Жанар Байсемізова ер адамдардың не себепті әйелінің көзіне шөп салатынын айтты

Жанар Байсемізованің айтуынша, оған күйеуі жайлы, отбасылық мәселе жайлы айтып көмек сұрайтындар көп. Әсіресе, күйеуі опасыздық жасайтынын әйелдер жағы басым екен. Тележүргізуші бұл ретте әйелдерге өз кеңесін айтады.

 
"Бізде көп жағдайда әйелді кінәлап жатады. Әйелге көп жауапкершілік артады. Мәселен, ер адам опасыздық жасаса, әйелін кінәлайды. Өзіне қараған жоқ, күйеуінің көңілін тапқан жоқ, тазалыққа мән бермеді, жолдасына энергия бермеді, алдамады, мақтамады деп түрлі сылтаулар айтады. Мен де кезінде сондай сабақтар айттым. Желідегі біраз дәріс берушілер осындай сабақ жүргізді. Осылайша өзі қиналып жүрген әйелді одан сайын тығырыққа тірейді. Менің қазір көзқарасым өзгерді. Мен қазір басқаша ойлаймын", - деді тележүргізуші. 

Жанар ханым мәселенің бәрі - еркектің жауапкершілігінде деген көзқараста. Ер адамның қателігі үшін әйел жауапты емес деген пікір айтты.


"Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ": Дін туралы насихат айтып жүрген Жанар Байсемізова ораза туралы айтты


 

"Алла сүйген құлын сынайды, бұл сынақ деп әйелге басу айтады. Мұны сынақ деп қабылдаған әйел көніп жүре береді. Бұл ешқандай да сынақ емес. Алла сүйген құлын сынамайды. Аллаға құлдарының қиналғаны, сыналғаны керек емес. Оған ешқандай мұқтаж емес. Бұл жай ғана ер адамның жауапсыздығы. Ер адам балалары бар екенін, өзін күтіп отырған әйелі бар екенін білсе, өзге әйелге қанша аңсары ауып отырса да, жауапкершілікті бірінші орынға қою керек. Жауапкершілікті сезінген ер азамат ешқашан опасыздық жасамайды. "Ер адам үйден қырық қадам аттаған соң бойдақ" деген сөз бар. Мұның бәрін өзін ақтау үшін шығарған, жауапкершілікті сезінгісі келмейтін адамдардың сөзі. Мұндай сөзге ермеңіз. Бойдақ деп сезіндіңіз, опасыздық жасадыңыз, отбасыңыз бүлінді, балалар екі жақта қалды. Сонда не болды?", - дейді Жанар ханым. 

Айтуынша, әйел дене сымбатына, өз күтіміне күйеуі үшін емес, өзі үшін қарауы керек. 

"Әйелдердің әдемі болып жүргеніне, күтім жасауына, артық салмақтан арылуына қарсы емеспін. Бірақ күйеуі үшін емес, өзіңіз үшін жасаңыз. Өзіңізді жақсы сезіну үшін жасаңыз. Өзіңізге сенімді болыңыз. Мәселе сынақта емес, жай ғана көңіл бөлмегенде шығар. Мүмкін күйеуіңіз сізден әлденені күтетін шығар. Жақын сөйлескісі келетін шығар. Жылулық сезінгісі келетін шығар, мәселе ешқандай сынақта, тағдырда емес", - деді Жанар ханым.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста