Заңсыз балық аулағандар енді абақтыға жабылуы мүмкін

  • 46
Заңсыз балық аулағандар енді абақтыға жабылуы мүмкін

Өртке оранған Абай облысында қаза тапқан орманшылардың туысқандары алдында еңіреп қоя бергелі, экологияның және табиғи қазыналардың тізгінін қатар ұстаған жас министр ел аузынан түспей тұр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, осы дүйсенбіде Мәжілістегі Үкімет сағатынан шыққан ол ел кезген қауесеттердің көбісін жоққа шығарды.

 

Бірақ әкесінің сотталғанын мойындады. Бұған дейін бірқатар сарапшылар әкесінің қылмыскер екені сотта дәлелденген адамның биік лауазымды қалай иеленгеніне, арнайы органдардың тексерісінен қалай өткеніне таңданған болатын.

 

"Таралып жатқан өте көп ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әкеме келсем, ия, ол сотталған, соттылығы өтелген. Бұл фактіні мен жасырған жоқпын. Мемлекеттік қызметке тұрғанда құжаттарымда оны көрсеткенмін", – деді министр Зүлфия Сүлейменова.

 

Осы орайда дәл осы күні оның командасы жариялаған заң жобасы тыныштыққа мүлгіген тылсым табиғат аясында тынығып, балық аулағанды жаны сүйетін бейғам адамдарды дүрліктірді. Себебі, Зүлфия Сүлейменова ұжымының ұсынып отырған заңы балықшыларға бұрын-соңды болмаған жазаны енгізіп, оларды темір торға қамауды көздейді.

 

"Менің ойымша, министр қоғам назарын өз тұлғасына қатысты тақырыптардан басқаға аударғысы келетін сияқты. Экология ведомствосы мұның браконьерлікпен күрес үшін қажеттігін айтады. Бірақ ірі браконьерлердің жоғарыда тірегі бар. Кілең ұсталатыны – отбасын асырау үшін балық аулаумен айналысатындар. Енді министрлік оларды тіпті ісінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ болса да, тыйым салынған мерзімдерде балық аулағаны үшін қомақты айыппұл салып, изоляторға қамауды ұсынып отыр. Сонда ауылдықтарды тегіс темір торға тоғытып шықпақ па? Халық еріккеннен жаппай балық аулап жүрген жоқ", – дейді қостанайлық балықшы Вадим Овечкин. 

 

Жаңа заң жобасында бұл жазадан әйесқой, спорттық балық аулаушылар ғана құтылатыны аталған. Бірақ әуесқой балық аулаушыларға тек 5 келі балық аулауға рұқсат етіледі. В.Овечкиннің айтуынша, жазда 1 дана сазан балығының салмағы 6 келіден асуы мүмкін. Демек, оның пікірінше, Парламент Зүлфия заңына бас изесе, бір балық үшін де адам абақтыға қамалуы мүмкін.

 

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл талап браконьерлікпен күрес үшін қажет деп табандап отыр. Сөз болып отырған жаза ұсақ шабақтарға дейін тұтып қалатын, балықтардың денесін тіліп тастайтын ұсақ торлармен, немесе тоқ соғып балық аулайтындарға қатысты қолданылмақ.

 

"2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысына сапарының қорытындысында Президент браконьерлікпен күресті күшейтуді тапсырды. Осыған байланысты қосымша заңнамалық шаралар қабылдау талап етіледі. Негізі, Қазақстанда 2017 жылдан бері бірқатар балық аулау құралдарын, соның ішінде "қытай торларын" әкелуге, пайдалануға және сатуға тыйым салынған. Алайда балық шаруашылығы жүргізілетін су айдындарында жыл сайынғы табиғат қорғау акциялары – балық ресурстарын заңсыз өндіру үшін синтетикалық моноталшықтан жасалған торлар ауқымды түрде пайдаланылып жатқанын растады. Бұл ауқым артып барады. Мысалы, 2021 жылғы акциялар қорытындысында өзендер мен көлдерден 4 мың 200-ден астам, ал 2022 жылы 5 мың 700-ден астам дана иесіз тор табылды", – деп түсіндірді экология министрлігінің мамандары.

 

Балықты тыйым салынған құралдармен аулағаны үшін 2021 жылы – 701 адам, 2022 жылы – 756 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

"Яғни, құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады. Сондықтан тыйым салынған құралдармен балық аулаутындарға әкімшілік жаза санкциялары күшейтілуге тиіс. Оның үстіне аулауды тыйым салынған құралдарымен жүзеге асыратындар негізінен тұрақты табысы, жұмысы жоқ еңбекқор емес адамдар болып келеді. Оларға салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу өте қиын. Ал бұзушылар заңсыз балық аулауды және балық ресурстарына зиян келтіруді жалғастыра береді. Осы себепті де оларды қамауға алу түріндегі әкімшілік жазалау шарасы ұсынылып отыр", – деп түсініктеме берді экология ведомствосы.

 

Министрлік ұсынған "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Парламент қабылдаса, келесі жазалар енгізіледі.

 

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу әкімшілік құқық бұзушылық заттары, құралы тәркiлене отырып немесе онсыз:

 

* жеке тұлғаларға – 50 АЕК (2023 жылы 172 500 теңге),

* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК (345 000 теңге),

* орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (517 500 теңге),

* iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 300 АЕК (1 035 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Қолданыстағы заңнама әзірге тиісінше, 20, 60, 100, 250 АЕК сомасында айыппұл салуды қарастырады.

 

Егер осы қылмыс әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, онда әкімшілік құқық бұзушылық заттары, құралдары, соның ішінде қайықтары, катерлері және басқасы міндетті түрде тәркiлене отырып:

 

* жеке тұлғаларға – 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға,

* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК,

* орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 170 АЕК,

* iрi кәсiпкерлiкке 350 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Қытайлық танымал маркетплестерден ашықтан ашық сатып алуға болатын ұсақ көзді торлардың бағасы арзандау болып келеді. Содан оның иелері торды жинамай, тастап кете береді. Салдарынан иесіз тасталған заңсыз торлар су объектілеріне де айтарлықтай зиян келтіреді. Өйткені мұндай торларға түрлі балықтар еніп, шыға алмай қырылып қалады. Олар тордың ішінде іріп шіриді, әрқайсысы су қоймаларын, өзен, көлдерді ластайтын ошаққа айналады.

 

Бұл біріншіден, ауыз суды ластайды. Екіншіден, заңды түрде өндірілетін балық ресурстарының сапасына да теріс әсер етеді. Сонымен қатар, қытайлық торлардың табиғатта ыдырау мерзімі 150 жылдан 500 жылға дейін созылады.

 

Ендеше заңсыз құралдармен балықты босқа қыратындарға қатысты жазаны күшейтудің орындылығы бар. Тек жауапты құрылымдар асыра сілтеп, халық наразылығын өршітіп алмағаны да маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 194
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 242
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста