Улы ойыншықтар ұрпағымыздың түбіне жетпесін...

Улы ойыншықтар ұрпағымыздың түбіне жетпесін...

Оң-солын енді ғана тани бастаған баланың санасы қалам тимеген ақ қағаз сияқты тап-таза. Миы да түрен тимеген тыңдай. Тек сол санаға қандай да бір дән себу – өз қолымызда. Ал сәбидің санасына ненің дәнін сеуіп жүрміз? Бұл – ойланатын мәселе. Ұлттық тәрбиенің тал бесігіне салып, қазақы қалыпқа құйып отырмыз десек, жалған айтқан болар едік.
Бала тәрбиесіне бүгінде теле­ди­дар­дың ықпалы күшті. Қытайдан ағыл­ған зиянды ойыншықтардың да орны бекем. Көзін тырнап ашқаннан басы жастыққа тигенше, теле­ар­на­лар­дан шетелдің басы үшбұ­рыш­ты, төрт­бұрышты, ұсқынсыз, не екені бей­мәлім кейіпкерлері бар мульт­фильмдерін көреді. Одан қалды, қытайлық сиықсыз ойыншықтар да ермек. Теледидардан көр­генін жа­сай­ды. Біз болсақ, қан-жоса, қыр­ғын-жорықты шімірікпестен ба­ла­ға көр­се­тіп, ұсқынсыз, улы ойын­шық­тармен ойната отырып, ұрпаққа бе­рер ұлттық құн­ды­лық­тар туралы айт­қы­мыз келеді.
Қытайдан ағылып жатқан ойын­шық­тардың пайдасынан гөрі зияны көп екені айтылудан кенде емес. Бірақ өзімізде жоқ ойыншық ин­дус­триясы көршімізге амал­сыз жүгін­дір­ді. Қытай көршіміз «сүтті сиы­рын» беріп отырған жоқ. Зерттеулер ойын­­шықтардың зиянды екенін дә­лел­деуден бір тынған емес. Мәселен, баз бір жыл­да­ры америкалық Mattel ком­паниясы өз­де­рінің Қытайда жа­сат­қан 18 миллионға жуық ойын­шы­ғын дүкен сөрелерiнен ал­дыр­тып тастағаны мәлім. Себебi аме­ри­калық кәсiпорынның тапсырысын орын­да­ған қы­тайлық Dong Lian және Yip Sing ком­па­ния­лары ойыншықтарға құрамында бел­гi­лен­ген мөлшерден көп мырышы бар бояу­­ларды пай­да­ла­ныпты. Мырыш әсiресе нәрестелер мен кiшкентай балалар үшiн аса қауiптi. Ағзаға енген мырыш миды зақым­дайды дейді мәліметтер. Бағам­да­сақ, қытайлық ойын­шық­тар­дың залал­ды­ғына әлем жұртшылығы да алаң. Олар алаңдап қана қоймай, қам-қаре­кет жасап та үлгеруде. Арнайы заң-зәкүндерін қа­был­­дап та тастапты.
Көзі қысық, өзі пысық көршіміздің күл-қоқыстан құрастырған зиянды ойын­шық­та­рын Солтүстік Америка мен Авс­тра­лия­ның дүкендерінде сатуға тыйым салынған. Ресей елі де Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химия­лық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осы­ған байланысты арнайы заң қабыл­дады деген дерек те бар.
Мамандардың айтуынша, Қытайдан келген ойыншықтар халықаралық стан­дарт­тарға сәйкес келмейді. Олардың құра­мын­дағы зиянды химиялық заттар: фенол – бекiтiлген нормадан 1,2-1,4 есе; қор­ғасын – 1,7; кадмий – 1,6-4,0; фор­маль­дегид 1,2-4,1 есе артық. Химиялық зиянды зат­тар фенол, формальдегид бала жүйкесiне әсер етедi, терiге тез сiңедi. Ауыр металл тұздары: кадмий, қорғасын улы химия­лық заттардың құрамына кiредi. Мәселен, кадмий тыныс алу жолдары мен асқазанға зиянды әсер етсе, қорғасын ағзада жина­лып, созылмалы улануға себеп болады екен. Ал осындағы фенолды алайық. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіп­сіздігіне қойылатын талаптар» тех­ни­ка­лық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көр­сетілген. Формальдегид 0,003-тен ар­тық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бе­кітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол – жоғары улы металл, батарейкаға пай­да­ла­нылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Фор­маль­дегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиын­ты­ғы­мен сәбилер күнде ойнайды. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі ал­лергия ауруының да күрт көбейіп отыр­ғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адас­пай­мыз. Алдағы уақытта әлемдегі ойын­шық индустриясының 75 пайызын қы­тай­лықтар шығаруы мүмкін деген мәлімет тағы бар.
Қытай ойыншық өндірісі қауым­дас­ты­ғы­ның дерегіне қарағанда, онда 30 мыңға жуық әртүрлі ойыншық шығарылады. Қазіргі таңда балаларға арналған Қытай экспортын, негізінен, Орталық Азия елдері мен АҚШ және Еуроодаққа кіретін мем­ле­кеттер тұтынатын болып отыр. Еуроодақ елдері Қытайға қатаң талап қойған. Онда олар қытайлық өндірушілер ойын­шық­тар­дың қауіпсіздігіне назар аударуы тиіс деген талапты ұстаныпты. Ал біз ше? Біздің ұстанғанымыз қандай? Қытайдың айтулы фирма-компаниялары емес, коопе­ра­тив­те­рі шығарған ойыншықтарының сырт кел­беті, сықпытының өзі бала түгіл, үлкен адамды шошытқандай. Басы үлкен, көзі дәу. Аяқ-қолы мен денесінің пропорциясы сақталмаған мүгедек, жарымжан ойын­шық­тар. Мұның бала психологиясына кері әсер ететінін психологтер де айтып отыр.
Ерлан МҰСТАФИН, психолог:
– Ойыншық – бала үшін күнделікті тұтынатын әлеуметтік құралы. Сон­дық­тан да ол баланың жүйкесіне, мінез-құлқына әсер етпей қоймайды. Мә­се­лен, үлкендер газет оқып, интернетті пай­даланатыны секілді, ойыншықтың да ықпалы балаға дәл сондай. Баланың қалыптасуына, ой-өрісін кеңейтуде ойын­шықтың маңызы зор. Қытайлық ойын­шықтардың сапасыздығына келісемін. Біріншіден, ол ойыншықты жасау үшін ойлап табу керек емес пе? Ал оны ойлап тапқандар – біздің ұлт­тың менталитетінен бейхабар адамдар. Сон­дықтан олар өздеріне бейімдеп жа­сай­­ды. Осыдан келіп баланың бол­мыс-бітімінде қайшылықтар пайда болады. Бала­ға кері әсер етеді. Екін­шіден, Қытайдың атақты, сапалы ком­па­ниялары жасаған ойыншықтар емес, кооперативтерінің өнімдері бүгінде нарықта жүр. Ал олардың сапасының қаншалықты екенін көзіміз көріп отыр.

Мән-мағынасыз мультфильмдер ұрпа­ғы­мыздың санасын уласа, денсаулығын қытайлық ойыншықтар құртып жатыр. Мульт­фильм демекші, осы арада айтпай кетпеске болмас. Бұдан біраз бұрын ресей­лік бір телеарна шетелдің мультфильміндегі ұсқынсыз бейнелерді ондағы муль­ти­пли­ка­торлардың есірткі шегіп алып бей­не­лей­тінін ашық айтты. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені бауыр еті балаларымыз күнде теле­дидардан көретін мультфильмдегі ұсқынсыз кейіпкерлер сау адамның қолы­нан шыққан дүние еместігін аңғару қиын емес. Оны білу үшін асқан данышпан болу­дың да қажеті жоқ. Сосын ертең безбүйрек ұл, мейірімсіз қыз қайдан шықты демейік...
Жалпы, білгіштер біздің елімізде ойын­шық шығаратын шикізат та, мүмкіндік те бар деседі. Тек қолдау қажет. Сонымен қа­тар ойыншыққа сұраныс өспесе, кемі­мей­тінін де деректер көлденең тартады. Тіпті Ресейдің өзінде ойыншық нарығының 80 пайызын Қытай жауып отырса керек. Демек, Қытайдан ағылған улы ойыншық алда­ғы жылдарда да айылын жимайды. Бұл арада қазақ та өзге елдер сияқты, Қы­тай­ға ескерту жасауы керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста