Ығай мен сығайдың қыздары мен тоқалдары билікке мұрагерлік жолмен келіп жатыр – Самал Ибраева

«Атамекен бизнес» арнасының «Басты тақырып» бағдарламасы 8-наурыз қарсаңында биліктегі әйелдердің үлес салмағын қалай 30%-ға жеткізуге болатынын талқыға салды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік  салада, корпоративтік сектерда шешім қабылдау деңгейіндегі қызметтерде әйел адамдардың үлесі небәрі 7-8 пайызды құрайды.  Мемлекет басшысы әйел әлеуетін елімізді дамытуды ілгерілетуде пайдаланудың маңыздылығын күн тәртібіне енгізді. Президент шешім қабылдау деңгейінде әйел әлеуеті кем дегенде 30 пайыз болу керектігін алға тартты. Әлбетте, бұл шешімді басшылыққа алғанда меритократияға үстемдік берілсе. Олай болмаған жағдайда қоғамда әйелдердің әлеуетіне күмән келтіру, билік өкілдеріне деген сенім тұрғысынан да кері эффект беруі мүмкін. 

 

«Неге киімдері, сөмкелері талқыланып жатыр? Өйткені, ығай мен сығайдың қыздары. Ығай мен сығайдың тоқалдары билікке мұрагерлік жолмен келіп жатыр. Өкінішке қарай, 4-5 млн теңгенің сөмкесін ұстайтын азаматшалардың келуі осыдан. Үлкен қызметке келген адам елдегі шынайы жағдаймен жақсы таныс болу керек. Халықпен санасатын адамдарды қою керек. Мәселе еркекте де әйелде де емес. Қазір біздің мәжілісте әйелдердің үлесі аз. Шынтуайтында, билікте шешімді қабылдайтын, өкілетті әйелдер жоқтың қасы. Әрине, Мадина Әбілқасымова қатарлы әйелдер бізде министр болды емес пе дегендей сөзіме қарсы дау айтылуы мүмкін. Алайда оның өзі әкесі билікте болғанын, Әбілқасымованың министр болуына әкесінің ықпалы болуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Яғни бізде өз білімімен еңбек жолында келе жатқан әйелдерде толық мүмкіндіктер ашылды деп айта алмаймын. Оны мен әлеуметтік желіде де жаздым. Ұлттық кеңесте де, жастар ісі кеңесінде де әйелдердің саны өте аз. Ал мен біздің елде еңбекқор, білімді әрі білікті көпбалалы аналар, әртүрлі құрылымның отымен күлімен шығып жүрген әйелдер бар. Оларды бағалайтын уақыт келген секілді. Президент те осы мәселеге назар аударып отыр», - дейді қоғам белсендісі, журналист Самал Ибраева.

 

ЖОО қызметкері Айнұр Кәрібозованың айтуынша, ұйым басшысы ер азамат болсын, әйел адам болсын қол астындағы басшылық деңгейге дейін өсуге әлеуеті бар азаматтарға тең қолдау көрсетуі керек. Оның ішінде ұдайы, кезең-кезеңіммен оқытып отыру, кәсіби біліктерін арттыру курсатары, жалпы мотиватициялық қолдау түрлері бар. Жалпы  шешім қабыдлайтын деңгейге жеткізетіндей, сондай әуеуеті бар адамдарды қолдап, үлгі ету керек.

 

«Әйел азамттарды ілгерілту мәселесі бұл қоғам мәселесі, бұл еліміздің дамуын ілгерілету мәселесі. Еліміздің жылдық жиынтық өнімінің 20-30 пайызға өсуінің ең мықты қайнар көзі. Экономикалық пайда ретінде пайдаланылмаған мықты адами  капитал, адами ресурс. Біз қалай осы мәселені ілгерілетуміз керек.  Қандай тетіктер бар? Әр түрлі қауымдастықтар осы мәселелерді алға тартып жатыр. Бүгінгі күнге  дейін сол қауымдастықтарды бір мықты күшке біріктіретін бір құрылым керек»,- дейді Айнұр Кәрібозова.  

 

Самал Ибраева сонымен қатар әйелдерге қатысты қаншама рет тұрмыстық трагедиялар болғанын еске салды. Мысал ретінде Алматыда былтыр күзде үш балалы әйелдің оқиғасын келтірді.

 

«Бірақ біздің елде ондай қайғылы жағдайларға не себеп болатыны талданып, зерттелген жоқ. Ал жауапты адамдар үн шығармады. Осындай жағдайлар көп. Бірақ жауапты құрылымдардан қоғамдық резонанс жасап, мәселелерді көтергендерді көргенім жоқ. Иә, қағаз жүзінде бәрі бар. Бірақ олар жұмыс істемейді. Бізде «Болашақпен» оқып келген немесе бизнесте жүрген қаншама білімді қыз-келіншектер бар. Солардың бәрінің басын қосып, кеңес құруға болатын секілді», - деп түйді Самал Ибраева.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста