Үй болу емес, үй салу қиындап кетті

Үй болу емес, үй салу қиындап кетті

Баспанаға қатысты мәселе елу жылда да шешілмеуі мүмкін деп жазғанбыз, өткенде. Онда үй алудан үмітін үзбейтіндер кезегінің ұзынсонарға айналғаны айтылып еді. Ал бәріне қолды бір сілтеп, өзі жеке баспанасын салып алуға не кедергі? Әлбетте, Астана мен Алматыда жер алу екінің біріне қол емес. Ауылда ше? Мұнда да машақат шаш етектен. Адам өмірінің мәніне айналған – бала өсіру, ағаш отырғызу һәм үй салу атты үш міндет бар. Көптеген азаматтар үшін осы үш ұлы міндеттің ең өзектісі әлі күнге үй салуға тіреліп тұр. Ендеше тым құрығанда ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысы мәселесі неге шешімін таппайды? Бұл мәселені Сенат депутаттары да көтеріп, Үкімет алдына мәселе қойып отыр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-басылымының тілшісі.
Басынан бастайық: Сенат кеше мемлекеттік басқару мәселелерін қамтыған заңды қабылдады. Заң бірқатар жергілікті жерлерге қатысты бірқатар жаңалықтарға жол ашады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде өңірлер арасында 10 пайыздан аспайтын көлемде қаражатты қайта бөлу мүмкіндіктері қарастыырлады. Ал әкімдерге бір бюджеттік бағдарлама ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында 10 пайыздан аспайтын көлемдегі қаражатты дербес қайта бөлу құзыреті беріледі. Тоқтала кететін жайт, әкімдерге бюджеттік дербестік берумен қатар, олардың нысаналы трансферттер бойынша нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапкершіліктері де енгізілетін болады. Бұдан бөлек, заң арқылы жергілікті концессиялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге, «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыруға, «Doing Business» рейтингінің индикаторларын жақсартуға, банк секторын сауықтыруға бағытталған өзгерістер да қамтылып отыр. Мәселен, «Doing Business» рейтингінің индикаторларын жақсарту мақсатында елді мекендер шегінде нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін беру рәсімдерін жеңілдету, «бір терезе» қағидаты бойынша жер телімін беруді автоматтандыру ұсынылады. Экономика және бюджеттік жоспарлау минисрі Ерболат Досаевтың сөзінен аңғарғанымыз, ендігіде ауылдық жерлерде де жеке нысандар, оның ішінде үй-жай салуға жеңілдіктер берілмек. Алайда сенатор Қожахмет Баймаханов: «ауылда үй салуды қиындатпасаңыз, жеңілдеткен түгіңіз жоқ, Ереке» деп қалды. «Ереке, ауылда бір жеке, шағын үй салу үшін кемінде 1 миллион теңгеден астам қаражат керек болатын еді. Алайда, «проекті» дейді, «АПЗ-МАПЗ» дейді қаражаттың бәрін солар жұтып жатыр, ал мұның бәрі неге керек? Айдаладағы ауылға соның бәрі неге қажет? Қалада болса, ол түсінікті. Өйткені, ауылда біреу шамасы келгенше үйді қамыстан салады, енді біреуі саз-кесектен салады. Бәрі жағдайға байланысты. Біз сондай адамдарға жеңілдік жасаудың орнына бастарын қағазбен қатырып тастадық», – дейді Қожахмет Баймаханов. Бұл ретте депутат кішкене ғана ауылдық жерлердің өзінде жер алуға кезекте тұрған адамның ұзын-саны 5 мыңнан асатынын алға тартады. Алайда, кезегі келіп, жыл сайын жер алып, үй салып жатқандары шамалы.
Қожахмет Баймаханов, сенатор:
– Біздегі оңтүстікте бір отбасында 7-8-ден бала бар. Олар ер жетіп, бөлек өз алдына үй болайын, там салайын десе, жер жоқ. Шындығында жер бар, бірақ ала алмайды. Сосын ол не істейді? Ақыры ауылда үй сала алмаған соң чемоданын жинайды да, күн көру оңай деп Алматы мен Астанаға тартады. Өстіп келе берсе, ауылда адам қалмайды, бәрі Астана мен Алматыны төңіректейді. Бұл көшіп келген сол жастар үшін де, Үкімет үшін де, қала һәм қала халқы үшін де проблема. Үй саламын дегенге арқасынан қағып: «айналайын, мынау жерің, мынау жарығың, мынау суың» деп неге жағдай жасай алмай жүрміз? Бізде мүлдем кері ғой. Ауылдағы ағайын айтады: «үй салайын деп едім, құжатына 1,5 миллион ақшам кетті» деп. Сөйтіп, бүкіл үй құрылысына деп жинаған ақшасы түгел құжат жинауға, рұқсат алуға кеткен. Бұл не сұмдық?
Дәл осындай пікірді сенатор Қуаныш Айтаханов та ұстанады. Оның айтуынша, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жеке тұрғын үй құрылысына қатысты азаматтарға жер телімдерін беру қағидалары дұрыс реттелмей отыр. «Елімізде ең өзекті мәселе – қолжетімді баспана. Ал оның ең тиімді тұсы жеке тұрғын үй салуға жағдай жасау. Ендеше, жеке тұрғын үй құрылысына азаматтарға жер телімін беру қағидаларын Үкімет бекітеді деп отырмыз. Бұл дұрыс па? Халықтың басындағы ең өзекті проблеманы тікелей заң арқылы шешпей, Үкіметке сілтегеніміз қалай?» дейді Қуаныш Айтаханов.
Қуаныш Айтаханов, сенатор:
– Шындығында біз көптеген мәселенің бәрін заң арқылы шешіп жатырмыз ғой. Алайда, дәл сол жекеменшік тұрғын үйге келгенде, оны Үкімет шешеді деп қойғанбыз заңда. Қай жерге барсақ та, баспана мәселесі алдымыздан шығады. Әсіресе, халқы тығыз орналасқан оңтүстікте жер алып, үй салу үлкен машақат. Есейіп, енші алып жатқан жастардың барар жері жоқ. Үй саламын, отау боламын десе кедергі көп. Айтайын, өткен жылы республика бойынша 3,5 млн. шаршыметр жекеменшік тұрғын үй салынған. Бұл шамамен 20 мың тұрғын үй деген сөз. Ал жеке тұрғын үй салу үшін республика бойынша бүгінгі таңда 1 миллион адам кезекте тұр. Мұндай қарқынмен баспана мәселесін жарты ғасырда да шеше алмасымыз анық. Жарты ғасырда бүгінгі жеткіншектер де азамат болып өседі, кезек одан сайын ұзынсонарға айналады. Ендеше, баспана мүлдем шешілмейтін мәселеге айналғаны ма?

Шындығында, сенаторлар өте орынды мәселені көтеріп отыр. Мемлекет өз күшіммен өзіме үй саламын дегенге барынша қолдау жасаса. Оған Үкіметтің түгі де кетпейді, өйткені жер берілсе болды, үй салуға қатысты қалған қаражат сол азаматтың қалтасынан шығады. Айтпақшы, жеке тұрғын үй құрылысына қатысты арнайы заң бар бізде. Алайда, 1994 жылы қабылданған сол заңның аты болғанымен, еш жұмыс істемейтін құрғақ құжатқа айналған. Есесіне, сол заң арқылы атқарылатын шаралардың бәрі бүгін Үкіметтің тікелей шешетін құзырына беріліп кеткен. Ендеше, заман талабына сай келетін заңның қабылданатын мерзімі де жеткен тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста