Жасыбай көліндегі экологиялық жағдай көңіл көншітпейді – А. Бабенко

Жасыбай көліндегі экологиялық жағдай көңіл көншітпейді – А. Бабенко

Қазіргі таңда Жасыбай көліндегі экологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Сол себепті ұлттық паркте саланың өзге де бағыттарын дамытуға күш салынбақ. Бұл туралы Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының алқа мәжілісінде ведомство басшысы Александр Бабенко мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Баянауыл ұлттық табиғи паркі Астанада өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде Павлодар облысының «төлқұжаты» болмақ. Бұл мақсатқа Баянауыл өңірінде туристк кластерді дамытуға бағытталған бас жоспар негізінде қол жеткізілмек.
- Баянауыл ұлттық паркі «Астана кластері» туризмді дамыту кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады. Осы арқылы Баянауыл халықаралық көрмеде Павлодар өңірінің бетке ұстарына айналмақ. Алда атқарылар жұмыс көп. Қазіргі таңда Жасыбай көліндегі экологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Жағажай туризмі нашар дамымағанын айтпасқа болмас. Сол себепті ұлттық паркте саланың өзге де бағыттарын дамытуға күш салынбақ. Мәселен этнографиялық, тарихи және спорттық туризм өркен жаймақ. Осылайша, демалуға келушілердің қатарын арттырылмақ, - дейді А. Бабенко.
Ведомство басшысы Баянауыл демалыс орнын дамыту жобасы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақ. Осы орайда «Жасыбай көлі -Жаңажол ауылы», «Торайғыр көлі - С. Торайғыров кесенесі» және «Жасыбай көлі – Торайғыр ауылы» бағыттарындағы автомобиль жолдарын жөндеу бойынша құжаттама әзірленбек. Сонымен қатар Сабындыкөл қосымша станциясынан Жасыбай демалыс орнына электр желісі тартылмақ.
Айта кетерлігі, өткен жаз мезгілінде Баянауыл демалыс ошағына 134 мыңнан астам турист келген. Бұл - 2013 жылғы салыстырмалы кезеңге қарағанда 28%-ға артық көрсеткіш.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста