Алаштың абыройын асқақтатқан қазақ бапкерлері

Жақында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан кезекті әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан зілтеміршілері бір күміс, бір қола еншілеп қайтты. Ең бастысы, жүлде алған екі спортшымызды да өзіміздің қазақ бапкерлері дайындады.
Бүгінгі таңда қазақ спортында шетелдік мамандарға иек арту басым. Көптеген спорт түрінде шетелдік білікті маман­дар­ға басымдық береміз. Ол дұрыс та шығар. Бірақ өзімізде де Олимпиада чем­пион­дары мен әлем чемпионатының жүл­де­герлерін баптап шығара алатын ма­ман­дар бар екеніне мән бермейтіндейміз. Мыса­лы, ауыр атлетикадағы Ержас Бол­таев пен Тойшан Бектеміровті алайық. Еке­уі ұлттық құрама бапкерлерімен бірге жұ­мыс істей алмаған Илья Ильинді жат­тықты­рып, оның әлем және Олимпиада ой­ында­рын­да чемпион атануына үлес қос­ты. «Иль­ин – тума талант, анадан арда туған да­рын» дестік. Оны кім жаттықтырса да чемпион болатындай, Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміровтің бапкерлік қа­білет­те­ріне сүйсінгендер көп болған жоқ. Жап-жас екі бапкердің түрлеріне қарап, «тә­жі­ри­белері аз мамандар» деп ой түю­ден әріге бар­мадық.
Бірақ жақында Польшада өткен әлем чемпионатында осы екі «жап-жас» бапкер дайындаған екі зілтеміршіміз жеңіс тұғы­рына бірге көтерілді. 94 келіге дейінгі сал­мақ дәрежесінде бақ сынаған Алмас Өте­шев пен Владимир Седов күміс және қола медаль еншілеп қайтты. Біле-білсек, Алмас – спорттың осы түрінен әлем чем­пио­на­ты­ның жүлдегері атанып отырған бірінші қандасымыз. Сол қазақтың жеңіс тұғыры­на көтеріліп, әлем чемпионатының жүлде­гері атануына ықпал етіп, үлес қосып отыр­ғандар да – қазақ бапкерлері.
Бірақ бұл жолы олар екеуі ғана болған жоқ. Бапкерлер жұбына екі дүркін Олим­пиада чемпионы Илья Ильин де қосылып­ты. Жас жаттықтырушылар жұбы енді бап­кер­лер үштігіне айналып отыр. Осы үш ма­ман Польшадағы әлем чемпионатына үш зілтеміршіні баптап апарды. Олардың екеуі (Өтешев пен Седов) жүлдеге іліксе, 105 ке­лі­ге дейінгі салмақ дәрежесінде Ес­кендір Момынбеков 8-орынға ие бол­ды.
Осыдан бірер күн бұрын ауыр атлетика маманы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы­сы Бекен Бекмұханбетовпен кездесіп қал­дық. Осыдан бірер жыл бұрын ауыр атле­ти­кадан Олимпиада даярлығы орталығы­ның директоры болған Бекен Сәрсенбай­ұлы да жоғарыда аталған екі бапкеріміздің қазақтың тепсе темір үзетін жігітін осындай жоғары жетістікке жеткізгендігіне дән риза екен.
– Ауыр атлетикадан алғаш рет қазақ ба­ласы әлем чемпионатының жүлдегері атан­ды. Бұл – күміс те болса, алтынға бер­гісіз медаль. Ал оны осындай ерен жетістік­ке жеткізіп отырған – өз мамандарымыз. Яғ­ни өзімізде де Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпазда­рын баптап шығара алатын мамандар бар. Тек оларға мүмкіндік беру керек. Оларға жағдай жасап, көмектесуіміз керек.
Ержас пен Тойшан – қарапайым, ең­бек­қор жігіттер. Үнемі ізденіс үстінде. Өз бі­ліктіліктерін жетілдіре түсуге құлшыныс­та­ры зор. Олар сонау Кеңес Одағындағы әйгілі бапкерлердің әдістемелерін көп зерделеді. Шетелге шығып (атап айтқанда, Польшаға барып), шетелдік мамандардың да ілім-білімдерін саралап, тәжірибелерін жетілдіре түсті. «Біз енді қазақтан чемпион немесе жүлдегер шығарамыз» деп жар салмай-ақ, өз ойларын істерімен жүзеге асырып жүрген мамандар.
Сондықтан оларға мүмкіндік беру ке­рек деп ойлаймын. Олар тек ұлттық құ­ра­мадан «қашып» келген спортшыларды ғана жаттықтырып жүре бермек пе? Елдің бәрі – шоғы биік Ильин емес, елдің бәрі Өте­шев, Седов, Истомин және Кузнецов емес. Оларға ұлттық құрамадан кетіп қалу оңай болды дейсіз бе? Жоқ, әрине. Олар біршама қиыншылықты басынан кеш­кен де шығар. Яғни бәрі бірдей Ержас пен Тойшанға кетіп қала алмайды. Сол себепті ерлер құрамасын Ильин – Болтаев – Бек­теміров үштігіне берсе де, артық болмас еді деп ойлаймын. Сен жас бапкерлердің же­тістіктеріне сүйсінемін, олардың шәкірт­тері­нің көрсеткіштеріне қуанамын, – деп тебіренді Бекен Бекмұханбетов.
...Осы орайда ойымды ел футболында­ғы жағдай шырмады. Биыл премьер-ли­гадағы бірнеше клуб қаржы тапшылығын басынан кешіріп, ойыншылары бірне­ше ай жалақыларын ала алмай сергел­дең­ге түсті. Тізгінін шетелдік мамандар ұс­та­ған қалталары жұқа, жағдайлары нашар клубтарымыз мардымды ойын үлгісін көр­сете алмады («Ақжайық», «Жетісу»). Орал клубының маусым басындағы шетелдік бапкері мұндай қиындыққа шыдай алмай, келген ізімен кері кетіп те қалды. Ал солар секілді жалақыларын уақтылы қолы жетпей жүрген «Ертіс» клубы соңғы турға дейін жүлделі орынға таласты. Тіпті биыл­ғы Еурододаны да тәп-тәуір бастап, на­мыс­ты қолдан бермей, Қазақстан жан­күйер­лерін риза қылды. Ал бұл клубтың бас бапкері өз маманымыз Талғат Байсу­фи­нов болатын...
Ерлікке парапар еңбек етіп жүрген осындай өз мамандарымызды дәріптеп оты­руымыз керек сияқты. Оларға ұлттық құ­рамаларымыздың бас бапкері секілді лауазымды қызметтер ұсынылмаса да, қо­мақты сыйақы берілмесе де, олардың ізгі­лікке толы еңбектерін жария етіп отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Өз істеріне, өз қыз­меттеріне адал жергілікті бапкерлер ең бол­маса осындай құрметке лайық емес пе?!.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста