«Жазушы» медбике мақала жаза алмай жүгіріп жүр

«Жазушы» медбике мақала жаза алмай жүгіріп жүр

Бүгінде мамандардың бі­лікті­лік деңгейін көтеру мәсе­лесі жанып тұрған «модаға» айнал­ды. Дамыған жоғары технологиялар заманы мұны талап ететіні де рас. Ашылып жатқан жаңалықтардан, ғылыми жетістіктерден сырт қалмай, өзінің білім-біліктілігін көтеріп отыру – басты талаптардың бірі. Алайда кейде талап етеміз деп асыра сілтеп жіберетініміз тағы бар. Бізде көбіне бұйрықтар, жар­­ғылар жылы кабинеттерде қабылданатыны рас. Соған орай шалғай жатқан ауыл-аймақтың жағдайы көбіне ескеріле бермейді.
Соның салдарынан тәжірибе жинаймын, біліктілігім­ді көтеремін деп жұмысын жиып қойып, табанынан то­зып жүрген бір жұрт. Айтпағымыз – орта буын маманда­ры сана­тына жататын медбикелердің біліктілігін көтеру мә­селесі. Бүгінде енгізіліп жатқан жаңа медициналық тех­но­логиялар талабы тек дәрігерлердің ғана емес, мед­бикелердің де кәсіби біліктілігін арттыруды талап етеді.  Дәрігерлердің біліктілігін көтеру мәселесі түсінікті. Ал мед­бикелер ескі жүйемен жұмыс істей берсін деп отыр­ған да ешкім жоқ. Дегенмен қала және ауыл медби­ке­лерінің жағдайлары ескерілсе, жеңілдік жасалса дей­тіндер де жоқ емес. Бүгінгі таңда еліміздегі аурухана, емханаларда 150 мыңға тарта медбике қызмет етеді. Бір жылда республика бойынша орта есеппен 2,6 мил­лион адам стационарлық ем алады, 137 миллионы амбу­­латорлық-емханалық қабылдауда болады, жедел жәр­дем  қызметіне 6 миллионнан астам шақырту түседі екен. Бұдан шығатын қорытынды дәрігерлерден бөлек, мед­бикелердің қызметі қаншалықты ауыр, жауапты екен­дігі айтпаса да түсінікті. Жұмыстың ауырлығына қара­мастан енді белгілі бір санатқа өту үшін, біліктілігін көте­ру үшін қосымша жүгірулеріне тура келіп тұр. Ден­саулық сақтау министрлігі медицина мамандары үшін бiлiк­тiлiк емтиханын өткізу қағидасын соңғы жылдары тіп­тен қатайтып жіберді.  Министрліктің бұй­рығы бойынша мамандар біліктілік санатына бері­ле­тін сертификат алу үшін балл жинауы қажет. Сынақ бірлігі дәрігерлер үшін – 270 балл, ал орта буынды ма­ман­дар үшін 254 балды  құрайды. Осы балды жинау үшін медбике болсын, жоғары дәрежелі дәрігер болсын, ар­найы семинар, тренингтерге қатысуы керек мақала жа­зуы керек. Шетелге барып тәжірибе жинау мәселесі  – бұл өзінше бір төбе. Қалалық жерде жұмыстан сұра­нып, ор­нына біреуді қалдыра тұрып семинарға қатысуға бо­­лады. Ал аудан, облыс орталықтарынан шалғай жат­қан ауылдардағы медбикелер семинарға қалай қа­тыс­пақ? Олар үшін ауылға барып лекция оқып, сер­ти­фикат тапсырып кететін «жалпақшешейлер» жоқ әзірге. Ал ауданға келіп, қонақүйге жата ма, жолақысын өзі тө­лей ме, оған бас ауыртатын бастықтар жоқ. Министр­лік­тің бұйрығы солай деп міз бақпайды. Ал енді тағы бір қы­зық­қа қараңыз, республикалық, облыстық, аудандық га­зет­терге мақала жазуы керек медбикелер. Олар сонда жұ­мыс істей ме, жоқ жаңалық ашып, ғылыммен айналы­са ма? Әрине, уақыты жоқ, жұмысы көп медбикелер ой­дан қырдан құрап-сұрап, көшірме мақалаларды кө­бейт­кеннен басқа шарасы жоқ. Мақала жазғаннан олар­дың ғылыми көкжиегі кеңейіп, біліктілігі артып кете­ді дегенге ешкім де сенбес. Осы газеттерге шыққан мақала 8,10 балл деп есептелінеді екен. Ол мақаланы тегін басатын тетік тағы жоқ. Яғни медицинадағы науқанды тиім­ді пайдаланғысы келген газеттер жарты беттік ма­қала үшін мыңдап теңге сұрайды. Медбикенің атынан өз­дері дайындап беретін болса осы баға.
Ал егер медбике өзі «ой­дан» шығарып жазып әкелсе, екі мың теңгеге шы­ғарады. Бұл ең арзаны. Араны апан кей га­зеттер әр әрпі үшін ақы сұ­рай­ды. Жарытымсыз жалақыға қарап отыр­ған медбике аталған балды жинау үшін мақаланы «бұрқыратуы» тиіс... Ал енді министрліктің аталмыш бұй­ры­ғына келсек, ҚР «Денсаулық сақтау са­ла­сында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ере­жесiн бекiту туралы» №457 бұй­рығы 2012 жылғы 5 шілдесінде бекі­тіл­ген. Осыған орай Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтиханын өткізу қағидасы енгізілген. Осы құжатта «Жалпы ереже бойынша маманның үздіксіз кәсіби даму жүйе­сін­дегі сынақ бірлігі маманның кәсіби қыз­метінің нақты кезеңіне үздіксіз кәсі­би дамуына ықпал ететін іс-шараларға қаты­су көлемін өлшеудің шартты біре­гей­лендірілген бірлігі, практикалық дағ­дыларды бағалау – мамандардың прак­тикада теориялық бiлiмдерiн қол­дана бiлуiн анықтау, сынақ бірліктерін жи­нақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіби даму іс-ша­раларына қатысуын біртіндеп есепке алу жүйесі, маман сертификатын алуға үміт­кер медицина қызметкері осы бі­лік­тілік Қағидаларына сәйкес бiлiктiлiк ем­тихандарын тапсыруы тиіс» делін­ген. Сөзбе-сөз келтіріп отырмыз. Атал­мыш құжатты оқып отырып, ғылыми тілде жаттыққан маман, не болмаса рес­ми тілге үйренген адам болмаса мына құ­жат­ты миында қорытуы қиын­дау. Мә­селен, осы құжаттың 2-тар­мақ­шасында былай дейді: «Міндетті білік­ті­лік емти­хандары осы Қағидаларға 1-қосымша­ға сәйкес нысан бойынша білік­тілік санаты берілмейтін маман сер­тифи­ка­тын берумен аяқталады». Не түсіндіңіз?  Сонымен қатар, «Білікті­лік санаты бе­ріле отырып және білікті­лік санаты б­еріл­мейтін маман сер­ти­фикаты Қа­зақ­стан Республикасының ау­мағында берiлген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткен­нен кейiн сертификаттың қолданысы тоқтатылады» делінген. Яғни бес жыл­дан кейін жүгіріс тағы да бас­талады. Талап бойынша соңғы бес жыл­да ма­ман­­дығы бойынша жоғары білі­мі бар мамандар үшін жалпы көле­мі 216 сағат және орта медициналық бі­лімі бар ма­мандар 108 сағат көле­мін­де біліктілігін артты­рудан өткендігі туралы куәланды­ра­тын құжаты болуы тиіс. Тестілеуді өт­кізу­дің мақсаты тео­рия­лық білімдерін, ҚР Денсаулық сақ­тау саласындағы заң­намаларды білуі­нің, сондай-ақ тиісті мамандық бо­­йын­­ша тәжірибелік амалдарды ше­шу қабілеттілігін ұтымды пайдалана білуі қажет көрінеді. Бізде көбіне білік­ті­лік талаптары дегенде тест түрінде өте­ді. Ал тәжірибе жүзінде өткізсе, тіпті та­ма­ша болар еді. Онда теориялық б­ілім­­нен гөрі, тәжірибесі артар еді ма­ман­дардың. Одан бөлек аудан, ауыл­дар­ға барып көшпелі семинарлар өткі­зіл­с­е, онсыз да жұмысы басынан аса­тын ме­йір­бикелерге зор көмек бо­лары сөз­сіз. Министрліктің мамандар білік­тілігін арт­тыру мәселесі дұрыс-ақ. Алай­да оны сол мамандары­ның жа­ғ­дайына, жұ­мысына ыңғайлас­тырып жаса­ғаны керек...
Сәмет БАДАЛОВ, «Ай нұры» кли­­ника­сы бас дәрігерінің орынбасары:
– Жыл сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы қанша маманның біліктілігін көтеру керектігіне алдын ала жоспар жасайды. Соған орай дәрі­герлер де, орта буын мамандары да біліктілігін көтеріп, категориясын жо­ғарылатып оты­рады. Егер ірі қала­лар­да семинар­лар­­ға баруы керек болса, оған әлбетте жолдама беріледі. Ауылды жерлердегі медбикелер қалаға келіп семинарларға қатысуы тиіс. Ал газет­терге мақала беру мәселесіне келсек, негізінде әлбетте екі дана мақаласы шығуы тиіс. Бірақ осы талаптарды то­лық орындаудың өзі ме­дик­тердің жыл­дық табысынан асып кетіп жатқан жайы бар. Қаладағы әріптесте­рі­мізге бұл ақша көп болмауы мүмкін. Бір­ақ ауыл­дық жерлердегі сала маман­дар­ы­ның шамасы жете бермейді.

Ләззат ҚАШҚЫНБАЕВА, ОҚО Медициналық қызметтің сапасын бақылау басқармасының бастығы:
– Облыс бойынша 14 медициналық колледж бар. Олардың 10-ы – жеке­мен­­шік оқу орны. Оны бітірген жас маман кли­никалық тәжірибеден өтер алдын­да тест тапсырып, сертификат алуы ке­рек. Денсаулық сақтау кодексін­де прак­тикалық жұмысқа кірісер ал­дын­да маманның біліктілік деңгейін меңгер­ген­дігі туралы емтихан алынуы тиіс. Жи­наған бал 40 пайыздан төмен болса өтпе­ген болып  есептелінеді. Бақы­лау­шы орган болған соң жоспар­лы түрде ғана тексере аламыз. Кез кел­ген уақыт­та оқу орнын тексеруге құқы­мыз жоқ. Одан кейін арыз түскен жағ­­дай­да ғана тек­сере аламыз.

Алақандай ақпарат
Халықаралық медбикелер күні белгіленген. Бұл күн Қырым соғысы кезінде (1853-1856)  әлемдегі   алғашқы  ізгілік   бикелерінің  қызметін   ұйымдастырған ағылшын медбикесі  Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай атап өтіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста