Жолаушылар пойызында жолаушыға жағдай жоқ

Жолаушылар пойызында жолаушыға жағдай жоқ

Жаз мезгілінде теміржол көлігіне деген халықтың сұранысы күрт артады. Жазғы демалысын пайдаланып қалғысы келген халық көбінесе жолаушылар пойызын ыңғайлы көреді. Себебі ұшақ билетінің бағасы кез келгеннің қалтасына сәйкес келе бермейді. Рас,  қазіргі таңда еліміздегі алыс-жақын қалалардың көбіне дерлік автобус қатынайды. Алайда алыс жолдарға тікеңнен тік отырып бару ыңғайсыз. Сондықтан халық үшін әзірге пойыздан ыңғайлысы болмай тұр. Осы орайда жолаушылар пойызының халыққа қызмет көрсету сапасы қаншалықты деңгейде екенін білмек ниетпен ІІ Алматы вокзалын бетке алдық.

Өйткені көктемде ғана пойыздарға тексеріс жүр­гізген көліктік бақылау инспекциясының өкілдері бір­қатар кемшіліктерді анықтаған еді. Соның негізінде тиісті адамдар да жазаланған. Тексеріс қоры­тынды­сының бұлай шығуына себеп болған нәрсе ва­гон­дардың ішіндегі тазалықтың нашарлығы, өрт қауіп­сіздігі ережелерінің сақталмауынан жалаңаш­тан­ған электр желілерінің кездесуі, желдеткіштердің жұ­мыс істемеуі, тіпті кейбір вагондардан қайнаған су­дың табылмауы, жолаушыларға арналған шайдың электр қуаты арқылы емес, ағаш, көмірмен қай­натылуы, жел­деткіштердің істемегенімен қоймай, ва­гон терезе­лерінің ашылмауы секілді жайттар еді.

Біз барған сәтте вокзал перронына Шымкент-Алматы (Отырар пойызы) пойы­зы келіп тоқтап жатыр екен. «Жол аза­бын жүрген білер» демекші, түсіп жат­қан жолаушыларды әңгімеге тарттық. Өзін Гүлнар деп таныстырған апай:
– Осы жолда талай жүріп салқындатқы­шы бар вагонға мініп көрмеппін. Вагон тере­зелерінің ашылмауы жаздың аптап ысты­ғында өкпеңді қысады. Терезелер қарысып қалған. Қызмет көрсету сапасы төмен пойызда жүру әсіресе біз секілді жасы кел­ген адамдарға қиын. Бірақ амал жоқ. Пойыздардың мұндай жағдайда жүр­геніне қанша уақыт болды, бірақ тиісті орындар кемшіліктерін жоюды ескермей­ді. Бір кесапат болмай, вагондарды да жа­ңарт­пайды. Сондықтан апатты жағдайдың орын алғанын күтіп, осылай жол азабын тартып жүре береміз. Түсінбейтін бір жайт, вокзалға барсам, билет жоқ, ал вагондар бос келді. Бұл не сонда? Вагонда тәртіп сақ­талмайды. Жолаушылар мініп жатқан­да, саудагерлердің тең-тең жүктерін ар­қа­лаған жүкші жігіттер жолаушыларды қа­ғып-соғып мінгізбейді. Осы орайда жол­серіктер неге алдымен жолау­шылар­дың мінуін бақыламайды? Ал әлгі жүктерді неге арнайы вогондарға жөнелтпеске? Айта берсең, әңгіме көп, тіпті жолсеріктер де мә­дениет дегеннен жұрдай. Халыққа қа­лай қызмет етпек түгілі, қалай әдепті сөй­лесуді де білмейді, – деді.
Вокзал перронында енді жүргелі тұр­ған Алматы-Симферопаль пойызына жа­қындадық. Ниетімізді байқаған жол­се­рік: «Бұл вагондарда салқындатқыш жоқ», – деп қысқа қайырды. «Салқындатқыш мүл­­­­­дем жоқ па, әлде істен шығып тұр ма?» Жауап жоқ.  Көңіліміздегі күдікті сейілту үшін одан әрі аяңдадық. Өзін пойыздың электр механигі деп таныстырған жігіт ағасы: «Салқындатқыштар фреонның же­тіс­­пеуінің сал­дарынан істемей тұр. Алдағы уақытта құйы­лайын деп жатыр», – деді.
Сонда жаз ортасы ауғанша жабдық­тал­маған керек-жарақ қай уақытта жаб­дық­талып бітпек? Жаз мезгіліне вагондар алдын ала даярланбайтын болғаны ма де­ген көкейдегі көп сұрақ кеудемізде кеп­теліп қала берді. Жоғарыдағы Алматы-Симферопаль пойызы еліміздің Батыс Қазақстан аумағы арқылы үш тәуліктен ас­­там жол жүріп, Ресей жеріне барып ті­ре­леді. Жаздың ыстығында салқындатқыш­сыз үш тәулік бойына темірге қамалған халық­тың жағдайын өзіңіз елестете бері­ңіз. Мұн­дай ұзақ жолдарда жүретін пойыз­дарда жоқ салқындатқыш қай пойыздар­да бар екенін білмек ниетпен вокзалдың анық­тама бө­ліміне маңдай тіредік. Анық­тама бөлі­мін­дегі қызметкерлер: «Сал­қын­дат­қыш мос­ковский, испанский по­йыз­дарда, сон­дай-ақ Астанаға қатынай­тын тройка, де­вят­­каларда бар», – десті. Бұл пойыздар­дың өзінің жұп немесе тақ күн­дері ғана жү­ретінін ескерсек, халықтың бел­гілі бір бө­лігі ғана салқындатқышы бар пойызбен қам­тамасыз етілетінін тү­сінуге болады. Сон­да Астанаға емес, елі­міздің басқа ай­ма­ғына жолы түсетін жо­лау­шылар қайт­пек?
Жолсеріктерден жаздың күні пойыз терезелерінің кейде ашылмай, «қа­ры­сып» тұрып алу себебін сұрағаны­мыз­да, олар: «Қыстай ашылмай тұрған терезе кейде жаздың күні де ашылуы қиын боп қа­лады. Оның үстіне кейбіреуі қыста бұ­ран­далармен бекітіліп тасталады, содан ашылмай қалып қояды» , – деп түсіндірді. Осы орайда айта кетер жайт, жолсеріктер­дің  айтуынша,  теміржол саласындағы күр­­­делі мәселе жолаушылар пойыздары ва­гонда­рының терезелерін сындыру фак­тісінің азаймай отырғаны екен. Пойыздар жолда базбір стансалардың үстінен өтуі кезінде бұзақылар пойыз терезесіне тас лақтырып, сындырып қашып кететін кө­рі­не­ді. Жолдан қалғысы келмеген пойыз амал­сыз әрі қарай сапарын жалғастыра бе­реді. Ал мұндай бұзақылардың көбі тап­тырмай кетуі салдарынан қылмыс та жа­булы қазан жабулы күйінде қалатын кө­рінеді.
Енді билеттің жайын білмек ниетпен билет сату кассасына барып, Астана ба­ғытына билет сұрадым. Бір ай көлемінде билет жоқ көрінеді. Тағы келесі кассаға барып, Қызылорда бағытына жуық арада қашанға билет барын сұрағаныммен, тағы жақын уақытта билет жоғын естідім. Алайда пойыздан түскен жолаушылар сөзі пойыз ішінің көбінесе бос болып, жолдан мінген билетсіз жолаушылармен толыға­тынын айғақтап жатты. Бір кездері билетсіз жолаушы тасыған жолсеріктердің олжасын пойыз басшыларымен бөлісетіні жайлы ақпарат та тараған. Бірақ теміржол бас­шылары одан кейінгі қатаң тексеру шара­лары аталмыш кемшіліктерді жоюға ба­ғыт­талып жатқанын мәлімдеген болатын. Сонда сол берілген уәде жерде қалғаны ма? 
Бүгінде жүз жылдан астам тарихы бар «Қазақстан теміржолы» компаниясында бұдан да өзге пойыздардың жиі кешігіп келуі, ақысы төленбеген жүктерді жолау­шылардың өздерімен бірге алып жүруі, вагондар мен вокзал ғимараттарында са­нитарлық нормалардың сақталмауы, мүм­­кіндігі шектелген жолаушыларға жү­ріп-тұруға арналған пандустардың бол­мауы, вагондарда өрт дабылшысы мен өрт сөндіру құралдарының жоқтығы се­кілді заңбұзушылық әрекеттердің жылда кездесіп отыратынын ескерсек, жүз жылда дұрыс жолға қойылмаған теміржол жұ­мысының енді қашан ісі оңалар екен деген ой еріксіз мазалайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста