Жанболат Мамай Зайытов туралы: Табанының бүрі бар, мінезді тұлға деп айту қиын
Тағы бір клоунды, саяси әртісті өз қолымызбен жасауға асықпайық деген ол Facebook желісіндегі парақшасында өз ойымен бөлісті.
"Мен Ринат Заитовтың қандай адам екенін білмеймін. Бірақ "партия құрамын, халықты бастаймын" деп тұрған адамның бірнеше сағатта ұраны өзгеріп, ал келесі күні тіпті өзінің Youtube аккаунтындағы видеоларды жойып жібергеніне қарағанда табанының бүрі бар, мінезді тұлға деп айту қиын.
Одан кейінгі факт - ол республикалық телеарнада тұтас бағдарламаны жүргізетін шоумен.
Мысалы, маған Фейсбук пен Youtube-та бір клубтың отырысын модераторлық етуіме рұқсат бермей, полициядан ескерту беріп отыр.
Ал шын халықшыл, оппозициялық бағыттағы адамға республикалық телеарна эфирін бере ме? Ойланайықшы.
Тағы бір клоунды, саяси әртісті өз қолымызбен жасауға асықпайық!
Меніңше, халықтың адамға, тұлғаға емес, идеяға, идеалға еретін уақыт болды. Ондай нәрсе - ӘДІЛЕТТІЛІК, ШЫНДЫҚ, ТАЗАЛЫҚ, КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫЛЫҚ және МЕМЛЕКЕТШІЛДІК. Сонда адаспаймыз. Сонда алданбаймыз. Кім осы идеяларды биік тұғырға шын көтерсе, қазақтың лидері сол болсын", - деп жазды ол.