Жүсiпбек Аймауытұлының белгісіз әңгімелері жарыққа шықты

Алматыдағы «Қаламгер» баспа үйінен Жүсiпбек Аймауытұлының «Шығармалары» деген атаумен жаңа жинағы жарыққа шықты. Жинаққа 1917 және 1929 жылдар аралығындағы араб әліпбиіндегі «төте жазумен» шыққан, сол замандағы қазақ баспасөзiнде жарияланған әңгiмелерi, мақалалары, очерктерi, аудармалары енгiзiлген. Барлығы – осыған дейінгі кітаптарына енбей қалған туындылар.
Жүсіпбектің осынау шығармаларын тауып, жинақты құрастырып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктемелерін жазған – фило­ло­гия ғылымының кандидаты, жүсіп­бек­танушы Нұржан Қуантайұлы. Мате­риал­дарды ғалым 1998 және 2000 жыл­дар аралығында тауып, кирилл қарпiне түсiрiп қойған екен, бірақ демеу­шілер табылмай ұзақ жылдар жатып қал­ған. Өйткенмен «Ештен кеш жақсы» демей ме, қалай десек те, Жүсекеңнің туын­ды­ла­ры арада тоқсан жыл салып, жеке жинақ ретінде қазақ оқырмандарымен қайта та­бы­сып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады.
Бұл жинақта атақты жазушының «Құс­бегі», «Мен қалай үйлендім?», «Тәубе қыл­ды», «Мысыққа  ойын, тышқанға өлім», «Елеусіз ерлер», «Көшпелі Көжебай» секіл­ді оннан астам көркем әңгiмесiмен қатар, Ги де Мопассаннан, Конрад Бер­ко­вич­тен аударған дүниелерi бар.
Ж.Аймауытұлының сондай-ақ патша цензурасы жоғалған, кеңес өкіметі әлі орнамаған 1917-1918 жылдарда жазған саяси мақалалары ерекше көзге түседi. Ол жылдары қаламгер Семейде «Сарыарқа» газетiнде қызмет iстеп, кейін «Абай» жур­на­лының редакторы болады. 1918 жылы «Абай» журналының 12 санын шығарған. Мiне, осы баспасөзде ол ұлт бостандығын көздеген, Қазақ елiнiң келешегiне алаң­да­ған өткiр, проблемалық мақалалар жазып­ты. Олардың қатарында «Қазiргi саяси хал», «Қазiр екi нәрсе керек», «Ұлтты сүю», «Жастар кiм?», «Қазақ тiлiн iске асыру қамы» секiлдi мақалаларды айтуға болады.
Кеңес өкіметі орнаған соң да Жүсіпбек бас­пасөзден қол үзбеген: Орынбордағы «Еңбек туы» (бүгінгі «Егемен Қазақстан»), Семей­дегі «Қазақ тілі» газеттеріне, Таш­кент­тегі «Сәуле», «Шаншар» журнал­да­ры­на редакторлық еткен. Бірқатар газет-жур­налға көркем шығармаларын, ма­қа­лаларын бастырып тұрған.
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ, жүсіпбектанушы:
– Ал жазушының алғашқы әдеби шығармалары қайсы деген сұраққа келсек, ол 1918 жылы шығып тұрған «Абай» журналындағы дүниелері деп атап айтуға болады. «Ғылым» баспа­сынан жарық көрген бестомдығына (Алматы, «Ғылым», 1996-1998 жж.) жазушының тек кеңес өкіметі кезіндегі әңгі­мелері ғана енген. Ал кеңеске дейінгі «Абайда» басылған «Бетім-ау, құдағи ғой», «Құсбегі» деген сатиралық әңгімелері – көркемдігі жағынан сол заман­дағы әжептәуір дүниелер. Сон­дай-ақ бестомдықта жоқ «Мысыққа  ойын, тышқанға өлім», «Елеусіз ерлер», «Көшпелі Көжебай» – кеңестік дәуір­дің алғашқы жылдарының шындығын ашып көрсететін, көркемдігі жоғары, шоқтығы биік әңгімелер.

Жинақты ақтарып отырып, «Мен қалай үйлендім?», «Тәубе қылды» секілді Жүсіп­бектің стиліне тән, юморы бар дүниелер де қызықты жазылғанын байқауға болады. Ал «Балалармен әңгіме», «Жаңа талап» атты шығармалары – балаларға арналған әңгімелер. Баланың ақыл-ойына орай ыңғайланған, осы бір тұшымды дүниелерді оқып отырып, қазақтан шыққан алғашқы балалар жазушысы кім деген мәселе қайта бір қарауды талап ететінін аңғарасыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста