Шетелге бала беру мәжбүрлік пе?

Шетелге бала беру мәжбүрлік пе?

Қазақстандағы жетім балаларға арналған мекемелерде 42 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Олардың тең жарымының ата-анасы жоқ. Сондай-ақ соңғы уақытта аталған мекемелерде  жетімектердің саны артқаны байқалады. Мамандардың айтуынша, тіпті жетімдердің басым көпшілігі өзіміздің қарадомалақтар. Бүгінде елімізде жетім балаларға арналған мекемелердің санын қайтсек азайтамыз деген мәселе тұр.

Қазақ жерінде «Жетімдер үйі» деген атау болмаған. Тіпті, жетім деген біз үшін өте ауыр сөз болатын. Деректерге сүйенсек, мұндай мекемелер біздің елде кеңестік қоғам кезінде пайда бола бастады. Ал ондағы жетімдер саны, әсіресе, Тәуелсіздік алған жылдардан кейін көбейе түсті. Күнде естіп жүргендіктен бе, жоқ, әлде санамыздың өзгергендігі себеп болды ма, қазіргі уақытта біз «жетім» деген сөздің қаншалықты қасіретті, ұлт үшін ұят екенін сезінбей жүргендейміз.

Бала асырап алудың қиындықтары
Кейінгі жылдары елімізде бала асырап алушылардың саны артқаны байқалады. Мәселен, соңғы он жылда Қазақстанда 28 мыңнан астам бала жылы ұясын тауып, қамқоршылардың қолына өткен. Бұл үрдіс әсіресе, Атырау облысында жақсы қолға алына бастады. Бұл өлкенің сәбилері «жетімдер үйі» деген сөзді естімей өсіп келе жатыр. Себебі Атырауда мұндай мекеме атымен жоқ. Кейінгі он жылда осы өлкеден тек жеті бала шетел асып кеткен екен. Дей тұрғанмен, Қазақстанда бала асырап алудың қиындықтары әлі де сезіліп отыр. Біріншіден, біздегі жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің дені – денсаулығында ақауы бар балалар. Олардың арасында тіпті жазылмайтын дерті барлары да кездеседі.

Әрине, мұндай жетімектерді асырап алуға ата-аналардың құлқы болмайды. Екіншіден, біздің заңымыз бойынша, егер жетім баланың бірге туған бауырлары бар болса, оны бөлек асырап алуға рұқсат жоқ. Ал ата-аналардың көбі тек бір баланы қолына алғысы келеді. Үшіншіден, қағазбастылық мәселесі. Бала асырап алғысы келетін адам, одан талап етілетін құжаттарды көргенде, бастапқы ойынан айнып кетеді немесе құжаттарға қол жеткізе алмай діңкесі құриды. Төртіншіден, ата-ана жетімдер үйінде қандай бала бар екенін, олар туралы толық ақпаратты алдын ала біле алмайды. Яғни бізде оны ақпарат құралдары арқылы көрсетуге рұқсат жоқ. Тағы бір қоса кеткіміз келгені, бізде бойдақтардың да бала асырап алуына шектеу қойылған. Ал Қазақстанда, әсіресе, тұрмысқа шыға алмай, жасы келіп қалған қыздар бала асырап алуға мүдделі. Міне, осындай қиындықтардан кейін елімізде бала асырап алу шарасы баяу жүріп келеді.

Ресейде қалай...
Қазақстанда жетім балалардың үстінен пайда көріп, қарын тойдырып отырған азаматтар бар. Бұған негізгі себеп – жоғарыда айтып кеткендей, жетімдер туралы алдын ала берілетін ақпараттың болмауы. Яғни бала асырап алғысы келетін адам ештеңе білмейді. Сондықтан  дені сау бүлдіршінді алу үшін тәрбиешілерге пара ұсынады. Ал енді Ресейдің тәжірибесіне келер болсақ, онда ақпарат еркін. Елдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары қорғансыз қалған балалар туралы күнделікті дерек беріп отырады. Былайша айтқанда, жарнама жасайды. Осындай заң қабылданғаннан кейін Ресейде бала асырап алудың күрт көбейгені белгілі болды. Мәселен, 2004 жылы бұл елден 9419 бала шетел асып кетсе, өз азаматтары тек 7013 баланы асырап алған. Аталған заңды қабылдағаннан кейін 2008 жылы 9048 жетімек өз елінде отбасы тауып, 4125 бала ғана өзге мемлекеттерге кеткен.

Шетелге кеткен шерменде қаракөздер
Осыған дейін өзге ел азаматтарына берілген ТМД балаларына қарсы түрлі зорлық-зомбылықтың жасалғанын естіген едік. Абыройға орай, оның арасында қазақстандық жетімектер болған жоқ. Алайда «сақтықта қорлық жоқ» демекші, жақында еліміз шетелге кеткен қаракөздеріміздің сақтығын, амандығын қамтамасыз ету үшін халықаралық Гаага конвенциясына қол қойды. Яғни енді біз қазақ балаларының шетелде қандай күйде екенін, денсаулық, білім алу деңгейінің қандай екенін елшіліктер арқылы біліп отырамыз. Әрине, бұл – амалсыздан жасалған шара. Әйтпесе тірі жетімдерімізді өзгелерге телміртіп, туған жерден тыс жіберетіндей бізге не көрінді. Онсыз да байларымыз шетелге қашып, жастарымыз Батысқа кетіп жатыр.

Динар НҮКЕТАЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Жетім балалардың арасында сырқаты барлары көп. Оларды өзге елдің азаматтары асырап алғаннан кейін емдетеді. АҚШ-қа барған талай баланың дертінен айығып кеткенін көргенмін.

Айткүл САМАҚОВА, «Нұр Отан» ХДП фракциясы әлеуметтік кеңесінің төрайымы:
– Біз өзімізде емдете алмайтын балаларды ғана шетелге жіберуіміз керек. Ал қалған балаларды өз азаматтарымыздың асырауына беруіміз қажет. Солай ғана қазақ жерінде жетімдер үйлерін жоямыз.

Соңғы он жылда сегіз мыңнан астам қазақстандық бала өзге елдің азаматтарына берілген. Мамандардың есептеуінше, бұл сан жылдан- жылға арта бермек. Себебі Батыс елдері, әсіресе Азия елдерінен бала асырап алуға құмар көрінеді. Оларға Орталық Азияның белді мемлекеті – Қазақстанның аты тіпті жақсы таныс. Ал біздің атқамінерлер заңды өзгертіп, шетелге бала жіберуді тоқтатуға асығар емес. Олар бұл іске баруға мәжбүр екендерін айтып ақталады.

Бүгінде Қазақстанда денсаулығына байланысты отбасылардың 15 пайызы бала сүйе алмай отыр. Демек, олар перзент асырап алуға толықтай дайын.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста