Ұстаз әлеуетін көтермейінше, мұғалім тапшылығын жоя алмаймыз

«Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын – мұғалімдікі» деп өткен ғасырда ақын Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, бұрындары ұстаздарға көрсетілер құрмет пен сый бөлек еді. Сол ұлы мамандық иелеріне көрсетілер сый-құрметтің әсері ме, мектеп бітірген әрбір оқушы «өскенде ұстаз боламын» деген сөзді үлке-е-ен мақтанышпен, құрметпен айтатын. Ал бүгінде ұстаз мамандығының беделі төмендегендіктен, ұстаз мамандығын таңдаушылардың қатары азайып, тіпті тест бойынша төртінші пәні сәйкес келіп, балы соған ғана жеткендер амалсыздан ұстаз болатын жағдайға жеттік. Осының салдарынан еліміздің білім беру мекемелерінде ұстаз тапшылығы да туындап отыр.
Білім және ғылым министрлігі жа­нын­дағы Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің дерегіне жүгінсек, рес­пуб­лика бойынша 3 мыңға жуық педагог маман жетіспейді екен. Білім беру меке­ме­леріне бүгінгі таңда физика, химия, ма­те­матика, ағылшын тілі, информатика пәндері мен дене тәрбиесі сабағы оқы­ту­шыларының қажеттігі артқан. Әсіресе ұстаз тапшылығы шалғай ауылдарда қатты сезілуде. Әйтсе де кадр жоқ деп, мектеп бағдарламасына сай өтілуі тиіс пәндерді өткізбей қоюға болмайтындықтан, бір ұстаз бірнеше ұстаздың жүктемесін қатар көтеруге мәжбүр болып, ауыл мек­теп­те­рінде «әмбебап мұғалім» де пайда бола бастады. Информатика пәнінің мұғалімі дене тәрбиесі пәнінен де сабақ бере бе­ретін мектепте тәрбиеленген шәкірттердің болашағын елестетудің өзі қиын.
Айналып келгенде, бұл мәселелердің бәрі ұстаз мамандығына құрметтің жоғалуы мен мұғалім беделінің төмендеп, кадр тапшылығының туындауынан пайда болып отырғанын ұққан бас мұғалім Бақыт­жан Тұрсынұлы ұстаз мәртебесін көтеру туралы бастама көтерді. Осыған орай министрлік мұғалімдерге лайықты еңбекақы төлеу, біліктілігін арттыру, ұст­аз­дық кәсіптің қоғамдағы имиджін өсі­ру бағытында жұмыстар жүргізе бастады. Соның айғағы: өткен оқу жылынан бастап ұстаздарға санаттарына қарай үстемеақы мөлшері ұлғаятын болды. Егер сол уақыт­қа дейін жоғары санатты мұғалім үсте­меақы­сы 60 пайызды құраса, жаңа оқу жылы­нан бастап – 100 пайыз, бірінші са­нат­тылар – 35 пайыздан 50 пайызға, екін­ші санаттылар 20 пайыздан 30 пайызға өсті. Соны­мен қатар санаты жоқ жас ма­ман­­дар­ға алғашқы бес жыл жұмыс уақы­ты ішінде 20 пайыз қосымша үстемеақы төленетін болды. 2015 жылға қарай педа­гог­тардың орташа жалақысын жеке сек­тор­дағы еңбекақыға теңестіру де көзделді. Бұл ұстаздар жалақысы қазіргімен са­лыс­тыр­ғанда екі немесе үш есеге дейін өседі де­генді білдіреді. Осы орайда өсірілген жалақы ұстаздарды қаншалықты қуантуда деген оймен бірқатар ұстазға хабар­ласқан едік. Неше жылдан бері ұстаздық қызметті серік еткен Ғалия апай: «Ми­нистр­лік бе­кіт­кен жоғары санатты ұстаздың жал­ақы­сын алу оңай емес», – дейді.
Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Шыны керек, бүгінде ұстаз­дар­дың жалақысына қосылып отырған үстемеақы көңіл көншітерліктей емес. Мәселен, жоғары санатты ұстаз 100 пайыздық үстемеақы алуы үшін көпте­ген критерийге сай болуы тиіс. Арнайы үш айлық курстан өтуімен қатар, мектептегі түрлі іс-шаралардың ұйыт­қысы болып, шәкірттері де білім сапа­сы­ның жоғары көрсеткішін көр­сетуі тиіс. Бірақ барлық ұстаз жоғары жала­қы үшін қоғамдық жұмыспен айна­лы­сып кетсе, оқушыны сонда кім оқытады? Ұстаздың басты міндеті білім беру ғана емес пе?!  Ұстаз сапалы білім берсе ғана үстемеақыны қосатын бол­са, ұстаз болғысы келетіндер қатары көбейіп, кадр тапшылығы да жойылар еді. Ал үстемеақы үшін сансыз талап қою дұрыс емес.

Осы орайда Алматы қалалық №138 мектеп-гимназиясында 25 жыл бойы үздік­сіз қызмет атқарып, профессорлығын да мектеп қабырғасында қорғаған Ұл­жал­ғас апай да 100 пайыздық жал­ақы­ның кез келгеннің уысына түспейтінін айтады.
Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, география пәні мұғалімі, педагогика ғылымының докторы, профессор, географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі, Қазақстан Рес­пуб­ликасының білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері:
– Үстемеақыны алу үшін арнайы та­лап­тардың бары рас. Бірақ оңай жерде нан жоқ қой. Сондықтан Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан «Өр­леу» ұлттық біліктілікті арттыру орта­лы­ғынан ұйымдастырылған үш айлық біліктілікті көтеру курсынан өту қажет. Осы курстан тұрақты үш кезеңнен өтуі­не орай алғаш – 30 пайыз, одан кейін 70 және 100 пайыз көлемінде үсте­ме­ақы қосылады. Сондай-ақ осы білік­ті­лікті көтеру курсынан өткен ұстаздар қосымша өте көп шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Білімін жоғары деңгейде көрсетіп жүрген шәкірттері де болып, тіл білу қабілеті де жоғары болғаны жөн. Тұрақты түрде олардың жұмыс істеу қабілеті мен курстан өту кезінде алған тәжіри­бе­сі тексеріліп отырады. Үстемеақы осы талаптарға сай болған жағдайда ғана беріледі. Бұл үстемеақыға бас­қа­лар­дың қалай қарайтынын білмеймін. Өзім ұстаздық қызметіме қоса, мектеп қабырғасында жүріп қорғаған про­фес­сор­лық қызметім үшін қосымша 30 мың теңге аламын.Сонымен күн көру­де­мін.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас­қаның бақытын аялау» дегендей, басқаның білім көкжиегін кеңейту үшін алтын уақыттарын да аямайтын ұстаздар қауымының беделін көтеру қажеттігін Елбасымыз да қадап айтып келеді. Сон­дықтан мектептегі кадр тапшылығын жою үшін үстемеақы алу жолдарын жеңілдеткен де дұрыс шығар. Әйтпесе «ұстаздар жалақысын көтеріп жатырмыз» деген құр ұранмен мектепке ұстаздарды тарта алма­сымыз анық. Қандай қиын кезеңдерде де төзім­ділік танытып, елдің болашағы саналатын жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретіп жүрген ұстаздар қауымының еңбе­гі­не сай құрмет көрсету – қоғам парызы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста