Әйгілі үнді шахматшысы астаналық бүлдіршіннің тұсауын кесті

Әйгілі үнді шахматшысы астаналық бүлдіршіннің тұсауын кесті

Гроссмейстер, Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд 1 жасқа толған астаналық кішкентай Әбдірахманның тұсау кесу рәсімне қатысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның шахмат федерациясының мәліметінше, салтанатты шара басталмас бұрын шахматшы балаға өсиетін айтқан.

 

Тұсаукесерді осы айға жоспарлап отырғанбыз. Дәл қазір астанамызда осындай ауқымды шахмат мерекесі өтіп жатқандықтан, біз тәуекел деп даңқты шахматшыға ұсыныс жасадық. Ол кісінің ұсынысымыздан бас тартпағанына өте ризамыз, – деп ағынан жарылды Әбдірахманның анасы.

 

Сәбидің тұсауын кескен шахматшыға бүлдіршіннің ата-анасы шапан жапты.

 

Баланың тұсауын кесу мен үшін мәртебе. Әбдірахманға бар жақсылықты, зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Балам, өмір бойы сені бақытты ететін мамандықты таңда, - деді Ананд.

 

Одан кейін шахматшы жіпті қиып, баланы анасымен бірге ақ кілем үстінен жетеледі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста