«Хай-тек» үйге қайтсек қол жеткіземіз?

Қазір жолашары кеше жасалған инновациялық жобалар жол бастап тұрған заман. Қолдау көрсетуге лайық ақжолтай жоба болса «батасын» алып барқадар таппақ. Өйткені үдемелі индустриялық-инновациялық жобалардың экономикалық, әлеуметтік маңызы өте зор. Тіл-көзден сақтасын, жорға жобаңа да кібіртіктемей-ақ кірісіп кетуге әл-дәрменіміз жетіп қалыпты. «Бұл – халықтың кәсібилігінің, шеберлігінің, бәсекеге қабілеттілігінің сапалы өсімінің белгісі» дейді айтары барлар.
Еліміздің құрылыс саласына бұйырып отырған инновациялық жоба да болашағынан зор үміт күттіретін жоба болғалы тұр. Бұл инновациялық жоба аталған салаға үлкен жаңалық енгізбекші. Қазір қоғамда аталған жоба төңірегінде қызу әңгіме өрбуде. Ең маңыздысы – жоба көпшіліктің қол­дауына ие болып отыр. Қызықтырып, ынтықтырып отырған жобаның жүзеге асуына мұрындық болып жүргендер: Ғаламдық экологиялық қор мен ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық істері агенттігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақ­стандық орталығы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ БҰҰ Даму бағ­дар­ламасы.
Сонымен, жоба несімен тиімді? Енді соған тоқтала кетсек. Тұрғын үй секторы – электр қуаты мен жылу жүйе­сін пайдалануда үшінші орын алатын ең ірі сектор. Ал біздің елімізде тұрғын үйлер 270,9 миллион шаршы метрді алып жатыр. Басым бөлігі – ескі көпқабатты үйлер. Ал олардың Еуропаның електен өткен елдерімен са­лыстырғанда, тұтынып отырған электр қуаты мен жылуы 2-3 есеге артық. Нақтырақ айтсақ, біздің елде жылына бір шаршы метр 270 кВт жұтса, дәл осы бір шаршы метрге сөз болып отырған Еуропа қалалары бар-жоғы 100-120 кВт жұмсайды. Өйткені олар тұрғын үйлерді жобалау және салуда қазір, негізінен, жаңа, яғни энергетикалық тиімділігі жоғары жобаға ауысқан. Тағы бір айта кетерлігі – ауадағы зиянды қалдықтардың 80 пайызы энергетикалық сектордан болса, соның 90 пайызы жылу және электр қуатынан, яғни инновациялық жаңа жобаны іске асыру арқылы экологиялық проб­леманы да шешуге болады деген сөз.
Электр қуатын үнемдеуде теңдесі жоқ мұндай үйлер, негізі, Еуропаның бірқатар елдерінде өткен ғасырдың аяқ шенінде салына бастаған екен. Жоба авторы – белгілі неміс сәулетшісі Вольфганг Файст.
Қазір ел арасында 50-60 жылдан кейін мұнай күрт азаяды деген әңгіме жүр. Әрине, ол жағы бір Аллаға аян. Десек те, энергоресурстарды үнемдеуді қазірден қолға алғанның пайдасы болмаса, зияны жоқ. Осы орайда сөз болып отырған жоба – құрылыс сала­сының баламасы жоқ инновациялық шешімі.
Естуімізше, жоба бюджетіне 4 568 500 АҚШ доллары жұмсалып, оны Ғаламдық экологиялық қор бөліп отыр.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы «бісміллә» деп ен салынған жобаны жүзеге асыруға кірісіп те кеткенге ұқсайды. Бірінші кезекте әкімшілік ғимараттар салынбақ.
Пилоттық жоба бойынша мұн­дай құрылыс жұмыстары алдымен Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларын­да бой көтермек. Жергілікті  әкімшіліктер жер бөліп, сәулет-жобалау  жұмыстарына қызу дайындық  жүріп жатыр, сондай-ақ инженерлік желілерді қосуға рұқсат алы­н­­ған. Айтпақшы, жоба қазір «ҚазСҚҒЗИ» РМК-тің сынағынан өтіп жа­тыр.
Модерндік «хай-тек» нақышынан кө­рі­ніс беретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергоресурстарды үнемдеу технологиясына пайдаланыл­мақ инновацияны үкімет те қолдап отыр.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау минис­т­р­­лігі Киото хаттамасы департаментінің бас сарапшысы А.Мақажанова Қазақ радиосына берген бір сұхбатында: «Өткен ғасырдан бастап бүгінгі күн аралығын айтсақ, парниктік газдардың концентрациясы үлкен жылдамдықпен ұлғаюда. Бұл процесс температураның өсуі мен климаттың өзгеруіне әсер етпей қоймайды. Сондай-ақ парниктік газдар­дың адамның денсаулығына айтарлық­тай зиян келтіретіні алаңдатып отыр», – дей келе, Үкіметіміздің аса маңызды екі шешім қабылдағанын, яғни біріншісі- 2020 жылға қарай парниктік газдардың көлемін 15 пайызға азайтуды және 2050 жылға қарай 25 пайызға төмен­дету туралы халықаралық міндеттемелер алғандығын атап өткен болатын. Міне, бүкіл жер беті мемлекеттері алдында тұрған осындай күрделі мәселенің күрмеуін шешуде сөз болып отырған инновациялық жоба теңдесі жоқ жоба болмақшы.
Жаңа жобамен жүргізілетін құрылыс пен оның жабдықтарының артықшы­лықтары қандай? Атап шығайық:
– сәулеттік-жобалау жұмыстарын оңтайландыру (үйдің терезелері оңтүс­тік­ке бағытталып, ағаш не өзге де заттар­мен көлеңкеленбеуі тиіс);
– сыртқы суықты тасымалдайтын құ­рылымдарды болдырмайтындай мүл­тіксіз салынуы тиіс;
– үй ішіндегі терезеден түскен күн жылуының 50 пайызын іште қалдыра­тын­дай үш қабатты әйнек қойылады және оның арасы инертті газбен толты­рылады;
– суыққа төзімді есіктер қою;
– сыртқа шығарылатын ауаның 75 пайызының жылуын қайта пайдалануға мүмкіндік беретін желдету жүйесін пай­далану.
Құрылыс кезінде, негізінен, сапалы, тиімді инженерлік жүйенің соңғы үлгісі пайдаланылады. Passivhaus Institut (Гер­ма­ния) анықтауынша, пассивті үй (бей­тарап, әрекетсіз, бейқам, селқос) де­геніміз – қыста жылытуды, жазда сал­қындатуды қажет етпестен адамға жай­лы температураны сақтай алатын үй.
Баян Әбілқайырова, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Ғаламдық экологиялық қордың энерготиімді құрылыс жөніндегі жоба менеджері:
– Жобаның жүзеге асу мерзімі – 2010 жылдың қыркүйек айы мен 2015 жылдың желтоқсаны. Жобаның негізгі мақсатының бірі еліміздегі тұрғын үй секторындағы парниктік газдардың бөлінуін барынша қысқарту екендігі түсінікті. Жобаны жүзеге асыруда мына төрт міндет қойылып отыр:
1. Міндетті құрылыс нормативтерін және олардың сақталуына бақылау рәсімдерін, сондай-ақ энергетикалық тиімділікті бағалау және мониторинг жүйесін жетілдіру.
2. Құрылыс материалдары және олардың құрамындағы заттардың энергетикалық тиімділігін стандарттау және сертификаттау.
3. Энергетикалық тиімділікті насихаттау және энергетикалық тиімді технологияларды пайдала­нудағы білім беруді жетілдіріп, оны ақпараттандыру.
4. Ғимараттарды энергетикалық тиімді әзірлеу.

Айман ШОПАЕВА, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кеңесшісі:
– Энергетикалық тиімділігі жоғары үйлер мен ғимараттар салу жобасы әзірге баламасы жоқ жоба болып тұр. Осындай жобамен са­лын­­­ған үйлер сырттан энергия ал­май­ды, энергияны өзі өндіріп оты­ра­ды, яғни электр қуатын аса қажет етпейді. Ол, негізінен, күннің сәуле­сі­мен жылынып, желмен салқын­датылады. Тіпті жердің жылуын өзі­не сіңіреді. Қазіргі кезде үш қалада үш әкімшілік ғимарат салынбақ. Осы құрылыс біткен соң, пилотты жоба­мен бір тұрғын үй салу мәселесі қарастырылып отыр. Қызығушылық танытып жатса, қарапайым адам­дар­дың да осын­дай үй салуды ойластырған­дары дұрыс болар еді. Рас, шығын әдеттегі үй құрылысына жұмсала­тын қаражаттан көбірек болады. Есесіне үй тұрғызып алған соң ай сайынғы комуналдық шығын айтар­лықтай азаяды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста