Ұстаз мәртебесін көтеру еден жуудан басталмақ па?

Ұстаз мәртебесін көтеру еден жуудан басталмақ па?

Мектепте бала оқытып, білім бергені үшін жалақы алатын ұстаздардың бала оқытқаннан бөлек «барып кел, шауып келдің» күйін кешіп жұмыс істейтінін бәріміз де білеміз. Концерт болса адам­ның санын көбейтуге, сенбілік болса қара жұ­мысқа «жегілетін» ұстаздардың бүгінгі сиқы осындай. Алайда күні кеше Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Есеп берудің орнына ұстаз­дар­ға білім беруге, ал дәрі­гер­лер­ге халықты ем­деуге мүм­кіндік беру керек» дегенді айтқан еді. Бірақ бұл жолы ұстаздарымызды сабақ, бол­маса есеп беріп жатқан жерінен емес, еден жуып жүрген жер­лерінен көрдік!
«Алматы қаласындағы Алатау ауданында бірнеше жаңа мектеп бой көтеріп, жуырда ашылады екен... Құры­­лыс жұмыстары аяқталып, құ­ры­лыс мате­риал­да­ры­нан қалған қал­дық­ты сол аудан мектептерінің мұға­лімдері сыпырып-сидырып, суық сумен жуып жүр. Ғимарат ішіне жылу әлі беріл­меген, бүрсең қаққан ұстаздардың уәжін тыңдамақ түгіл, мектеп бас­шы­лары оларға еден жууды міндеттеп қойыпты» деген ел ара­сындағы сыбыстың тарала бастағанына аз уақыт бол­ған жоқ. Алайда «Алаш айнасы» газетінің тілшілері бұл жайдың анық-қанығына көз жеткізу мақсатында сол жаңа салынған мектептердің бірі №178 физика және математика пән­де­рін тереңдетіп оқытатын мектепке ат басын бұрған болатын...

Кіреберістен қарсы алған күзетші «бас­шылық мек­тепке ешкімді кіргізбең­дер деген бұйрық берді, келген жолы­ңыз­бен қайта қайтыңыз» деп шығарып салмақ болды. Шынын айту керек, ғимараттың ішінде әрлі-берлі сабылған әйел адамдардың еден жуғыш қыз­меткерлер емес, ұстаздар екені білініп тұрды. Ерік­сіз «еден жуушының жұмы­сын іздеп келдік, жұмыс жайлы біліп шығам» деп ішке енуге тура келді. Бір бөлмеге топталып, шай ішіп отыр­ған­дардың үстінен түстік. Жұмыс жайлы сұрағанымызда «бұл жөнінен мүлде бейхабармыз, білетініміз жаңа мектепте әлі штат жоқ. Еден жуушылар мектеп ашыл­ғаннан кейін жұмысқа алынады екен. Мына жердегі бәрімізде мұға­лім­біз, басқа мектеп­терден келдік» деген жауап алдық. Айтуларынша, төрт қабат­ты ғимараттың әр қабатында әр мектептен келген ұстаздар бөлініп алып еден, қабырға, терезе, есік, парта сияқ­­ты тағы да басқа кабинет жаб­дық­тарын жууға кіріскен. Бір емес, бірнеше аптаға созылған жинау жұмыстарына Ала­тау ауданы мектептерінің барлық ұстаз­да­ры жұмылдырылған. Қолда­рына шүберек пен шелегін алып, шаң-тозаңның арасында жүрген мұға­лім­дер­дің қабағы да қатулы.

Маржан, «Сайын көшесіндегі бір мектеп­тен келген» математика пәнінің мұғалімі:
– Соны айтсаңызшы, бүйткен мұ­ғалімдігі құрысын. Жүрісіміз мынау – еден жуып. Ана мектептегі жұ­мыс бітсе, осында келеміз. Енді қай­теміз?

Жасы да, кәрісі де араласқан әйел­дер­дің кейбірі «мектеп киімімен», қолтығына кітаптарын құшақтаған күйі кешкі сағат 17.30 шамасында үйлеріне жинала бас­тады. Алайда фототілшіні байқаған сәтте өзгеріп сала берген ұстаздар, бастапқыда айтқан мұң-мұқ­таждарын ұмытқан сыңай танытып, тез тарасты. Тек Жадыра есімді ұстаз «бізге ақша төлемейді, бәріміз де мұғалімбіз, осы жүргендердің барлығы да – ұстаз! Әр мектептен келдік, көзде­ріңіз жетті ме?», деп қалды. Тілшілерді мем­лекет­тік мекемеден (!) қудалаған күзет­шілер де «басы-көзіңнің ама­нын­да қараңды жоғалт» дегендей сес көрсетіп, қабақ шыт­ты. Дегенмен ащы да болса шын­дық, ұстаздарымыз еден жуып жүр!
Ұстаз мәртебесін көтеруді Елбасы тапсырған еді
Есімізде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы Назарбаев бір сөзінде «Тәуел­сіз Қазақ­станда өркениетке барар жол­дың бастауы – мектеп десек, мек­тептің бас­ты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Ұстаз­­дың мәр­тебесін көтеру – күн тәрті­­бін­дегі бірінші мәселе. Біз мұғалім маман­дығының беделі мен абыройын қай­таруға міндеттіміз», деген еді. Пре­зи­денттің бұл жолдауынан кейін хал­қымыз еліміздегі Білім және ғы­лым ми­нистр­лігіне зор міндет жүктелді, енді мұ­ға­лімдіктің абыройы қайта көте­рі­леді деп сенді...
Жаңа мектептің ішін тазалауға мұға­­лім­дерді «жұмсау» – мұғалім мәртебесін түсіреді дегеннен өзге тағы бір күдікті ойды тудырады. Мектеп қабыр­ғасын қалағандар мемлекеттен қыруар қаржы алды деген сөз емес пе? Ал сол қар­жының ішінде құрылыс жұмыстарынан кейін­гі қоқысты таза­лауға да бөлек ақша­ның бөлінгені анық. Бәлкім, ғима­раттың ішін таза­лауға деп аударылған ақша «пысы­қай­лардың» бірінің қалта­сын­да кеткен болар? Бірақ бұл сұраққа білім бөлімі мамандарынан күтпеген жауап алдық. Айтуларынша, сол мек­теп­ке жақын орналасқан Ақбұлақ ықшам ау­да­нын­дағы қо­лы бос әйелдер «ерік­кен­нен» барып еден жуып жүрген көрі­не­ді.
Дархан Нақысбеков, Алатау ауданы білім бөлімінің бас маманы:
– Мұғалімдер еден жуып жүр деген әңгіме, ол – жай әңгіме. Жаңадан ашы­латын №178 мектепті сол мектептің шта­тындағы технич­калар жуып жатыр. Ақбұлақ ықшам ауданында тұратын тұрмысы нашар аналар жаңа мектеп салынып жат­қаннан кейін жұмыс сұрап келе бастады. Міне, солар. Біз мұға­лім­дерді қайтіп жібереміз? Олар сабақ өткі­зе ме, еден жуа ма?

Осылайша, төтесінен қиып тұрып жауап берген Д.Нақысбеков мырза жаңа­дан тұрғызылған ғимараттардың ішін жи­науға мемлекеттен қаржы бөлінбейтінін де айтты. Сөзіне сенсек, төрт қабырға мен жаб­дықтарды сатып алуға ғана ауда­ры­ла­тын ақша­ның ішінде құрылыс жұмыс­та­рынан кейінгі жұмыстарға бір тиын да қарас­ты­рыл­маған. Осыдан-ақ құрылысы енді біткен мектептің ішін мұға­лімдердің жуып жүргенін аңғаруға болады және Нақысбековтің «қаржы бөлінбейді» деген сөзі бұған дәлел болғандай...
Қалай десек те, едендерді жуып жүр­ген­дердің шын мәнінде кім екенін өз көзі­мізбен көрдік. Бірақ білім бөлі­мінің мұн­дай жауабына жол болсын...

P.S.
Біздің мақсатымыз аталған ауданның білім бөліміне болмаса жаңадан ашылғалы отырған мектептің басшылығы атына кір келтіру емес. Баспасөз қыз­меткерлерін көріп, зәре­лері зәр түбіне кеткен ұстаз­дар­дың қорқынышын да түсінеміз. Десек те, Елба­сы­мыз­дың өзі сыбайлас жемқор­лық­пен күресіп, ұстаз­дарымыздың мәрте­бесін көтеруді мықтап тапсырған болатын. Алайда мұға­лім­дердің адал еңбегіне төлеп отырған мемлекеттің қаржысын мектеп басшылары өз қалталарынан шығарып төлеп отырғандай мінез көрсететіні бар. Мұнымен мұғалім мәртебесі көтерілмек түгіл, бүгінгі бар дәре­жесін төменге құлды­ра­тып алуымыз әбден мүм­кін. Ал еден жудыру – ұстаз мәр­тебесін көтеруге үлес қоспай­тыны айдан анық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста