23 жастағы параспортшы Малика Мұхтарова өмірден озды

Қостанайда параспортшы Малика Мұхтарова өмірден озды. Маликаның Instagram-парақшасында спортшыны ақтық сапарға қай жерде және қашан шығаратындығы мәлім етілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Малика Мұхтарова небәрі 23 жаста еді. Бала кезінен «Балалардың сал ауруы» диагнозы қойылғанына қарамастан, ол өзінің жанқиярлық еңбегі мен табандылығының арқасында 2015 жылы спорттық бал биінен Қостанай облысының бес дүркін чемпионы болды. 2016 жылдан халықаралық байқауларға қатысты.

 

2016 жылдың қыркүйегінде ол арбада спорттық биден өткен әлем кубогының қола медалін жеңіп алды. Жарыс Санкт-Петербург қаласында өткен болатын. Сол жылы Малика Тайваньда арбада отырып билеуден Азия чемпионы атанды. Чемпионатта 2 алтын және бір қола медаль еншіледі.

 

2017 жылдың маусымында ол Қазақстан чемпионы болды. Ал сол жылдың 20-23 қазанында Малика Бельгияда өткен әлем чемпионатында 2 қола медаль иеленді.

 

Содан кейін де Азия кубогында екі мәрте чемпион болып, әлем кубогында 2 қола бұйырды. 2021 жылы қостанайлық параспортшы Италияда өткен әлем кубогында күміс медальге, ал 2022 жылдың күзінде Словакияда өткен әлем кубогында алтын медальге қол жеткізген еді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста