Жаңаөзен: кемшіліктен кеңшілікке

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жаңаөзен жаңарып жатыр. Кешегі күнімен салыстыруға келмейді. Тың жобалар мен бастамалар қаланың қуатты дамуына серпін бермек.
2020 жылға дейін қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін кешенді жоспары қабылданып, оны жүзеге асыру жалғасып жатыр. Бұған қоса, Жаңаөзен қаласы Қазақстанның 27 моноқала­сын дамыту бағдарламасына қосылды. Үкімет басшысы Серік Ахметов: «Жаңаөзен қаласы бойынша тәжірибеміз өте көп және осы қалаға қарап еліміздегі қалған барлық моноқалаларды дамыту жайы қаралатын болады», – деген болатын.
Қала әкімі Серікбай Тұрымов «Моно­қала­­ларды дамыту» бағдарламасы бойын­ша Жаңаөзенге 477 млн теңге қаржы бөлінгенін айтты. «Ол қаражат ша­ғын­­­аудан­­дардың тозығы жеткен жолдарын жөндеуге немесе қайта салуға, абаттан­дыруға, балалардың ойын алаңдарын, спорт алаңдарын салу жұмыстарына жұм­салады», – дейді ол.
Жұмыссыздық – басты назарда
Жаңаөзен экономикасы көп салалы саналады. Негізгі бөлігі – мұнайгаз өнер­кәсібі. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі, өң­деу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі де жақсы дамып келеді. Және жаңаөзен­діктердің негізгі бөлігі осы салаларда жұмыс істейді. Қалада жұмыссыздық мәсе­лесін шешу шарасы да ұдайы жүргізіліп отыр. Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бері қалада 3,4 мыңдай адам жаңа жұмыс орнына ор­наласты. Шамамен 2,3 мың адам әлеу­меттік және қоғамдық жұмыс­тарға тар­тылды. 200-ден астам жо­ғары оқу орны мен колледж студенттері кәсіби тәжі­рибеден өтті.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша өз кәсібін өрге домалатамын деген қала тұрғындарына шағын несиелер беріліп жатыр. Бүгінде шағын несие беретін орталықтар 13 жобаны мақұлдады, оның жалпы құны – 40,8 млн теңге. Кәсіп аш­қысы келетіндер қатары да артып келеді.
Жаңаөзен әкімінің орынбасары Нұр­берген Құдыбаевтың айтуынша, «Кендірлі» курорттық демалыс аймағы ашылса, 20 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру – 2012-2020 жылдарға жоспарланған. Аймақтың жо­балық қуаты: 23 қонақүй және 22 мың орынға есептелген – 4 мың вилла. Сондай-ақ жыл сайын демалыс аймағы – 500 мың адамды, ал әуежай жылына 1 млн жолау­шы­ны қабылдайтын болады.
Ал азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таңда Жаңаөзенде «Өзен-Дархан» кәсіпорны жұмыс істейді. Кәсіпорын бақша аумағын – 106 гектарға жеткізіп, жаңа 20 жылыжай салды. Ол жыл сайын 200 тоннадай көкөніс береді. Кәсіп­керлердің айтуынша, Төңірекшын ойын­да гектарлап егілген қарбызбен бүкіл Маң­ғыстау өңірін қамтамасыз етуге болады екен.
Биыл республикалық, жергілікті қазы­надан және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қара­жаты есебінен қалада 28 инвес­тициялық жоба жүзеге асып жатыр. Жалпы сомасы 15 млрд теңгені құрайды.
Әлеуметтік нысандар бой көтереді
Нұрберген Құдыбаев Жаңаөзенде оннан астам білім ошағы салынатынын жет­кізді. Қазіргі кезде қаланың үш жалпы білім беретін мектебінде оқушылар үш ауы­сыммен білім алады. Қала бойынша 4173 орын жетіспейді. Осыған орай, биыл қала маңындағы Теңге ауылы мен «Бос­тандық», «Мерей» шағын ауданында 3364 орындық төрт мектептің құрылысын бастау жоспар­ланып отыр. Ал 2014 жылы Жаңа­өзенде 11-12 сынып оқушыларына арнал­ған кәсіби мектеп пен мұнай-газ коллед­жінің ғимараты бой көтеретін болады. Сонымен қатар биыл 320 орындық екі балабақша салынып жатыр.
2012-2015 жылдарға арналған қа­ла­ның кешенді даму жоспары аясында жаңа денсаулық сақтау нысандары да ашылмақ. Биыл Теңге және Қызылсай ауыл­дарында дәрігерлік амбулатория­лардың, «Рахат» шағынауданында емхана құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жылдың аяғына дейін 100 орындық перзентхананың құры­лысы аяқталады. Жаңаөзенде де жоғары білікті медицина мамандары тапшы. Тозған ғимараттар да аз емес. Бұдан бөлек, 200 пәтерлік тұрғын үй, ішкі істер қызметкер­леріне арналған жедел басқару орталығы­ның ғимараты, жылу желілері, орталық қазандығы пайдалануға берілмек.
Қазіргі таңда қалада 11 мемлекеттік меди­циналық мекеме қызмет етеді.
Жаңаөзендіктер көбейіп келеді...
О баста Жаңаөзеннің іргетасы геоло­гиялық барлау ауылы ретінде қаланған. Ол кезде бар-жоғы 12 мың ғана тұрғын бо­латын. 1960 жылдары мұнай-газ өндірісі қарқын алғанда көшіп келушілер көбей­ген-тін. 2012 жылғы 1 қаңтардағы мәлі­метке сүйенсек, қала халқының саны 122,3 мың адамға жетіпті. Ал халық тығыздығы бойынша Ақтаудан кейінгі екінші орында тұр (бір адамға – 1 шаршы шақырым). ТМД елдерінен, әсіресе, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран елдерінен қандас­тарымыздың оралуы халық санының артуына айтарлықтай оң әсер етті. Бұған қоса, қалада туу көрсеткіші де артып отыр. Биылдың өзінде мұнда 3400 сәби дүние есігін ашты.
Соған орай, Жаңаөзеннің де әлеумет­тік-экономикалық дамуы қарқынды жүруі қажет-ақ. Бүгінде қолға алынған жобалар кемшіліктен кеңшілікке бастайды деген сенімдеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста