Жастарға жалындаған жарасады-ау!

Жастарға жалындаған жарасады-ау!

«Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылмақ» демекші, қай кезеңде болса да жалын шашып, жарқылдау жастарға тән мінез еді. Бүгінде халқымыздың төрттен бірін жастар құрап отыр. Сәйкесінше, мемлекет те өз дамуын жастардан тыс жүзеге асыра алмайтыны да түсінікті. Елбасы жастарды мемлекеттік деңгейдегі шараларға атсалыстыру керектігін жиі айтып келеді. Жуырда өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында да Мемлекет басшысы елімізде әзірленіп жатқан бағдарламалардың барлығы жастардың қатысуымен дайындалуға тиіс екенін айтқан болатын.
Мемлекеттік жастар саясатының қа­жет­тігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қо­ғам­да өз құқығын иеленуі оның алдында жа­уапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет ке­летін өмір мәресінің қиындықтарымен ай­қындалады. Жастар саясатын қа­лып­тас­тыра отырып, мемлекет жастардың ке­ле­шек­те маңызды салмаққа ие болар ха­лық­тың бірден-бір белсенді тобын да­йын­дау – бас­ты міндет. Жастар мәселесіне көңіл бө­­лудегі мақсат – жастардың аза­мат­тық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қа­лып­­та­суын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, эко­­номикалық, ұйымдастыру­шылық жағ­да­й­ларды жасау мен нығайту. Ал жуырда өт­­кен «Жас Отан» жастар қана­ты­ның ІІ съезі елі­­міздегі жастар саясатына тағы бір серпін бе­­ретіні сөзсіз. «Жас Отан» жастар қана­ты­ның бұл съезі жасотандық­тар­ға ғана емес, барша қазақстандық жас­тар үшін ерекше ма­ңызды оқиға болып отыр. Оның үстіне, жас­отандықтар жақын болашақтағы басты құ­жаты – «Жастар – Отанға!» аталатын 2020 жылға дейінгі стратегиясын талқы­лады.
«Жас Отан» жастар қанаты стратегия­сы­ның жобасында қызметтің 11 басты бағыты ай­қындалған. Оның ішінде сапалы білім, жастардың әлеуметтік еңбекке бе­йім­делуі, мәдени даму және бірлік жастар кә­сіпкерлігі мен ғылымды дамыту, ерік­ті­лер қозғалысын өр­кендету сияқты келелі мәселелер бар. Осы орайда «Дипломмен – ауылға!» бағ­дар­ламасы сынды практи­ка­лық маңызы бар жобаларға кеңінен жол ашылып келеді. Соңғы кездері бір ғана осы жоба аясында ауылды жерлерге мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларына қат жас мамандар бет бұрды. Соның ар­қа­сында оларға жағдай жасалып, жастар ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосып жатыр. Бұл – ел болып сүйінетін, қуанатын жайт.
Бүгінде кез келген қоғамның жаңашыл дамуы мен оның зияткерлік әлеуеті ара­сын­да тікелей байланыс бар екендігі айқын. «Зият­керлік әлеует», «зияткерлік ре­сурс» тү­сінігі мемлекетіміздің страте­гия­лық да­муы­ның бір бөлшегіне айналды. Еліміздің бү­кіләлемдік қоғамда бәсекеге қа­білетті мем­лекет болуы әрбір қазақ­стан­дықтың бі­лімі мен ақыл-зерде, парасат дә­режесіне бай­ланысты екенін әр уақытта айтудан жа­лықпайды, сондықтан бізге ұлттық ин­тел­лек­тінің діңін құру, халық­ара­лық деңгейде бәсекеге түсе алатын эру­дициялы адамдар қажет.
Интеллектуалды жастар тобы пайда бо­лу үшін, оны қалыптастырып, тәрбиелеу үшін мемлекет тарапынан жалпы тү­сі­ну­шілік сияқты қоғамдық жағдай жасалынуы тиіс. Қазір «Болашақ» бағдарламасы бо­йын­ша Азия, Еуропа, Америка елдеріне та­ратылған студенттер елдің табысты түрде алға жылжуына әсер етуші толқын болады деген үміт бар. Ал соны қалыптастыру жо­лында На­зарбаев университеті зияткерлік-инно­ва­циялық кластер болуы тиіс. Бүгінде әлем­дік қауымдастықтың жоғары сапалы білім алу­ға қоятын талаптарының өсуі бай­қа­лады. Жақын арада адамзат заманауи ақ­параттық технологияларды игерген жо­ғары білімді мамандарға деген сұраныс тағы да еселей артады. Яғни қоғамның осын­дай білім деңгейі жоғары субъек­ті­лерге деген тәуелділігі бірте-бірте арта түседі.
Дегенмен болашағынан үміт күттіріп отыр­ған жастардың орта жолда жолынан та­йып, адасып кетпеуі – мемлекет үшін де, қа­рапайым ата-ана үшін де маңызды. Жас­тар­дың басы қосылған жиында Елбасының діни экстремистік ұйымдардан аулақ жү­руге шақыруы да – соның көрінісі. Жастар қа­­уымының жат идеологияларға еріп кет­пеуі – оны тәрбиелеп, ел қатарына қосуға жа­­уап­ты инстанциялардың, яғни ата-ана, мек­теп, ЖОО, Үкімет және жалпы мем­лекеттің ортақ міндеті.
«Жас Отан» съезінде бекітілген  «Жастар – Отанға!» стратегиясындағы ең маңызды мә­селенің бірі жастардың саламатты өмір сал­тын ұстануы деуге болады. Бұл – дені сау, тәні сау өскелең ұрпақ тәрбиелейтін қа­­дам. Сонымен қатар жастардың во­лон­тер­лік қыз­меті де стратегиядан өз орнын тауып отыр. Бойында күш-қайраты, жігері мен ақыл-ойы жетілген жастардың қо­ғам­дағы әрбір жақсы іске үн қосуларын қол­дау. Мәселен, Пекин Олимпиадасы өт­кенде 70 мың волонтер спортшылар мен мей­­ман­дарға қызмет көрсетіп, көмек қол­дарын соз­ды. Сол секілді, біздің де жастар ха­лық­ара­лық дәрежеде өтетін түрлі іс-шараларға волонтерлік қызмет көрсетіп жүр.
Қазақстандық жас буын бойында отан­­шылдық, іскерлік, жауапкершілік қа­сиет­тер қа­лыптастырмай, жастардың із­гілікті, ру­хани өркендеуіне, сондай-ақ өт­кен буын­ның әлеуметтік-мәдени тә­жі­рибесін, әлем өркениеті жетістіктерін иге­руіне жол ашпай, әлеуметтік ұста­ным­дағы эконо­ми­касы бар демократиялық қо­ғам құру мүм­кін емес. Дегенмен бүгінгі ұрпақ – Азаттық ру­хында тәрбиеленген, нағыз білімді, бо­лашағына нық сеніммен қа­райтын ұрпақ. Қиын-қыстау заманды көр­месе де, оның міндеті – өткен тарихты ба­ғалау, құрметтеу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста