Темекіні қоямын деп қатерлі ісікке ұрынбаңыз...

Атам қазақ қалта­сына шақша салып, өз құмарын насыбайдан тапса, кейін келе-келе оны қураған жапырақ – темекіге алмастырды. Одан кейін басқа тебер қорқор келді. Енді көп уақыт өтпей қазақ нарығын электронды темекі – понс-сигарет жаулай бастады.
Рас, қазіргі кезде Қазақстанда темекінің дәурені жүріп тұр. Бұл бизнестің шарық­тағаны сонша – қазір елімізде темекі өнді­ретін сегіз компания болса, соның небәрі біреуі ғана жылына 18 миллиард қорап шылым шығарады екен. Оның үстіне, сырттан 3 миллиард қорап темекі жеткізі­летін көрінеді. ҚР Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің есебі бойынша, жыл сайын те­мекі салдарынан 25 мыңнан астам қа­зақ­стандық көз жұмады. Ал дүниежүзілік есеппен қарасақ, жыл сайын 19 млн адам темекі салдарынан туындайтын әртүрлі аурулардан жапа шегіп, қайтыс болатын көрінеді. Қазір қысықкөз Қытай елі шы­лым­ның жаңа түрі – электронды темекі де­генді ойлап тапты. Алайда бұл өнім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынағынан өтпесе де, қытай­лықтар «бұл темекі шегуді тастауға көмек­теседі» деп жалған жарнама таратып, елді алдарқатып отыр. Ал Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының мамандары «бұл өнім толық зерттеуден өтпегендіктен, оның ел арасында сатылуына тыйым салу керек», – дейді. Тіпті Бразилия, Австралия, Түркия, Норвегия, Еуропа, Канада елдері бұл те­мекіні қолдануға тосқауыл қойған. Алайда қытайлықтар шығарған өнімдерін өзінің сынақ алаңына айналдырып алған – Орталық Азия, оның ішінде Қазақстанға шығарып, жарнамасын күшейтіп сатып отыр. Егер Қазақстан, Орталық Азия елде­рінің халқы бұл өнімді тұтынып, денсау­лықтарына зияны тимесе, онда «қауіпсіз темекі» бүкіл Еуропаның нарығына шыға­тын болады.
Ал еліміздің дәрігер-нарколог маман­дары бұл сынақтан өтпеген өнім болған­дықтан, оның сатылуына, тараты­луына тыйым салу керектігін айтады.
Нұрғали ИМАНБЕРДИЕВ, Республикалық нашақорлықпен күрес ғылыми-тәжірибе орталығының бас дәрігері, нарколог:
– Негізі, интернетті ақтарып отырсаңыз, бұл туралы алыпқашпа әңгімелер өте көп. Алайда бұған байланысты біздің орталықта арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүр­гізілмеген. Сондықтан оның анық-қанығын, адам ағзасына зияндығын нақты айта алмаймын. Себебі біз оның құрамында никотиннен басқа тағы не бар екенін біл­мейміз. Никотинді пропиленгликольдың қою буымен ішке сору қандай нәтиже береді, ол жағы да белгісіз. Дегенмен аме­рикалық ғалымдар электронды темекінің буын зерттеп, оның құрамында қатерлі ісік тудыратын негізгі химикаттың бар екенін анықтаған. Біз алдағы уақытта мұны ғы­лыми тұрғыда толық зерттеп, ресми мә­лімет беретін боламыз. Ал әзірге мұны нақ­ты клиникалық сынақтан өткізбей жа­тып таратып жібергеніміз дұрыс емес.
Электронды темекіні понс-сигарет және е-сигара деп те атайды. Оның түсі кәдімгі темекіге ұқсас, алайда сәл ауырлау және ұзындау келеді. Екі металл түтіктен тұрады. Ортасына батарейка мен никотині бар кар­триж салынады. Оның ішіне арнайы лам­­па орнатқан. Ол темекі тартушының ішке тарт­қанын, буын сыртқа шығарғанын сезі­ніп, сигараны ішке тартқанда лампа жа­нады. Бұл бұйымның бағасы қара ба­зарда 2000 теңгеден, ал электронды дү­кендерде 35 мың теңгеге дейін тұрады.
Электронды темекілер соңғы кездері кеңінен жарнамаланып кетті. Егер сатушы­ларға сенер болсақ, электронды темекілер кәнігі шылым шегушілер үшін денсаулық­тарына зиянсыз ғана емес, тіпті пайдалы кө­рінеді. Оның пайдасы сол – олардың кө­мегімен шылым шегуді оңай қойып кете аласыз.
Бексұлтан, электронды темекі сатушы:
– Маған сеніңіз, кәдімгі шылымға қарағанда понс-сигара қауіпсіздеу. Егер темекі тартатын болсаңыз, осындай шылым тартқан жөн. Өзіңіз сатып алып көріңіз, сонда көзіңіз жетеді. Кәдімгі темекі тұтан­ғанда шығатын иісі де, түтіні де, концеро­гендер де, басқа химиялық элементтер де жоқ. Бізден түрлі құрамдағы никотині бар картриж сатып аласыз да, мөлшерін біртіндеп азайта бересіз. Мұны шеккен кезде жағымсыз иісі болмайды әрі тісті сарғайтып, зиянын тигізбейді.
Ермек, электронды темекіні тұтынушы:
– Мен понс-сигараны жеті жарым мыңға сатып алып, қолданып көрдім. Темекі тартқан кезде ауыздан жағымсыз иіс шығатын. Ал мұнда ондай емес. Өкпең сау болатын секілді. Бірақ бәрібір шын те­мекідей болмайды екен. Қанағаттан­байсың. Темекі тартқышқа темекіні тұтату, оны сорғанда ұшынан қызаруын көру, түтінді рақаттанып шығару, күлін түсіру – мұның барлығы маңызды үдеріс. Тіпті темекінің шоғы фильтрге дейін жетіп, таусылуы да маңызды. Ал понс-сигарада ондай болмайды, сондықтан оны пайдалануды доғарып, бұрынғы темекіме қайта көштім. Электронды шылым темекіні қойдырады дегені өтірік. Батарейка темекіге тәуелділікті жоя алмайды. Оны тек ұшақтарда, сыртқа шығып шегуге болмай­тын кездерде уақытша өзіңді алдау үшін қажет.
Қалай десек те, арнайы дәрігер маман­дардың клиникалық сынағынан өтпей жатып, мұны елімізде сатылымға шығарып жібергеніміз қауіпті емес пе? Қытайдың құрт жемейтін алмасының өзі халқымыз­дың денсаулығына зиянын тигізіп жатқаны аздай, енді электронды темекілердің адам ағзасына басқа да аурулар таратпасына кім кепіл? Америкалық ғалымдар қазірдің өзінде оның қатерлі ісік ауруына алып келетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп отыр. Ал темекі шегушілікті қою электронды шы­лымға байланысты емес, әр адамның өзінің ішкі ерік-жігеріне байланысты жүзеге асады. Темекіні тастау үшін понс-сигарет сатып аламын деп қатерлі ісік ауруын сатып алуыңыз да мүмкін екендігін ескерген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста