Су қараңғылық ауруы асқынып барады

Асылзат Жансейітқызы ©Абзал Алпысбайулы фото

Елімізде су қараңғылық ауруы бүгінде асқынып тұр. Көз көңілдің айнасы десек кәрі адамдар мен қатар жастардың да су қараңғылық ауруларына тап болу оқиғаларының көбейе бастауына дәрігерлер де алаңдап отыр. Соңғы статистикалық деректерге қарағанда әлемде су қараңғылық ауруына шалдыққан адамдардың жалпы саны 105 миллион адамға жетіп жығылған. Әсіресе, қырық жастан асқан адамдарда, сонымен қатар қазір тіпті жас адамдарда жанарынан айырылғандардың қатары азаймай тұр. Аталған мәселе бойынша біз Көкшетау қаласының Ұлы Отан соғысы және ауған ардагерлеріне арналған емхананың көз дәрігері Асылзат Пазыловамен әңгімелесіп мән-жайды білуге тырысқан едік.

–Асылзат Жансейітқызы, су қараңғылық ауруына тап болғандардың қатары еліміз бен қатар әлемде көбейіп жатқандығы рас. Өзіңіз күнделікті емдеп жүрген көкше жұрты бұл аурумен қаншалықты ауырады?
–Иә, айтуыңыз өте орынды. Қазіргі кезде көз аурулары өкінішке орай еліміздің барлық өңірінде аса жоғары көрсеткішке ие. Тіпті алаңдатарлық деңгейге жеткен. Өзім жұмыс істейтін емханада да су қараңғылық ауруына шалдығып арнайы тізімге енгізілген науқастардың қатары күр өсіп келеді. Мәселен, тек өткен жылы ғана сексен шақты адам су қараңғылық ауруына шалдықса, осы жылдың алғашқы тоқсанындағы есеп бойынша 92 адам тізімге алынған. Елдің барлық аймағымен қатар Көкшетауда да су қараңғылық ауруына шалдыққандардың қатарында ер адамдардың үлесі басым. Соңғы есепке жүгінсек су қараңғылық ауруына шалдыққандардың 65-і ер адам болса, 31-і нәзік жандылар.
–Көз аурулары оның ішінде «Су қараңғылық» науқасына шалдығудың себептері неде? Неліктен көзі көрмейтін адамдардың саны артып отыр?
–Адамға барлық ақпарат көздерінің 75 пайызы көзбен қабылданады. Су қараңғылық ауруы көз ауруларының ішіндегі аса кең таралған аурулардың бірі. Теледидар мен компьютерге көп қараған адамдар өз денсаулығына аса мән бере бермейді. Көбінесе науқастар тек көздері қатты ауырған шақта ғана дәрігерге қаралуға келеді. Ал, глаукоманың негізгі ерекшелігі сол ауырғанын адамдар біле де бермейді. Өйткені, ауру белгілері онша көп бола қоймайды. Ең басты айқын белгісі көздің ішкі қысымының көтеріле бастағанынан дер едім. Қалыпты көзде қысым мөлшері 16-дан 26-ға дейін ғана болуы керек. Бірақ ауруларына мән бермейтіндер көз дәрігерлеріне үнемі қаралып тұруды естен шығарып алады. Еліміздегі соңғы статистикалық деректер де жан түршігерлік. Соңғы отыз жылдың ішінде ғана Қазақстандағы су қараңғылық дертіне шалдығушылардың саны 40 мың адамнан 64 мың адамға дейін өсті. Тіпті, мүгедектікке тап болып көзі жартылай немесе түк көрмейтін зағип жандардың үлесі артып кеткен.
–Расында да, жаға ұстатарлық, тіпті дабыл қағарлықтай жағдай екен. Сонда қандай ауруларға тап болғандарға осы дерт қоса жамылуы мүмкін?
–Қазіргі уақытта дені-қары сау, он екі мүшесі аман болып жүрген адам саусақпен санарлық. Көп адамдар бір науқаспен емделіп жүріп басқа жаман ауруды жұқтырып алып жатады. Ең алдымен су қараңғылық ауруы қант диабеті, гипертония кеселдерімен ауыратын адамдар ұшырауы мүмкін. Ең өкініштісі сол су қараңғылық дерті көп жағдайда тұқым қуалайды. Сондықтан егер Сіздің жақындарыңыз немесе ата-анаңыз су қараңғылық дертімен ауырған болса Сіз де осы ауруға шалдығуыңыз ғажап емес. Сонымен қатар, адамдар екі көзбен қарағандықтан бір көзінің көрмей бастағанын аңғармай қалып жатады. Глаукоманың түрлері де көп. Бір түрі еш белгі боламй адамды біртіндеп ауыр науқасқа тап қылса, ендібіреуі көздің айналасы қызарып, қатты қышитын болады. Сондықтан, ауру белгілері байқалса бірден дереу дәрігерге қаралу қажет. Ал, ең жақсысы дәрігерге әр уақыт келіп қаралып, денсаулығын тексертіп алып отырған артықтық етпейді.
–Көбіне қандай жас шамасындағы адамдар осы науқаспен Сіздің алдыңыздан өтеді?
–Қазір жас шамасы рөл атқармай да барады. Тіпті, жаңа туған жас балаларда да ауру белгілерінің пайда болуы мәселеге біржақты қарамау қажеттігін байқатады. Көбіне қырық жастан асқан адамдардың су қараңғылық ауруына тап болу қаупі жиілейді. Сондықтан, жасы ұлғайған адамдар міндетті түрде көз дәрігерінің қабылдауына жиі көрінуі тиіс.
–Мереке қарсаңында қандай айтар тілегіңіз бар?
–Ардагер аға ұрпақты кел жатқан Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтаймын. Қазір күн санап азайып қатарлары сиреп қалған ардагерлеріміз аман, денсаулығы мықты болса екен деймін. Сондай-ақ, барлық ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Әрқашан Отанымыз тыныш, еліміздің әрбір азаматының денсаулығы мықты болсын деп тілеймін.
–Әңгімеңізге рахмет, істеріңізге табыс тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста