Сырда сең жүрді

Сырда сең жүрді

Қуаныштысы, әзірге дария деңгейі дүйім елге дүрбелең туғыза қойған жоқ. Сең өзен ағысымен баяулап кетіп барады. Мамандар облыс орталығы тұсында мұз кептелісі көрініс беруі мүмкін екендігін айтқан. Болжам расқа шықпады.
Сең Қызылорда қаласы тұсындағы 17 шақырымнан астам өзен бойынан сырғып өте шықты. Бүгінде сең облыстың Жалағаш, Қармақшы аудандары аумағынан өтуде. Соңғы деректерге сүйенсек, бұл аймақтарда да ешқандай қауіп байқала қойған жоқ. Сең енді екі аптадан кейін Қазалы ауданына жетеді деп болжам жасалып отыр. Одан әрі мұз теңізге барып жетеді. Дегенмен мамандар дария бойында қауіп боларлық жерлер бар екенін айтады. Әсіресе Жалағаш ауданы мен Қазалы ауданындағы Басықара елді мекені тұсында төтенше оқиғалар орын алуы мүмкін екенін жасырмайды.
Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дария бойын кірпік қақпастан күзетіп жүр. Оған барлығы 139 адам мен 45 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар әрбір ауданда осыған орай жасақталған адам күші бар.
Дария бойын бақылаған облыс әкімі Болатбек Қуандықов әзірге сеңнің жүруі қалыпты болып жатқанын жеткізді. Қауіпті кезеңге дайындық шаралары өткен жылдан басталды. Қазір дариядағы су өткен жылдан біршама артық. «Шардара» су қоймасынан бүгінгі таңда төменгі бөлікке секундына 1000 текше метр су босатылып жатыр. Ол бұл мөлшерден 150 текше метрге көп болған жағдайда, қызылордалықтар топан судың азабын тартар еді. Бұл орайда Елбасының қолдауымен биыл алғашқы кезегі іске қосылған «Көксарай» су реттегішінің пайдасы орасан екенін айта кеткен артық емес. Осы күні су реттегіш секундына 300 текше метр суды қабылдап жатыр. Ал Қызылорда қаласына секундына 600 текше метрден астам су келуде. Қазірдің өзінде онда 400 млн текше метр су бар. Ол толыққанды кәдеге жарағанда, 3 млрд текше метр суды ұстап тұра алады. «Осылайша, бұрын-соңды Арнасайға есепсіз кеткен жайдақ суды енді өз пайдамызға жаратамыз», – дейді сала мамандары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста