Мұндай оқиғаны «Денсаулықты оңалту альянсының» директоры Галина Чиркина баяндап берген.
Айтуынша, 41 жастағы келіншек бұған дейін ешқандай ер адаммен жыныстық қатынасқа түсіп көрмеген екен. Әйел адам өзінің жүкті екенін тек салмақ қосып, тола бастағанда ғана білген. Дереу дәрігерге қаралған ол сонда аяғы ауыр екенін білген.
«Әйел ата-анасымен бірге тұрған және салт-дәстүрді берік ұстанатын көрінеді. Қыздығымды тек болашақ жарыма ғана «беремін» деп жүрген. Алайда, бір отырыста ол бір ер адаммен танысады.
Олар жақын танысып, араласады, жақындасады. Ер-адам жыныс мүшесін кіргізбей жақындасуға келіседі. Екеуі бірге болғанда қатты қозған азамат шәуетін шығарып, ұрық келіншектің жыныс органдарына түскен. Осылайша, ол екіқабат болған», - дейді маман.
Бүгінде жүкті келіншек ата-анасына аяғы ауыр екенін айта алмай жүрген көрінеді.
«Ата-анам қатты тәрбиелеген екен деп, олай өз-өзіне шек қоюға болмайды. Адам өз қалағанын жасауы тиіс. Бұл оның жыныстық өміріне де байланысты»,-деп сөзін түйіндеген маман.