Тамыр-таныс арқылы жұмысқа қабылдау үрдісі жойылды

Тамыр-таныс арқылы жұмысқа қабылдау үрдісі жойылды

Мұрат ТАЛДЫБАЕВ, Республикалық ХҚКО мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қалалық филиалы Алатау ауданы бөлімі директорының орынбасары:

– Елімізде 400-ден астам халыққа қызмет көрсету орталығы бар екен. Онда бір орталық 100 мыңнан аса адамға қызмет көрсететін көрінеді. Мысалы, 1,3 млрд тұрғыны бар Үн­діс­танда осындай 87 мыңнан аса орталық бар және оның әрбірі 13-14 мың адамға қызмет көрсетеді. Ал бізде бір орталыққа 100 мыңнан аса адам келеді. Осыдан кейін сапа туралы сөз қозғау қиын емес пе?
– Алатау ауданында 187 мыңға жуық халық тұрады. Бұл – ресми тіркеуде тұрған нақты адамдар саны. Енді аудан жаңадан құрылғаннан кейін, бұл жаққа жан-жақтан келушілер көп. Егер таза санақ жасаса, тіркеусіз жүрген адамдар санын қосса, онда бұл ауданда халық саны 200 мыңнан асып кетеді. Бұл – бір. Екіншіден, қазір мемлекеттің бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйлердің көбі Алатау ауданында жүзеге асырылуда. «Ақ бұлақ», «Саялы» ықшамаудандарында көп қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Орташа есеппен алсақ, бұл ауданға жылына 30 мың адам қоныстанып отыр. Дегенмен қала бойынша ең кішкентай ХҚКО осы Алатау ауданында орналасқан. Алғашқыда біз 55 штатпен жұмыс істедік, ал қазір қызметкерлер саны ұлғаюда. Бүгінгі таңда біздің орталықта 85 адам жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда ХҚКО-да 195 қызмет түрі бар, оның 77 қызмет түрі бойынша өті­ніштер қабылданады. Қоғамдық қол­жетімділік пункті, электронды үкімет порталы бойынша 21 қызмет түрі бар. Оның қазіргі уақытта нақты тоғыз қызмет түрі көрсетілуде. Бас прокуратура бойынша екі қызмет түрі бар, оның қазір біреуі бойынша азаматтардың соттылығы бар-жоғы туралы анықтаманы береміз. Ішкі істер министрлігі бойынша 10 қызмет түрі бар. Қазіргі таңда сегіз қызмет түрін көрсетеміз. Сол секілді Әділет министр­лігінің 75 қызмет түрі, Білім және ғылым министр­лігінің 36 қызмет түрі т.б. ве­домстволардың түрлі қызметтері бойынша азаматтардың өтініштерін қа­былдаймыз. Мұнымен қоса бізге тағы да 37 қызмет түрі қосылуда. Оның ішінде Әділет министр­лігінің – 6, Көлік және коммуникация министрлігінің – 14, Денсаулық сақтау министрлігінің – 3, Қорғаныс министр­лігінің саласы бойынша – 5, Спорт және туризм агент­тігінің – 1, Құрылыс және тұрғын үй ком­муналдық шаруашы­лығы істері агенттігінің – 3, Ұлттық куәландыру орталығының 1 қызмет түр­і беріліп жатыр. Әрине, алдағы уақытта көптеген қызмет түрі қосыла беретін болады. Ол кезде міндетті түрде бізге қосымша штат қажет. Бұл ретте бізге министрлік, комитет тарапынан, рес­публикалық ХҚКО-дан көмектер берілетіні сөзсіз.
– Сіздер кеңесшілерді, инспек­торларды жұмысқа қабылдарда қандай талап қоясыздар? ХҚКО қыз­меткерлерінің кәсіби біліктілігін арт­тыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Қазір ХҚКО жұмысы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағына берілгелі бері көптеген игі бастама қолға алынуда. Бүгінде министрлік тарапынан «Азаматтық альянс» деген тәуелсіз бақылаушылар ұйымы құрылды. Олар әрбір ХҚКО-ға құпия түрде келіп, қарапайым халық секілді мемлекеттік қызмет түрін алып, біздің инспектор­лардың кәсіби біліктілігін анықтау үшін түрлі сұрақ­тар қойып, тіпті әдейі дау шығарып, сынап кө­реді. Олар өз есептерін біз­ге емес, тікелей ми­нистрлікке беріп отырады. Осылайша, әрбір аудан­ның ХҚКО-сы қалай жұмыс істеп отыр­ғаны соған қарап баға­ланады. Бұл ретте мақ­танып айтсақ та болады, сол «Азаматтық альянс» тәуелсіз бақылаушылар ұйымының есебімен Ал­маты қаласы бойынша ХҚКО-лар арасында біздің ауданның жұмысы оң бағаланды. Сондай-ақ қазір министрлікте Мемлекеттік қыз­меттерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы біздегі ХҚКО қызметкерлерінің кор­поративтік мәдениеті мен этикасының ережелерін бекітті. Онда ХҚКО қызмет­керлерінің халықпен қандай қарым-қатынаста болуы керектігі, ұжымдық моральдық-этикалық мінез-құлық нор­­­ма­ларын сақтау, сыпайы сөйлесу – барлығы жазылған. Осы бойынша ай сайын бас­шылықпен бірге әр қызметкердің аталмыш ережені қалай ұстанып отырғаны төңірегінде мониторинг жүргіземіз. Осы ереженің принциптері мен стандарт­тарының орындалуын жүйелі түрде қадағалап отырамыз.
Ал енді қызметкерлерді жұмысқа қабылдау төңірегінде сөз қозғайтын болсақ, оны біз емес, қалалық ХҚКО ұйымдастырады. Егер біздің мекемеде штат бос болса, онда біз оларға ұсыныс жібереміз. Осындай қызмет орны бос тұр, осыған білікті маман керек деген секілді. Қалалық ХҚКО басшылығы байқау жариялап, қала бойынша осыншама штат бос тұр, осыған білікті мамандар қажет деп газеттерде, интернет сайттарында хабар­ландырулар таратады. Көбіне бізде жоғары білімі бар азаматтарға ерекше ықылас білдіріледі. Сосын байқауға осы салада жұмыс істегісі келгендер қатысып, тестілеуден өтеді. Тест ішінде Ата заң, ҚР заңдары, мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің стандарттары, жалпы ХҚКО жұмысы, қызмет этикасы, жем­қорлық түгел қамтылған. Одан үздік балл жинағандар психотесттен өтеді. Осы­лайша, бірнеше сатыдан өтіп барып жұмысқа қабылданады. Бұрын­ғыдай тамыр-таныс арқылы жұмысқа қабылдау үрдісі жойылды, ол мүмкін емес.
– Естуімізше, ХҚКО инспек­тор­ларының алатын айлығы 20 700 теңге екен. Ал халыққа көрсетілетін қызмет түрлері күн сайын артуда. Қалай ойлайсыз, осы мөлшердегі жалақы сіздердің қызметкерлеріңіздің күн­көрісіне жете ме?
– Шынында да, Әділет министрлігінің, жергілікті әкімдіктің қарамағында болғанымызда ХҚКО мемлекеттік мекеме атанып, қызметкерлеріміздің айлық жалақысы өте төмен болды. Қазір Көлік және коммуникацмя министрлігіне өткелі бері біз мемлекеттік мекеме емес, республикалық мемлекеттік кәсіпорын болдық. Былайша айтқанда, өз табы­сымыз­ды өзіміз табамыз. Осыдан кейін қызметкерлердің айлығы екі-үш есеге өсті. Нақты айтсақ, инспекторлар 60 мың мен 80 мың теңгенің аралығында жалақы алады. Қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын ояту үшін қосымша ақы төлеу әдісі де қолға алынуда. Жақын арада «КИПИ-АЙ» жүйесі іске асады. Ол кезде әркімнің айлығы әрқалай болады. Әр қызметкердің өзінің ісіне қарай, еткен еңбегіне байланысты жалақысы көтеріліп отырады. Мәселен, кейбір қызметкер күніне 50 адам қабылдауы мүмкін, ал енді бірі 100 адам қабылдап үлгереді. Әрине, мұндай уақытта көп адамға қызмет көр­сеткен, сапалы жұмыс істеген инспек­тордың ақысы жоғары болуы тиіс. Компьютерлік бағдарлама мұның бар­лығын өзі реттеп отырады. Алдағы уақытта біздің жұмыс осылай тізбектеліп орын­далатын болады. Бұл, бір жағынан, қыз­меткерлердің стимулын, жұмысқа деген ынтасын арттырады.
– ХҚКО-ны Көлік және комму­никация министрлігіне өткізудегі мақсат бұл саланы автоматтандыру һәм инновациялық жаңалықтарды енгізу болатын. Тіпті үйде отырып-ақ, ХҚКО-дан түрлі анықтамаларды алуға болады деген еді. Электронды құжат тапсыру төңірегінде толығырақ айтып беріңізші. ХҚКО-да бұл қаншалықты орындалып отыр?
– Қазір некеге тұру электронды түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қоғамдық қолжетімділік пункті (ҚҚП) аппараты арқылы мұндай қондырғылар кез келген ХҚКО-да, әкімдікте, ірі сауда кешендерінде орналасқан. Егер әрбір азаматтың элек­тронды цифрлық қолтаңбасы бар болса, сол жерден-ақ өзіне қажетті түрлі анық­тамаларды алуына болады. Егер азамат­тардың үйінде интернет қосылған болып, қолында электронды цифрлық қолтаң­басы болса, онда ешқайда шықпай-ақ, ғаламтор арқылы түрлі анықтамаларды алуына мүмкіндік бар. Электронды цифрлық қолтаңбаны кез келген ХҚКО-да отырған Ұлттық куә­лан­дыру орталы­ғының қызмет­керлерінен алуға болады. Олар элек­тронды цифрлық қолтаңбаны аза­маттардың флешкасына немесе дискісіне жазып беріп отырады. Оның үстіне қазір жеке куәлігін ауыстыруға келген азамат «менің жеке куәлігімнің чипіне электронды қолтаңба­ның енгізілуін қалаймын» деп өтініш жазса, онда біз жаңадан берілетін жеке куәлігінің чипіне электронды қол­таңбасын енгізіп береміз. Сонда аза­маттардың үйіндегі компьютер интернетке қосылған болса, жеке куәлігінің чипіндегі электронды қолтаңбамен картридер арқылы өзіне керекті анықтама­ларды алуына болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста