– Ол жағы боксшының психологиялық бейімделуіне тікелей байланысты. Егер боксшы бәріне дайын болса, 5 раунд қана емес, 10 раунд бойы еркін жұдырықтаса ала­ды. Әрине, жартылай кәсіпқой бокс пен әуесқой бокстың айырмасы жер мен көк­тей. «Астана арландарында» жүргенде жиыр­ма күнде бір рет бес раунд жұдырық­тас­сақ, әуесқой бокста бір турнирде үш раундтан тұратын 4-5 жекпе-жек өткізесің. Бұл да жеңіл дүние емес.
– Одан қалса, шлеммен және шлем­сіз бокстасу деген тағы бар...
– 2010 жылы боксшылар жаппай жабық боксқа көше бастады. Сол кездері қарсылас соққы жұмсайды да, бетін жауып алатын. Ал шлемсіз жұдырықтасу жабық боксқа мүмкіндік бермейді. Әрі шлемсіз шаршы алаңға шыққанда барлығын еркін бағдарлап, көре алуға мүмкіндік бар. Со­ның арқасында кімнің қаншалықты мықты екенін байқап, деңгейін көруге болады. 
– Алдағы жаңа маусымда «арлан­дар» сапына қайтып оралуың мүмкін бе?
– «Астана арландарының» құрамына шақырту түскен. Бірақ алдағы әлем чем­пио­натына қатысатын болғандықтан, одан басқа ештеңені ойлап жүргенім жоқ.
– Өз салмағың бойынша әлем чемпионатында қай боксшылардың әлеуетін жоғары бағалайсың?
– Олимпиада чемпионы болған кубалық Иглесиас Сотолонго 64 келідегі ең мықты боксшылардың көшін бастап тұр. Сондай-ақ украиналық Денис Беринчик бар. Бейжің олимпиадасынан кейін мен халықаралық жарыстарға қатысқан жоқ­пын. Сондықтан көп боксшыларды біле бер­меймін. Бүгінде әлем боксында талант­ты жастар көптеп өсіп келеді.  
– 2009 жылы Серік Сәпиев пен Василий Левит Азия чемпионы атан­ған­да бокс федерациясы 100 мың дол­лар көлемінде сыйақы берген еді. Иор­данияда өткен дүбірлі додадан кейін федерация тарапы боксшыларды сый­лық­пен жарылқаған болар?
– 2009 жылы Азиядада біздің екі боксшымыз ғана алтынмен апталған соң сыйақы жоғары болған шығар. Бұл жолы біздің жігіттер 7 алтын, 1 күміс әкелді ғой (күлді). Сондықтан ондай ірі мөлшерде қаржылай сыйлық болған жоқ. Азия чемпионатынан келгеннен кейін Бокс федерациясынан бөлек, Астана қалалық бокс федерациясы арнайы қабылдап, сый-сыяпаттан кенде қылмады. Оған үлкен рақметімді айтамын.
– Қазір жаттығу қалай жүріп жа­тыр?
– Аллаға шүкір, ақырындап дайында­лып жатырмыз. Оқу-жаттығу жиыны тамыз айында басталады. Қазір Рамазан айы болғандықтан ораза ұстап жүрмін. Келін­шегім екеумізді бір жастағы ұлым қылығы­мен қуантып жүр. Бұйырса, әлем чемпио­натының қарсаңында екінші сәбиіміз өмірге келеді. Қазір сол күнді асыға күтіп жүрмін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста